Түрі: Ел-арна газеті

 

Жолданған уақыты: 10:38 – 2017/01/04

Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы

Tote jazu nuskasi
Өлген адамға өлім тілеген әл-фараби атындағы

қазұу-дың прөректөрі

ш.жәмәнбәләевә мен с.медеубекүлі

 – Жұктеұ – Скачать – ءتۇسىرۋ

ОНСЫЗ ДА КӨЗ ЖҰМҒАНЫНА КӨП БОЛҒАН ,
ОНСЫЗ ДА ӨЛГЕН АДАМҒА ӨЛІМ ТІЛЕГЕН
әл-Фраби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры Шолпан ЖАМАНБАЛАЕВА және журфак деканы Сағатбек Медеубекұлы КІМ?
Сөздің қысқасын айтқанда жоғарыдағы проректор Ш. Жаманбалаева журфактың «мәңгілік» деканы Сағатбекұлымен келісе отырып, марқұм профессор Марат Барманқұлов атындағы студияны жапқан болып, ректорат жанына алып, мақұм Мәкеңнің атын өшіртіп, суретін жұлып алып тастатып, өздері жеке телестудияның қызығын көріп жатқан көрінеді. Адам пайда түспейтін жерге жоламайды. «Мәңгілік» декан Сағатбек Медеубекұлы да, проректор Шолпан Жаманбалаева да аруақтан аттап, мұндай қадамға неге барды екен?

Атақ па, пайда ма?
Меніңше, пайда!.. 

