Қазақ-Түркімен бір туған, Бірлігіміз жарасқан!

 

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының

 аға оқытушысы ф.ғ.к., Ә. Байелі

Абай ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері

Б. Даутова., А. Кенжеқожаева

 

 

 

ҚазақТүркімен бір туған,

Бірлігіміз жарасқан!

 

 

 

 

Қазақстан достық пен келісім аумағы болды

және болып та қала береді. Біздің ұранымыз:

сан алуандықтағы бірлік.

Осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттар,

этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады.

 

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

 

          Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының https://www.kaznu.kz/ru/8589/page/ және университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Бірлігіміз жарасқан!» атты әдеби-танымдық кеші күн мен түн теңелетін көктем мерекесі «Наурыз» аясында ұйымдастырылды. Әдеби-танымдық кештің мақсаты – қазақ және түрікмен халықтарының салт-дәстүрі мен мәдениетінен ақпарат беріп, ұлттар достығын нығайтуға үлес қосу. Өз дәстүрімізді сақтай отырып, өзге ұлттың мәдениеті мен салтын, рухани ерекшеліктерін тану студенттердің дүниетанымын, білімін кеңейтетіні анық. Кеш барысында қос халықтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді, әндер айтылды, ұлттық билер орындалды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының, түрікменнің атақты ақыны Фраги Мақтымқұлының өлеңдерін студенттер жатқа оқыды.

 

Кеш соңында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі PhD доктор М.М. Аймагамбетова келген қонақтарға шексіз алғысын білдіріп, кештің қызықты өтуіне атсалысқан жауапты оқытушыларға, студенттерге және қазақ өнерін паш еткен өнерпаздарға рақметін айтты. Кеш соңында қадірлі қонақтарға Абай ғылыми-зерттеу институының директоры, профессор Ж. Дәдебаевтың басшылығымен жарық көрген «Абайдың Кісілік кодексі» сыйға тартылды.

 

Кеш қонақтары: Г.А. Аннакулиева – Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, Алматы қалалық Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығының басшысы,  UIB доценті, МАИН академигі, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иесі; К. Махпиров – Алматы қаласындағы «Тұран дүниесі» түркітілдес халықтар мәдениеті қорының директоры;          О. Абдулкарим – Алматы қалалық Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы басшысының орынбасары; Д. Кыдырбекулы – саяси ғылымдар докторы, профессор; Н. Буранбаев – Алматы қалалық Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығының мүшесі; Д. Касымбекова – Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы Мәдениет үйінің басшысы және бір топ өнерпаздар.

 

 

 

 

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының

 аға оқытушысы ф.ғ.к., Ә. Байелі

Абай ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері

Б. Даутова., А. Кенжеқожаева