Адам және қоғам

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының

                                                                                               аға оқытушысы;               

                                                                                               Ерхан Кәрбозов,

             Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының доценті

 

 

 

  Адам және қоғам

 

ҚазҰУ-дың филология факультетінде қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы  кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың себебі мен салдары» тақырыбында студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған онлайн кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – құқықтық тәрбиенің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, жас буынның адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ете отырып, құқықтық тәрбие беру. Осы мақсатымызды жүзеге асыру үшін аталмыш жиынға ҚР ішкі істер органдарының ардагері, полиция полковнигі  Советхан Тілеубаевты құрметті қонақ ретінде арнайы шақырдық. Ардагер полковник студенттер мен магистранттарға бүгінде қоғамдық ортада әбден қалыптасқан тәртіп сақтаудың қолданыстағы жалпы ережелеріне  тоқталып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  жұмысындағы жауапкершілік жайын  сөз етті. Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың конституциялық құқығын қорғау және сақтау заң қызметкерлерінің абыройлы міндеті болып есептелетіні мәлім. Сондықтан студенттер қауымы қандай да бір заңсыз әрекеттердің куәсі болған жағдайда ішкі істер қызметкерлерінің көмегіне  жүгінгені жөн екені айтылды. Сонымен бірге кейбір қоғамдық  орындарда көрініс тауып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу үшін жүргізіліп жатқан шаралар жайынан да мол мағлұмат беріп, студенттермен ақпарат алмасты.

 

 

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының

                                                                                               аға оқытушысы;               

Ерхан Кәрбозов,

             Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті