Әлеуметтік желілер — Қазақстандағы туризмді дамыту құралы

 

Сапанов С.Ж.

ҚазҰУ, шығыстану

факультетінің  профессоры, т.ғ.д.

Қойбақова А.С.

 ҚазҰУ, шығыстану

факультетінің  аға оқытушысы

Сартова А.

ҚазҰУ, шығыстану

факультетінің студенті

 

Әлеуметтік желілер Қазақстандағы туризмді дамыту құралы

Бүгінгі жаһандану заманында ғаламтор біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып кетті. Ғаламтор төрткүл дүние ақпаратының сақтаушысы, хабар таратушы, қарым-қатынас құралы ретінде қызмет атқаратыны мәлім. Алайда, ғаламторды, соның ішінде әлеуметтік желілерді, жаңа қырынан пайдалануға да болады. Яғни, туризмді дамытушы жарнамалық құрал ретінде. Осылайша, біз қарапайым әлеуметтік желіні тұтынушылар арқылы Қазақстанды өзге елдерге таныстырып, мемлекетімізге келуші туристтер санын арттыра аламыз. Расымен де, Қазақстанда шыңын мәңгі қар басқан таулар мен мұздықтар да, құмды бархандар мен көк шалғынды табиғат ландшафтары да бар. Еліміздің табиғат ландшафтарының алуантүрлілігі белсенді демалыстың түрлі формаларына мүмкіншілік жасайды. Қазақстанда сонымен қатар, таңғажайып жерлер де, ұланғайыр территория, тарихи және мәдени мұра, игерілмеген жабайы табиғат  та бар. Алайда, туристік секторда оларға деген сұраныс жоқтың қасы. Себебі, мұндай жерлер көпшілікке беймәлім болып қала береді. Сондықтан, елдегі туризмді дамыту үшін бізге еліміздің имиджін қалыптастыру қажет. Осы тұрғыда, әлеуметтік желілерді жарнамалық қырынан пайдалану арқылы аталмыш мақсатқа қол жеткізе аламыз. Демек, біздің ұсынып отырған идеямыздың негізі: әлеуметтік желіні тұтынушы әрбір қолданушы күнделікті интернетке еліміздің көрікті, әрі таңғажайып жерлерінің суретін жүктесе, онда әлемнің өзге нүктесіндегі әлеуметтік желіні қолданушы суретті көргеннен кейін оның қызығушылығы оянып, сол керемет көріністі өз көзімен көргісі келеді. Яғни, мүмкіндік туғанда бірден біздің елге келгісі келеді. Мысалы: Instagram желісі арқылы «#kazakhstan», «#natureofkazakhstan» хештегтері арқылы  сурет жүктесе, оны әлемде миллиондаған интернет қолданушылары көреді. Бұл арқылы біздің мемлекетіміздің имиджі көтеріліп, белсенді туристтер арасында қызығушылық тудырып, болашақта олардың Қазақстанға аяқ басын тіреуіне себепші болады. Осындай ізгілікті істі еліміздің үздік оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттері бастап өзгелерге үлгі болса игі еді. Мәселен, ҚазҰУ-де 20 мың студент білім алуда. Демек, әрбір ҚазҰУ-лық студент әлеуметтік желілерге Қазақстанның әсем жерлері түсірілген фотосуретті жүктеп, фотосуреттің астына сипаттамасын жазып қоятын болса, онда, әр айда орта есеппен 15-17 мың сурет арқылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жүздеген миллион адам Қазақстан жайлы хабардар бола алады. Осылайша, тек ҚазҰУ студенттері жылдық есеп көлемімен шамамен 150-170 мың туристтің келуіне себепші болар еді.                                        Қорытындылай келе, әлеуметтік желілер Қазақстандағы туризмді дамыту құралы ретінде қызмет атқара алады.     Бұл тұрғыда тек дұрыс бағытталған идеология, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім қажет. Осы үш негізге ие болған кез келген әлеуметтік желі қолданушысы өз елінің өзге мемлекеттерге танымал болып, мәртебесін үстемдетуге өз үлесін қосады деген пікірдеміз. Еліміздің болашағын бірге құруымыз қажет!

 

Сапанов С.Ж.

ҚазҰУ, шығыстану факультетінің  профессоры, т.ғ.д.

Қойбақова А.С.

ҚазҰУ, шығыстану факультетінің  аға оқытушысы

Сартова А.

ҚазҰУ, шығыстану факультетінің студенті