Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған — Әбілқайыр хан

 

 

Керімсал Жұбатқанов

Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті

«Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі

 

 

Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған — Әбілқайыр хан

                        Қазақ хандығының тарихында ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүзді басқарған Әбілқайыр ханың үлкен үлесі бар. 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілген кезде осы адамның портреті 50 теңге номиналына орналастырылды.

Мұның бәрі кездейсоқ емес еді. Кіші Жүзді хан ретінде ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында басқарып, 1731 жылы Кіші жүздің Ресей империясына қосылуын рәсімдеді. Мұхаммед Әбілқайыр Ғази Бахадур Хан Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болған еді, ол қиын және әділетсіз ХҮІІІ ғасырда өмір сүрді.

ШоқанУәлиханов қазақ халқының жағдайын сипаттап: «ХҮІІІ ғасырдың алғашқы онжылдығында қырғыз халқының (қазақ халқы деп аталатын) өмірінде ауыр уақыт болып еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтар, Жайық орыс-казак және башқұрттар (қазақтарға) түрлі бағыттардан шабуыл жасап, мал-мүлкін жойып, тұтас отбасыларымен тұтқынға алды».

«ХҮІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығы саяси тұрғыда бөлшектелген ел болды. Мұнда үш жүз бар еді, олар өз кезегінде бірнеше кішкентай хандықтардан тұрды. Ел феодалдық қақтығыстардан ажырады. Әр түрлі сұлтан топтары қазақ даласында жоғарғы билік үшін және жақсы жайылымдар үшін күрес жүргізді. Сұлтандардың билігі мен сепаратизміне қарсы күресте ХҮІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығы сыртқы басқыншылыққа ұшырады», — деп жазды Ш. Уәлиханов.

Ең қорқынышты жоңғарлық сыртқы қатері болды. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістан (қазіргі Батыс Қытай) аумағында 1635 жылы құрылған еді. Сондай-ақ, қазақ хандығы сияқты, көшпенді болды. Көшпелі мал шаруашылығының дамуға байланысты жайылым жерді тұрақты кеңейту керек еді. Сонымен байланысты жоңғарлардың қазақ даласында шапқыншылығы басталды. Жоңғар хандығы Жоғары Билеушісі басқаратын, қуатты орталықтандырылған мемлекеттік, яғни, абсолютті билігі бар көшпенді монархия еді. Қазақ хандығында әскері қажет кезде жиналатын, ал жоңғарда тұрақты әскер болған. Сыртқы шабуылдар мен ішкі дау-дамайлардан бүлінген және жойылатын қазақ халқы сол кездегі үлкен апаттар мен қиыншылықтарды бастан кешірді.

Кіші Жүздің ханы Әбілқайыр жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының азаттық соғысын ұйымдастыру мен жүргізуге белсене араласты. 1710 жылы жазда Каракұмдағы бүкіл ел жиналысында қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып сайланды. Оның басшылығымен қазақтар Ташкент, Түркістан, Сайрам шаһарларды қорғап шықты. 1718 жылы Әбілқайыр хан, 30 мыңға жуық армияның басында Кайып ханмен бірге Аягөздегі жоңғарлармен шайқасты. Осы уақытқа дейін ол Ресейлік билік өкілдерімен алғашқы қарым-қатынастарын жасап үлгерген еді, сонымен қатар, Сібір губернаторларымен Жоңғарияға қарсы әскери-саяси одақ құру туралы келіссөздер жүргізіп көрген-ді.

Әбілқайыр хан осы уақытқа дейін тәжірибелі мемлекет қайраткері және батыл әскери қолбасшы ретінде танымал болды, сондықтан 1726 жылы Ордабасыда жалпы қазақ бірлескен әскерлерін басқару Әбілқайырға бірауыздан сеніп тапсырылды.

Бүкіл үш жүзден құралған қазақ әскерінің басшысы Әбілқайыр ол кезде бар болғаны 33 жаста болатын, ол жауынгерлік қарулы күштерді құру және қазақ халқын жоңғарлардың басқыншыларын азат етуге бар күшін салды. 1728 жылы Ұлытауда, Қарасиыр жерінде, Бұланты өзенінің маңында, қазақ әскерлері басқыншыларға қатты соққы берді. Жоңғар әскерлерінің жеңілмейтіні туралы миф жоққа шығарылды.

1730 жылдың көктемінде Балқаш маңындағы Ит-ішпес ауданында Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақ әскері қайтадан жоңғарларға қатты соққы берді. Осы шайқас жоңғар және қазақ хандығы арасындағы 100 жылдық соғысқа түбегейлі өзгеріс (қазақ үшін) жасады.

