Тұрақты даму мақсаттары негізінде аштықпен күресудің құқықтық мәселелері

Азаматтық құқық және

                                                                                            азаматтық іс жүргізу,

 еңбек құқығы кафедрасының

 аға оқытушылары

Алдашев С.М.,

Худайбердина Г.А.,

Карашева Ж.Т.

 

Тұрақты даму мақсаттары негізінде аштықпен күресудің

құқықтық мәселелері

 

2023 жылдың 13 қарашасында сағат 12.00-де азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында «Аштықты жою» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинарға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, сонымен қатар студенттер, магистранттар, докторанттар белсенді қатысты.

Іс-шараның мақсаты қатысушыларды аштық мәселесі бойынша өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму жағдайында ғылыми білім мен тәжірибе алмасу алаңын құру болды. Кафедра студенттер мен оқытушыларды осы әлеуметтік мәселені шешуге белсенді қатысуға ынталандыруға ұмтылды.

Аштықты жою – БҰҰ-ның барлық ұйымдары қолдайтын Біріккен Ұлттар Ұйымының 17 Тұрақты даму мақсаттарының екіншісі. Дүние жүзіндегі үкіметтерге, жеке компанияларға және азаматтарға 2030 жылға қарай кедейлік пен аштықты тоқтатудан бастап, осы 17 мақсатқа жету үшін көп жұмыс істеуге тура келеді.

Ғылыми семинарда баяндама жасалды. Баяндаушы – Худайбердина Г.А. аштықпен күрестің негізгі мәселелеріне тоқталды, статистикалық мәліметтерді талдау және әртүрлі аймақтардағы аштықты жоюдың сәтті тәжірибесін талқылай отырып презентациясын ұсынды.

Семинарға қатысушылар өз пікірлерін білдіруге, сұрақтар қоюға және топтық талқылауларға белсенді қатысуға мүмкіндік алды. Баяндаушы аштықпен күресте құқықтық тәсілдерінің рөліне ерекше тоқталды. Семинарға қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұрақты ауыл шаруашылығы жүйелерін құру үшін қандай құқықтық құралдарды қолдануға болатынын қарастырды.

Семинар нәтижелерді қорытындылаумен және негізгі ұсыныстарды көрсетумен аяқталды. Тұрақты дамудың іргелі элементі ретінде аштықты тоқтату процесінде білім беру мен білім алмасудың маңыздылығы атап өтілді. Семинарға қатысушылар алған білімдерін кәсіби және азаматтық қызметінде белсенді пайдаланады деген сенім білдірді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері азаматтық белсенділікті және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуды дамытуға ниетті екенін растады. «Аштықты жою» ғылыми семинары білім арқылы тұрақты және әділ қоғам құру жолындағы кезеңдердің бірі ғана болды.Аштықты жою– бұл жай ғана іс-шара емес, бұл жаһандық аштық мәселесіне қарсы күресте студенттер мен оқытушыларды тәрбиелеуге және шабыттандыруға бағытталған алға қадам. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 мемлекет алға қойған мақсат орындалады деген сенімдеміз.