Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы: құрылымы мен ұстанымдары

Досанбаева Г.И

«Қайнар» академиясы

магистранты

Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы: құрылымы мен ұстанымдары

 

         Мақалада лексикографияның типологиялық және жанрлық түрлері арасында айрықша орын алатын сала – тарихи лексикография саласы екендігі. Оның өзіндік құрылымы мен мазмұнына сәйкес теориясының қалыптасып, дамығанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Тарихи лексикографияның теория жүзінде қарастырылуы жалпы лексикографияның теориялық мәселелерімен ғана емес, теориялық және практикалық тіл білімінің тарихи лексикология, тіл тарихы, этимология салалары бойынша қол жеткен жетістіктерімен де байланысты.

Түйін сөздер: мәтінмен жұмыс, тілдесім әрекеттері, сөздікпен жұмыс, диалог құру, тіл дамыту, сөздік қорды молайту.

Историческая лексикография казахского языка: структура и принципы

Досанбаев Г.И

Магистрант Академии «Кайнар»

В статье отмечается, что область, занимающая особое место среди типологических и жанровых типов лексикографии, – это область исторической лексикографии. Не так много времени прошло с тех пор, как его теория сформировалась и развивалась в соответствии с его собственной структурой и содержанием. Теоретическое рассмотрение исторической лексикографии связано не только с теоретическими проблемами общей лексикографии, но и с достижениями теоретического и практического языкознания в области исторической лексикологии, истории языка, этимологии.

Ключевые слова: текстовая работа, диалогическая деятельность, словарная работа, диалог, развитие языка, развитие словарного запаса.

 

Historical lexicography of the Kazakh language: structure and principles

Dosanbayeva G.I

undergraduate of the Academy “Kainar”

 

 

The article notes that the area that occupies a special place among typological and genre types of lexicography is the area of historical lexicography. Not much time has passed since his theory was formed and developed in accordance with his own structure and content. Theoretical consideration of historical lexicography is connected not only with the theoretical problems of General lexicography, but also with the achievements of theoretical and practical linguistics in the field of historical lexicology, language history, etymology.

Keywords: text work, dialogue activities, dictionary work, dialogue, language development, vocabulary development

Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы – мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің тарихи негіздерін танытуға қызмет ететін ғылым саласы.

Тарихи лексикография саласының ғылыми негізде дамуы үшін қажетті алғышарттардың бірі – Отандық және әлемдік лексикографияның озық тәжірибелерін, лексикографияның теориялық тұжырымдарын ескере отырып, тарихи бағыттағы сөздіктердің жасалу ұстанымдарын анықтау.

Сөздік – бөлшіктерден тұратын, бөлікке бөліп қабылдауды талап ететін жүйелі, күрделі құрылымды шығарма.

Лексикографияның дамуына әр дәуірдің философиялық консепциялары да әсер етіп отырды. ХIХ ғасырдағы эволюционистік теория түсіндірме сөздіктердегі тарихи аспектіні бекіте түсіп, тарихи тіл білімінің гүлденуіне ықпал етті. ХХ ғасырда лексикография лексикология, тіл тарихы, сөзжасам, стилистика саласындағы лингвистикалық зерттеулер үшін жаңа мәнге ие болып,этимологиялық, тарихи, жиілік сөзіктердің, жазушы тілі т.б. сөздіктердің жасалуымен сипатталды.

Теориялық лексикография ғылым ретінде ХХғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Сөздіктердің бірінші ғылыми типологиясын,бірінші теориялық жіктелімін 1940 жылы кеңес ғалымы Л. В. Щерба «Опыт общей теории лексикографии» атты еңбегінде жасады (6.88).

Лексикографиялық еңбектердің ақпараттық мәліметі мол және мәдени құндылығы жоғары болады. Лексикография пәні сөздіктер жасаудың теориясы және практикасымен айналысады. Практикалық лексикография тілді ғылыми тұрғыдан зерттеп, қоғамдық маңызды қызметтер атқарды. Теориялық лексикография сөздіктің макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау, сөзтізбенің көлемі мен сипаты, материалдарды орналастыру қағидалары) және микроқұрылымы (сөздік мақаланың құрылымы, сөздік анықтаманың түрлері, сөз туралы әртүрлі ақпараттардың қатысы, тілдік деректеме материалдардың түрлері т.б.) зерттеу, сөздіктердің типологиясын жасау, лексикография тарихын зерделеу тәрізді кешенді мәселелерді қамтиды. Лексикографияның нәтижелерін көптеген ғылым салалары пайдаланады. Әрбір сөздік мақаладағы ақпарат үлкен зерттеу жұмысының нәтижесі болып табылады (7.89).

