әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
заң факультетінің оқытушылары:
Алдашев С.М., Худайбердина Г.А.
Әлеуметтік Кодекстің негізгі мақсаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйек «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік салаға басты назар аударып, әлеуметтік қамсыздандыру саласы көптеген заңдармен және заңға сәйкес ондаған құқықтық актілермен реттелетіндігін және бұл реттеу ісінің күрделенуіне және жүйесіздігіне әкеп соқтырды. Соның салдарынан мемлекет жауапкершілігі айқындалмай, азаматтар өз құқықтарын жете түсінбей жүр атап көрсеткен болатын. Әлеуметтік Кодекстің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығы мен сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіріу мақсатында жаңадан Әлеуметтік Кодекс қабылданып (2023 жылдың 1 шілдесінен күшіне енді), осы негізде әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы біртектес қоғамдық қатынастарды жетілдіру және құқықтық реттеу болашақта әлеуметтік салада мемлекетіміздің негізгі бағыттары мен даму жолдарын айқындалған. Әлеуметтік саласында негізгі заңнамаларды қалыптастыру бірінші кезекте қабылданған Әлеуметтік Кодекстің біртектес қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталғандығын байқауға болады.
Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы заңнамаларды біржүйеге кодификациялау негізінде Әлеуметтік Кодекстің негізгі мақсаты мен міндеттері айқындалды.Әлеуметтік Кодекстің негізгі бағыттары азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қауіпті біріктіретін институттардан және осы саладағы проблемаларды шешу мақсатында жаңадан құқықтық тұрғыдан реттелетін біртектес қоғамдық қатынастарды қалыптастыруы тиіс.
Әлеуметтік саясат мемлекеттің әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне, олардың өмірін жақсартуға, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмір салтын жетілдіруге байланысты әлеуметтік топтар арасындағы, жалпы қоғам мен оның мүшелері арасындағы қатынастарды реттейтін жалпы ішкі саясатының бір бөлігі болып табылады.Әлеуметтік кодекс әлеуметтік құқықтық қатынастарды реттеу негіздерін белгілеуге, азаматтардың Қазақстан Республикасының Қонституциясы мен заңдарда бекітілген әлеуметтік құқықтарын және оларды іске асыру тетігін бекітуге, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы қатынастарға қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындауға және азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтарының туындау негіздерін, жүзеге асырылуы, өзгеру мен қорғау тәртібін реттеуге бағытталған. Әлеуметтік Кодекс ерекше бөлімі әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жекелеген институттарына – бұл зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік өтемақы, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру және көмек, атаулы нысаналы көмек, жұмыспен қамту және жұмыссыздарға беріліетін жәрдемақы, жұмысқа орналыстару туралы арнайы институттарды біріктіру арқылы негізделген. Әлеуметтік Кодекстің әрбір тарауында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін белгілеу, сондай-ақ оның элементтерін әлеуметтік қамсыздандырудың тиісті түріне құқығы бар азаматтардың санаттары, тағайындау шарттары, анықтау, белгілеу, есептеу, тағайындалу мөлшері мен мерзімі, төлеу тәртібін анықталып көрсетілген.
Әлеуметтік Кодексті қабылдағаннан кейін негізгі мақсаты мен міндеттері :
-қолданыстағы әлеуметтік заңнамаларды кодификациялау және қолданыстағы заңнамаларды біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жүйеге келтіру:
-әлеуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі институттарын біріктіру:
-әлеуметтік қамсыздандырудың қолданыстағы төленетін материалдық төлемдер мен әлеуметтік көмектердің нақты түрлерін анықтау,есептеу,тағайындау және төлем мөлшерін көрсету:
ТДМ-2030 1) азаматтардың өмір сапасын арттыруға, 2) мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, 3) экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді жинағы болып табылады. ТДМ 2030 жылға дейін жетуге тиіс 17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға байланысты 169 міндеттерден және 242 индикатордан тұрады. ТДМ үш компонентті біріктіру арқылы тұрақты дамуға жетуіне жәрдемдесуге тиіс: 1) экономикалық, 2) әлеуметтік, 3) экологиялық.
Әлеуметтік Кодекстің қабылдануының негізгі мақсаты- әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және дамыту, атап айтқанда, заңдар мен нормативтік құқықтық актіліерді халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкестендіру, отбасын, ана мен баланы қолдауды дамыту, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, арнаулы әлеуметтік жүйесінде көмек менеджменттің тиімділігін, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі мен кәсіби деңгейін арттыру,республикада әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу практикасын енгізу, қызметтердің сапасын және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру шараларының тиімділігін арттыру болып табылады.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
заң факультетінің оқытушылары:
Алдашев С.М., Худайбердина Г.А.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.