Абай ғылыми-зерттеу институтының
оқытушысы
Даутова Б.Д.
АБАЙ ҒЗИ-ДА ӨТКЕН ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ САБАҚ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ-дың ұйымдастыруымен «АБАЙ ІЛІМІ» пәні бойынша медицина және денсаулық сақтау факультетінде «Абай ілімі – рухани құндылықтар жүйесі» тақырыбында әдеби-танымдық дәріс-сабақ өтті. Дәріске «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 1-курс қазақ және орыс тобы, «Дене шынықтыру» мамандығының шетелдік студенттері қатысты.
Сабақтың кіріспе сөзін доцент Мұсалы Ләйла Жұматайқызы бастап, студенттерге Абай ҒЗИ-дың веб-сайтын таныстырып, Абай ілімінің мәні мен маңызын, пәннің мақсатын, жүйесін баяндады. ҚДСЖМ директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Даниярова Анар Бахыткерейқызы студенттерге сәттілік тілеп, Абай ілімі пәнінің кез келген мамандыққа қажетті, тәрбиесі мен берер білімі мол пән екенін атап өтті.
«Абай ілімі» пәнін оқу, түсіну арқылы студенттер ақынның шығармашылығымен танысып қана қоймай, өздерінің тұлғалық, кәсіби құзіреттерін дамытатындығы даусыз. Олар ұлы ақынның төл туындыларын, өзге тілге аударылған шығармаларын оқыды. Сабақта Абай өлеңдері қазақтың ұлттық күйлерімен көмкеріліп оқылды, Абайдың «Кісілік кодексі» мен қара сөздері бойынша қысқа сахналық қойылымдар көрсетілді, Абай әндері шырқалды. Әдеби-танымдық сабаққа қатысқан әр студент, әр оқытушы жанына рухани азық жинап, ерекше әсер алды. Қорытындыда қатысушылардың білімін тексеру мақсатында студенттер 3 топқа бөлініп, Абайдың өмірбаяны, шығармашылығы, ілімі, даналығы, мұрасы тақырыптарында викториналық сұрақтарға жауап берді. Медицина және денсаулық сақтау факультетінің ҚДСЖМ директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Фариза Баймурзаева және аға кураторы Гулбану Арынова ұйымдастырушыларға және студенттерге жылы лебіздерін білдірді. Сабақ соңы хормен айтылған Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнінің әсем әуезімен аяқталды. Ф.ғ.к., доцент Алдабек Нұргүл мен Абай ҒЗИ оқытушысы Алма Кенжеқожаева сабақты қорытып, қатысушыларға алғыс білдірді.
Абай ғылыми-зерттеу институтының
оқытушысы
Даутова Б.Д.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.