Сол кезде Болат хан (Ұлы Жүздің ханы) қайтыс болады және билікке үміткерлер арасында күрес күшейді. Саяси дәстүр бойынша, ұлы сұлтан хандарының өкілі бүкіл қазақ ханы сайлануға тиіс болатын, Осыны ескере отырып, Әбілмәмбет хан сайланады. Кіші жүздің Әбілқайыр ханы жас сұлтандардың әулетінің өкілі болғандықтан, қазақ әскерлерінің қолбасшысы қызметінен кетті. Осылай Кіші жүзге өзінің әскерлермен оралады.

Бұл үшін Әбілқайырды айыптауға болады, бірақ ұмытпаңыздар, ол Шыңғыс ханның әулетінің үрпағы ретінде сондай іс-әрекетке барған.

Көп ұзамай  Ұлы Жүз Орта жүзбен бірлісіп күресуді жалғастырды. Ал төрт тараптан Кіші Жүзге Еділ қалмақтар, Жайық орыс-казактары, башқұрт мен Хиуалықтар күн берген жоқ. Кіші Жүз тұрғындары қатты қысымнан зардап шекті.

Осылайша, жоңғар шабуылынан кейін қазақ хандығының ішіндегі жағдай күрделі және апатты болды. Жетісудағы бай жайылымдарынан айырылып, қазақтар материалдық және адамдық шығындарға ұшырады. Қазақстан аумағындағы ғасырлар бойы көшіп-қону жолдары бұзылды. Жоңғарлардың Қазақ ру-тайпаларының батыс және солтүстік-батыс шекараларына, Еділ мен Жайық арасындағы қоныс аудару мәселені қиындатып жіберді, Ресей субъектілері болып табылатын Жайық орыс-казактары мен қалмақтарымен тұрақты қақтығыстар туғызды.

Қазақ хандығының батыс шекарасында бейбітшілікке қол жеткізу қазақ билеушілерінің негізгі сыртқы саяси мақсаттарының бірі болды. Барлық күштерімізді жоңғарлармен күресуге толық ауыстыру өте қажет болды.

Бұл аса маңызды жағдай Кіші жүзінің геосаяси және саяси жағдайын қайта қарау қажет екенін аңғартты. ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде Ресеймен (басшылық еткен І Петрдің кезінде) қарым-қатынас орнату өте қажет болды. Ол кезде Ресей — Еуразия құрлығының жетекші күштерінің бірі болды. ХҮІІІ ғасырда көптеген империялық мемлекеттер құрылды: британдық, француз, австро-венгр, қытай, орыс және т.б. Бұл қатыгез уақыт кез-келген аз халықтарды ұлы державаларға бағынуға әкелді немесе жоғалып кетті (Жоңғария мысалын қараңыз).

1731 жылы 10 қазанда Кіші жүздің қазақ ақсақалдарының кездесуінде Әбілқайыр хан, Бүкенбай, Есет, Құдай-Назар және тағы Кіші Жүздің 27 басқа қазақ феодалдары Ресейге ерікті түрде қосылу туралы құжатқа қол қойды.

Әбілқайыр хан осындай саяси қадамы арқылы солтүстік көршісінің әскери күштерін жоңғарға қарсы қоюды көздеді және оның көмегімен барлық қазақтарды жоңғар басқыншыларынан құтқарамын деген ойы болды. Мұның сыртында ол өз хандық билігін нығайтуды да ойлады. Әбілқайыр орталықтандырылған қазақ мемлекетінің құрылуы тек қазақ халқына аман-есен өмір сүруге көмектесетінін жақсы білді. Бірақ, Ресей саясаты Кіші жүздің ханы — Әбілқайыр ханның мықты билігіне қарсы бағытталған еді.

Соған қарамастан, Әбілқайыр хан қазақтың жалпы ұлттық мүдделерінен шыққан және туған халқына тыныш және бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етуге тырысты. Әбілқайыр ханның саяси және стратегиялық таңдауы кез-келген ірі саяси және мемлекет қайраткері үшін күрделі халықаралық саяси жағдайды уақытында қозғалту, тұтастай ақылды және конструктивті геосаясатты және тұтастай алғанда саясатты жүргізу, достар мен одақтастар табу үшін қаншалықты маңызды екендігін тағы да дәлелдейді.

Ал бүгінгі күні біздің еліміз , оның көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жақын және алыс шет елдерге қатысты ақылды және конструктивті саясат жүргізіп келеді. Ең алдымен Ресеймен байланысымызды абайлап жүргізуге тырысады. Яғни, Кіші жүздің Әбілқайыр ханының өмірлік жоспарын біздің Елбасы жүзеге асырды.

Осылайша, Кіші жүздің Әбілқайыр ханы ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлы мемлекеттік және саяси қазақ қайраткері. Ол біздің Қазақстанымыздың бүгінгі өмір сүруінің негізін қалады. ХҮІІІ ғасырдағы күрделі және қатал кезеңде өз халқының және елінің болашақ дамуына стратегиялық, саяси және адамдық таңдау жасай білді. Сол үшін де Әбілқайыр ханның тарихи-саяси бейнесіне тереңірек бойлауға тиіспіз!

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті

«Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі

Abai.kz