Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің заңгер мамандарды даярлаудағы ролі мен тарихы

Ермухаметова С.Р.

Алдашев С.М.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің заңгер мамандарды даярлаудағы ролі мен тарихы

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы – Қазақстанның көне классикалық оғары оқу орнының бір бөлшегі. Жақында ғана университет 80-жылдық мерейтойын атап өтті және ол мерейтойға кафедраның үлесі орасан зор.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі орталықтарының бірі болып қалыптасты және бұл университет қарамағындағы барлық факультеттерге қатысты.

Кафедра факультеттің өміріміен, ал факультет университет өмірімен тығыз байланысты, оның тарихымен байланысты. 1934 жылдың 15 қаңтар – КСРО Ұлттық Комиссарларының Кеңесі және большевиктердің жалпы одақтық коммунистік партиясының Қазақ өлкелік комитеті  қаулысымен педагогикалық институттың базасында құрылған Қазақ мемлекеттік университетінің ресми ашылған күні. Осы жылдың 2 желтоқсанында ҚазМУ-не әйгілі кеңестік партия және мемлекеттік қызметкері С.М.Киров есімі берілді [1]. Осы кезде, 1934 жылдың қаңтарында физика-математика және биология факультеттеріне алғашқы қабылдау емтихандары өткізілді, қыркүйекте – химия факультетіне. 1937 жылы алғашқы гуманитарлық факультет – шетел тілдері факультеті, бір жылдан кейін – филология факультеті ашылды. 1941 жылдың мамырында университетке Қазақ коммунистік журналистика институтының қосылуы нәтижесінде журналистика факультеті ашылды [1].

Ауыр соғыс жылдары аяқталғаннан кейін  жаңа факультеттер ашыла бастады. 1947 жылдың тамызында география факультеті қалыптасты, 1949 жылы – философия және экономика факультеттері ашылды. 1955 жылы Алма-Аты заң институтының қосылуы нәтижесінде заң факультеті ашылды [2].

1991 жылдан бастап университет атақты ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби атында, ал 1993 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылдың 9 қаңтарындағы «әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мәртебесі туралы» №1059 Қаулысына сәйкес, автономды өздігінен басқарылатын мемлекеттік ЖОО мәртебесіне ие болды және Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті деп атала бастады. Кадрларды дайындаудың халықаралық талаптарын енгізу мен жаңа ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға алғашқы қадамдар жасалды – бұл «бакалавриат-магистратура» екі сатылы дайындық жүйесіне өту және университет құрамында ҒЗИ мен технологиялық паркті құру болды. 2000 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен автономды мемлекеттік жоғары оқу орны ретінде «Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ерекше мәртебесі туралы Ереже бекітілді [3]. Ал 2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғарғы оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне ұлттық университет ерекше мәртебесі берілді [3].

2003 жылдың 16 қыркүйегінде Болонья қаласында (Италия) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Осылайша, ол Қазақстан мен Орталық Азия ЖОО арасында бірінші болып Орталық-Азия аймағы университеттерінің әлемдік білім беру кеңістігіне тәжірибелік енуіне жол салды.

2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығы лауреатындағы мемлекет тарихындағы алғашқы ЖОО болды.

2008 жылдың қарашасында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Bureau Veritas certification француз сертификация органының аккредитациясыннан табысты өткендігін атап кеткен жөн.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары, соның ішінде заңгерлік білім берудің қолбасшысы болып табылады. Заңгерлерді дайындау – ең маңызды мемлекеттік бағдарламалардың бірі, оны шешу Қазақстанның жетекші оқу орындарының қатарына және де ең алдымен өз құрылымында Республиканың ең көне заң факультеті бар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне жүктелген.

Қазақстан Республикасындағы заңгерлік білім беру дамуының тарихы, сөзсіз, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетімен байланыстырылады. Біз қызмет етіп отырған азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы факультеттің негізгі кафедраларының бірі болып саналды. Бұл кафедра 1938 жылы Алма – Атылық заң институтының құрамында, ал кейінірек, 1955 жылы заң факультетіне айналды. Бұл кафедра барлық азаматтық – құқықтық цикл мен еңбек құқығының білім беру үдерісін қамтамасыз етіп отырды. Кафедрада елімізден тыс жерде атақтары шыққан М.А. Ваксберг, Г.В. Степаненко, А.И. Беспалова – Тимахович, Ю.Г.Басин, М.К. Сулейменов, Б.Б. Базарбаев, А.Г. Диденко, Ә.Е.Бектұрғанов. И.В.Амирханова және т.б. атты ғалым заңгерлер қызмет атқарды. Бүгінгі күні кафедраны профессор С.Т.Тыныбеков  басқарып отыр. Азаматтық құқықтың Қазақстандық мектебі кеңес ғылымында өз орнын тапты. Қазіргі кезеңде кафедраның күрделі ғылыми потенциалы бар. ҚазҰУ Заң факультеті құрамындағы кафедрамыз үлкен білім беру, ғылыми, инновациялық әлеуетке ие. Қазақстандағы заңгерлік білімнің 80 жылдық даму тарихы ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті, кафедрамыз заңгерлік білімнің іргетасы болды, болып келеді және болашақта да бола бермек.

 

Әдебиеттер:

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шежіресі: — 3 т. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
  2. Қазақ кеңес энциклопедиясы//Бас редактор Козыбаев М.К. – Алма-Аты, 1963.
  3. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті//Мәтін құрастырушылары мен авторлары: К.Н. Нарибаев, А.Б. Дербисалиев және басқалары. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 1994. – 79 б.
  4. Ермухаметова С.Р.Алдашев С.М.