Лексикограф оқулықтың авторы секілді өз атынан сөйлемейді, ол қоғам мен жеке адам арасын жалғастырушы, яғни тілдің ұжымдық жеткізушісі. Лексикограф – ұжымдық білімді жеткізуші кәсіби маман.

Лексикографияның негізгі бірлігі – сөз. Егерде грамматика, лексикология, семасиология және стилистика өздерінің ұстанымдарын дәлелдеу үшін жекелеген мысалдар арқылы дәйек келтірсе, лексикография сипаттайтын ғылым ретінде тілдің барлық сөздік құрамын көрсетеді. Сондықтан басқа лингвистикалық пәндер толық ауқымда қамти алмайтын тілдің сөздік құрамын лексикография өзіндік ерекшеліктерімен қамти отырып, лексикография теориясының маңызды бір бөлігін құрайды. Бұдан шығудың практикалық жолы кез келген лексикографиялық жоба үшін сөзтізбенің ғылыми негіздемесін жасау болып табылады.

Сөздіктер қоғамдық қажеттіліктен туындайды. Лексикографияның практикасы лексикографияның теориясынан бұрын қалыптасып, сөздіктер тіл білімінен бұрын пайда болған. Лексикография теориясының жеке сала болуы оның лексикография тарихы және практикасымен өзара байланыста болуымен, қоғамдық ғылымдарға тән сипатта көрінді. Белгілі бір елдегі практикалық лексикографияның дамуына нақты тарихи талдау және лексикографияның дамуына нақты тарихи талдау және лексикографияның белгілі бір кезеңдегі тіл білімі, философия, дүниетаныммен байланыста қарау осы саланың теориялық негіздерін құрайды.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндесек, лексикография жеке лингвистикалық пән ретінде өзінің мәдени-тарихи (филологиялық), әлеуметтік-семиотикалық, әлеуметтік-психологиялық және логика-кибернетикалық сипаттағы теориялық мәселелері бар ғылым саласы.

Тарихи бағыттағы сөздіктер іс жүзінде ежелгі дәуір, орта ғасырлардан бері қолданыс тапқанымен, оның теориясының қалыптасып,дамығанына көп уақыт өте қойған жоқ. Теория жүзінде қарастырылуы жалпы лексикографияның теориялық мәселелерімен тығыз байланыста болды.

Соңғы уақытта тарихи лексикографияның теориясы мен практикасы перифериялық аймақтан орталыққа ауысып, әр тілдің тарихына қатысты жалпы лингвистикалық күрделі мәселелерді шешумен айналысуда. Қазір ғылымда қалыптасқан жағдай бойынша, көптеген жалпы теориялық мәселелердің шешім табуы тарихи бағыттағы үлкен кешенді лексикографиялық ұйымдардың жұмысына тәуелді болып отыр. Г. А. Богатова тарихи бағыттағы сөздіктерді былайша бөледі: 1) этимологиялық немесе тарихи-этимологиялық; 2) тарихи; 3) диалектологиялы сөздіктер

Тарихи бағыттағы сөздіктер

 

 

 

Тарихи сөздік

Диалектологиялық сөздік

Этимологиялық сөздік

Лексикалық құрамның тарихымен айналысатын аты аталған үш лексикографиялық бағыттың, үш жанрдың сөз тарихын жан-жақты тұтастай қарастырып, кең тілдік ая мен сөз тарихын барынша кеңейтіп «оқуға» бірлесе күш салу қажеттігі туындайды.

Этимологиялық лексикография сөздің құрылымы мен генетикалық тарихына үңіле, тереңірек қарайтын, өзіндік қалыптасқан тәсілдері бар көне дәстүрлерімен келе жатқан жанр.

Диалектологиялық лексикография тілдегі жергілікті лексиканың тарихы, оның ауызша түрі мен лексика-семантикалық процеске әсері жайындағы мәселелермен айналысады.

Тарихи лексикография сөз тарихын жазба тіл кезеңдері тұрғысынан қарастыруымен шектеледі. Тарихи лексикография жалпыфилологиялық сөздіктерде сөз беруде жазу мен тілдегі сөздің қызмет ету аясының заттық-семантикалық тәсіліненазар аударады. Сөздің жазбаша түрі әртүрлі тарихи еңбектерден, сөздіктерден алынады. Олар сөзді әр қырынан, сөздің фонетикалық және графикалық бейнесі, парадигмалық тұлғалардың дамуы, семантикалық даму процестерін қарауға мүмкіндік береді.