         …Ғалия ана, күні бойы жылаумен болды. Бала дүниеге келді. Қуаныш қой…
-Жұрт қой, қарағым, сүтің қайтып кетеді, балаң аман болса, оқытасың, өсіресің, азамат болып ержетер- деп басу айтып жатыр. Неге жыламасын? Осыдан 10 күн бұрын “Халық жауы” деп куйеуін атып тастады. “Жау”, “Халық жауы”!  Тумай жатып, онсыз да бақытсыз жас сәби “Халық жауының баласы” болып шыға келді…
…Сәби Марат, бала Марат, жігіт Марат , қандай қиындыққа да мойымай ержетті, азамат болып, оқуын бітірді. Кондитаттығын, докторлығын қорғап, профессорлық деңгейге дейін көтерілді. Кафедра меңгерушісі, журналистика факультетінің деканы, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторының орынбасары Ғалым Марат Карібайұлы атанды.
Барманқұлов-Танкин өз университетінде жүріп көптеген оқулықтар жазды, ғылыми тарихи кітаптар дүниеге әкелді. Телерадио журналистика кафедрасының меңгерушісін сол тұстағы одақ ғалымдары білетін еді. Факультет ғалымдарымен ақылдаса отырып, оқу процесіне жаңа көзқарас пен лаборатория ашты, теле-радио журналистика кафедрасыңын студентері осы лабораторияда тәжірибе сабағынан дәріс алсын,кейін қызметке барғанда тосырқамасын, барынша радионын, телеарнаның қыр-сырын біліп барсын деген ой еді…Бұл факультет, одан әрі, университеттің алғы шарты еді
Бір жылдары “ТАҢ” телекомпаниясының сол тұстағы бастығы Л. Бекетова Барманқұлов студиясына “құда түсуге” келді. Жаңа ашылған телекомпания ол әлі Храпуновқа тимеген кезі болатұғын.
Марат Кәрібайұлының бірінші сұрағы:
-Студенттерге не беред бұл компания?
-Хабар түсіруге қатысады, сценарийлерін бізге көрсетіп, дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
-Ал техника жағы қалай?
-Техникаға студенттерді жолатпаймыз, бұл қымбат техникалар, бәленбай мың долларға алғанбыз!
-Сонда қалай студент камера ұстап көрмесе, монтаждауды білмесе, микрофонның қыр-сырын көрмесе, пәленбей дубл жасап үйренбесе, ПТС-пен жұмыс істеп көру керек қой, оның өзі 1, 2, 3, 4 камералы деп бөлінеді, оның қай кезде қалай тиімді пайдалану керектігін уйренбесе, студенттерден ұят емес пе, сол себепті сіздермен бірігіп жұмыс істей алмаймыз. Қош сау болыңыздар,- деп шығарып салған.
Лабораторияның студенттер үшін қызмет істеуіне ғалым ағамыз көп күш жұмсады. Жаңа пәндер еңгізді, бұл пәндер лабораторияның бар мүмкіншіліктерін пайдалану еді. «Қазақстан» телеарнасынан эфирге шығып тұрды. «Таңшолпан» бағдарламасына университет студенттері сюжеттер дайындап эфирге беріп тұрды. Студенттердің «САНА» телебағдармасы республикалық арнадан эфирге шығып тұрды.
Марат ағамыздың тарихи кітаптар жазып, оны шығарып тұруы – менің авторлық “Түрік даналары” телебағдарламама ғылыми жетекшілік істеген кезге дәл тұспа –тұс келді. қазақ телевизиясының тарихында тұңғыш рет барша түрік халықтарынан шыққан ұлы тұлғалар жөнінде «Түрік даналары» атты тізбекті авторлық телебағдарламаны сонау 90-шы жылдардың ортасында дүниеге келгені бүгіндері аңыз сияқты. Әрі хабарға қатысып тұрды. Барша түрік халқының өткен тарихын, олардан шыққан ұлы тұлғалар жайлы тың мағлұматтар берді, басқасын айтпағанда, бүгінгі өскелең жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге өлшеусіз ұлес қосқан еді .Бұл – өз алдына бөлек әңгіме.
1998 жылы сол кездегі Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, түрікшіл азамат Құртұлыш Тәшкент пен оның мәдениет жөніндегі орынбасары Аладдин Қорқмаз осы «Түрік даналары» телебағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Жұмаш Кенебайды Түркияға арнайы шақырып, Осман империясының 700 жылдығына байланысты телебағдарламалар жасауға мүмкіндік тудырды. Сол жолы ол жаққа баруға тек қана операторға ғана орын бар болатын. Белгілі профессор еш намыстанбастан қатардағы оператор болуға қуана келісімін бергені бүгінгідей көз алдымда.
Ойлап қараңызшы, республикаға, шетелге танымал үлкен ғалымның қатардағы оператор болуға келісім беруін не деп бағалауға болады?. Бұл – ең алдымен профессор Марат Барманқұловтың өз ұлты үшін қандай тәуекелге де әзір екенін көрсетсе керек. Ия, марқұм Марат Барманқұлов өте қарапайым азамат еді ғой.
Үнемі қызық сюжеттер тауып, түсіріп жататын. Дем алу дегенді білмейтін. Түркияның батыстағы Едірне қаласынан Оңтүстіктегі Кония қаласына дейінгі аралықты машинамен аралап, ара қона жүріп, сол жолы мол материял жинадық. Сондағы оператор ретіндегі профессор Марат Барманқұлов сіңірген еңбекті ештеңемен өлшеуге болмас еді. Мұндай еңбекқор, мұндай білімді, мұндай қарапайым адамды мен өмірімде кездестірмеген едім. Кейін Түркиядан келген соң профессор Марат Барманқұлов сол сапар жайлы, түрік халықтарының ортақ тарихы турасында «Хрустальные мечты тюрков» деген көлемді кітап жазды…
Қайтейік, қайран Мәкең, профессор Марат Барманқұлов, ұлтымыздың маңдайына сыймай кеткен асыл азаматымыз еді ғой.
…Естеріңізді болса, 1986 жылғы желтоқсанның 17-де түнгі сағат үште ҚазҰУ-ге Мәскеуден СОКП-ның жауапты қызметкері Соломенцев келіп, жиналыс өткізгені. Ол жиналысқа Қазақстандағы белгілі жоғары шенділер, ректорлардан бастап, декандар қатысты. Соломенцев пен оның хатшысы оқу орнын жабамыз деп қоқан-лоққы көрсеткен еді. Сонда бәрі үндемей отырғанда, Барманқұлов орнынан тұрып, сөз сөйледі:
-Қазақ университеті болғаннан кейін бұнда қазақ оқымағанда, кім оқиды?- деп, қасқайып тұрып ащы шындықты тура олардың бетіне айтып салғаны есте. Сол тұстағы қызыл империя құдайларының отырғанына қарамай, біздің Марат Барманқұлов, осындай ерлікке барғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Бүгіндері бұл туралы ешкімнің айтқысы келмейді, ұмыттырғысы келеді.
Желтоқсан кезіндегі билікке ашық қарсы Зимановтың айтқаны бұдан кейін болған, ал Ж.Молдағәлиев пен С.Шәймерденов бұдан 3 ай өткен соң, Г.В. Колбиннің алдында айтқаны рас. Орыстілді болған соң, біз жаны орыс деп ойлап жүрген Барманқұлов сол кезде Соломенцевтің алдында рухы күшті қазақ екенін дәлелдеді.Осы оқиғаны осы кездесуде болған азаматтан естідім. Алла бізге қанша ғұмыр берді, сонша өмір сүреміз. Марат Кәрібайұлы да ерте кетті.

Журналистика факультеті ұстаздары, студенттері Мәкең қазасына қабырғалары қайысып, қатты қайғырғанын кім білмейді?

Университет басшылары өзіне алтын ұясы болған, телерадиожурналистика кафедрасын өзі ашқан, өзі құрған студияға лабораторияға М.К.Барманқұлов атын берді.

    Рахмет дейміз !
   Бірақ, аруақтан қорықпайтын Ш. Жаманбалаева деген бас болып, профессор Марат Барманқұлов атындағы студияда лекция өтпеуі тиіс деп, арнайы шешім қабылдап, бірден тәжірибе шеберлік сабақтары да алынып тасталды. Ол-ол ма, Мәкеңнін суретін лақтыртп тастаған. Сыртта ілулі тұратын «.К.Барманқұлов атыныағы телестудия» деген тақтайша белгі де жұлынып тасталған, оның орнында, шұлғаудың үлкендігіндей бір нәрсе ілініп, орнынын білдіртпеу үшін жауып қойған.
Бұл барып тұрған масқара және аруақты қорлау болып табылмай ма? Осы жағдайды қалай түсінуге болады? Кафедра ұстаздары ана адаммен қатты сөзге келіп, сабақ кестесін өзгертулерін талап еткен. Бұл оқиға студенттер арасында да сөз болған екен. Ақша төлейміз, техникаға жолатпайды, өз жұмыстарын істеп отырады, тойларды монтаждайды, өздері бейне клип түсіруме айналысатын көрінеді, бүгінде. Тапсырманы арқашан Жаманбалаева беретін көрінеді, студия бос емес.
«Жаманбалаева,өз командасымен журфактан кетсін!- дейді студенттер,-студиямызды кафедраға қайтарсын! Басқа тілегіміз жоқ!»-дейді аталмыш факультет студенттер. Неге бұлай?
Әлде республика білім және ғылым министріне құлаққағыс па, бұл?
Бұл оқу орнында студенттер мен ұстаздар зарына құлақ асатын бір пенде бар ма өзі?..
Журфак деканы Сағатбек Медеубекұлы мен проректор Шолпан Жаманбалаева тым құрығанда аруақтан неге аттады, оларды осындай сұмдық та өрескел қадамға кім және не итермеледі?
Журфактың жанындағы М. Барманқұлов телестудиясын тартып алып, бұлар соншалықты байып кетті ме? Әлде басқа көздеген мақсаттары болды ма?
Ш. Жаманбалаеваны білмеймін, ана «мәңгілік» декан Сағатбек Медеубекұлы кешегі марқұм Барманқұловтың шәкірті емес пе еді? Бұлар өлген адамның аруағымен алысып, не барқадам табайын деп отыр?

Жұмаш Көкбөрі,
марқұм Марат Барманқұловтың шәкірті әрі
ол кісі ғылыми жетекшісі болған «Түрік даналары»
авторлық телебағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болған
байырғы тележурналист. 

НравитсяЕще реакцииКомментарийПоделиться
8 Сарсенбай Қалибек, Ерлат Ақантай и еще 6
Комментарии
Imanbaeva Lyazzat
Imanbaeva Lyazzat Осы сіздің жан айқайыңызды студенттерге деген қамқорлығыңызды түсінетін бір жан табылса екен аға .Біз асыққанмен Алла асықпай олардың əлі алдына келтірер .Қазір ақшасы көптің заманы болып кеттіау .М Барманқұлов ағамыздың жаны жəннəта болғай .

Нравится · Ответить · 1 · 19 ч
Жұмаш Кенебай
Жұмаш Кенебай Ләззат, қолдағаның үшін рақмет!

Нравится · Ответить · 1 · 19 ч
Колганат Нуржаубайулы
Колганат Нуржаубайулы Нағыз ұятсыздар екен, студент-жастар алып күш, олардың оқу орнынан кетуін талап етулері керек. Көзін ақша тескен мұндайлар (оқытушы дей алмаймын) жастарға дұрыс білім, тәлім-тәрбие бере алмасы xақ. Әруақ атсын!

04.01.2017 жыл,
сәрсенбі,

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.com/oku_kk.php?tur=11&id=1735

ماقالانىڭ كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.com/m/oku_kk.php?id=1735#ixzz4UlXa70vf
ەل-ارنا كەسكىندەر ايماعى: http://www.elarna.com/video.php