Қазақ тілінің тарихи лексикографиясының сызбасын былай көрсетуге болады:

Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы

 

Тарихи сөздік

 

 

Дерек көздер

 

Тарихи бағыттағы сөздіктер

 

Сөз тарихы туралы ғылыми-тәжірибелік зерттеулер

 

Тарихи картотекалық қор

 

Жазба ескерткіштер

 

 

Этимологиялық сөздік

 

 

Диалектологиялық сөздік

 

Кезеңдер бойынша жасалған тарихи сөздік

 

Жазушы тілінің сөздігі

 

Ғылыми теориялық зерттеулер

Тарихи сөздіктің дереккөздеріне бұрынғы шыққан сөздіктер және жалпы бағыттағы сөздіктер тарихи картотекалық қор, тарихи-лексикологиялық ізденістер, ғылыми-тарихи зерттеулер, сөз тарихы бойынша аналитикалық басылымдар мен жарияланымдар, мұрағат материалдары т.б. кіреді.

Тарихи лексикография – қазақ тіл білімінде бұрын арнайы зерттелмеген салалардың бірі. Мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің тарихи негіздерін анықтау мақсатындатарихи сөздік құрамды жүйелеп, жинақтау, оның кешенді ғылыми сипаттамасын жасау ісінің болашағы тарихи лексикографиялық зерттеулермен тікелей байланысты (2.59).

Тарихи лексикография теориясы қазақ тілінің этимологиялық, тарихи-диалектологиялық, тарихи бағыттағы сөздіктерін жасау тәжірибесінде ғылыми-теориялық негіздеме ретінде қызмет етіп, оларды жетілдіруге мүмкіншілік береді.

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан ғылыми-ақпараттық кеңістіктің өркендеуімен байланысты лексикография саласының кемелденуі тарихи лексикография саласының да қарқындап дамуына әсер етуде. Сонымен бірге қазіргі лексикографияның ғылыми деңгейіне сәйкес қазақ тіл біліміндегі тарихи лексикографияның да мақсат-міндеттерін, құрылымдық ерекшеліктерін, ұстанымдық негіздерін айқындау қажет болды (8.92).

Этимологиялық тарихи, диалектологиялық сөздіктер тарихи лексиканы мәдени-әлеуметтік тұрғыдан зерттеп, оның қоғамдық мәнін ашып танытады. Осымен байланысты тарихи тілдік деректердің бір көзі ретінде тарихи диалектологияның мәні ерекше.Тарихи сөздікті жасаушы кез келген сөздікші өзін өткен дәуірдің адамдарды жинақтаған таным-білімін, олардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, адамдарды қоршаған әлем мен адамзаттың барлық өмірі өтіп жатқан сахнаның алдында отырғандай сезінеді. Осыған орай тарихи-лексикологиялық зерттеулер, сөздің тарихы – тарихи лексикографияның қалыптасуының негізгі факторы. Тарихи лексикография – тілдің тарихы негіздерін айғақтайтын ғылым саласы.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

  • Морковкин В.В. Об объеме и содержании понятия «теоретическая лексикография» // Вопросы языкознания. – Москва, 1987. – № 6. – С.4-8.
  • Малбақов М.М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 367 б.
  • Арнольд И.В. Лексикология современного английского языка. – Москва, 1959. – 351 с.
  • Денисов П.Н. Практика, история и теория лексикографии в их единстве и взаимообусловленности // Проблемы учебной лексикографии и обучения лексике. – Москва: Русский язык, 1978. – С. 25-33.
  • Большой энциклопедический словарь. Языкознание. – Москва, 1998. – 685 c.
  • Мұсаева Ж.О. Қазақ лексикографиясында қолданылатын атаулардың метатілдік табиғаты. Филолог.ғыл.канд… диссер. 10.02.02 – қазақ тілі. –Алматы, 2006. –125 б.
  • Тұрарбеков З. Сөз арқауы – сөздік // Білім және еңбек. – Алматы, 1973. – №7. – 24-25 бб.
  • Сыздықова Р. Қазақ лексикографиясының дамуындағы орыс ғалымдары мен авторларының қызметі // ҒА Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы. – Алматы, 1975. – №1 (5). – 3-9 бб.