Әмір МОЛДАБЕКОВ,
Халықаралық ЮНЕСКО
сыйлығының иегері, ұстаз
«Мәди қайығының» аты аңызға айналған
Атасы Мәди күш-қайраты мол, мығым, төртбақ денелі, қайратты адам болатын.
Қарапайым тірлігімен еліне, ауылдастарына жаққан. Адал еңбегімен кешегі Ұлы Отан
соғысы кезінде тылда жүріп, майданға өз үлесін қосқан колхоз еңбеккері. Каспий теңізіне
шығып, сол кезде не моторы, не ескегі жоқ қара қайықпен желкен көтеріп, ау салып,
балықпен ауылын асыраған, тонналап майданға балық жөнелткен.
Мотор болмағандықтан да, желкен көтеріп, қос парызбен жүретін. Құдай тағала сыйға
берген қара күшінің, қайратының арқасында ол басқарған қайық пен ішіндегі
балықшылар талай қауіп қатерден өтіп, ауылына аман оралып отырған. Буырқанған көк
теңізге ашықтан ашық шығуға екінің бірінің жүрегі дауаламаған. Сол көзсіз ерлік
қимылдары үшін де сол кездері «Меди қайығының» аты аңызға айналған. Өмірінің
соңына дейін (87 жасында қайтыс болған) орықпен шөп орып, бел жазбай еңбек еткен
жан. Сол еңбекқорлығын кейінгі ұрпағына мирас етіп қалдырды. Ата көрген оқ жонар,
шеше көрген тон пішер демекші. Ал Сансызбай бала кезіңен Каспийдін үш метрлік толқындармен арпалысып, ашық теңізге шығып балықшылар мен талай қауіп қатерден өтіп шыныққан еді.Ол еңбекқорлығымен бірбеткейлігінің арқасында бүгінде қазақтың білім шаңырағы әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаздары сапында.
Университет қабырғасында жүріп сөз өнерінің зергері З. Қабдоловтан, журналистиканың негізін қалаушылар Т. Амандосов, Т.Қожакеев, Ә. Ыдырысовтардан тәлім алды, қаламын ұштады. 1994 жылы ҚазМУ-дың аспирантурасына түсіп, ғылымға бет қояды, оны ойдағыдай тәмамдап, 2005 жылы 10.01.02 – әдебиет мамандығы бойынша «З. Рүстемовтің әдеби мұрасы» атты тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғап, репрессияға ұшыраған журналист, қаламгерлер туралы
зерттеп, ұстазы Т. Қожакеевтің «Көксеңгірлер» ғылыми еңбегін одан әрі дамытты.
Репрессияға ұшыраған алаш зиялыларын ақтауға, әдебиетімізде түркілік рухтың көрінуіне
ғылыми жағынан өзіндік үлесін қосты.
Аудитория іші абыр сабыр, жас устаз студенттер жайғасып болсын дегендей тақта алдында тұрдыда лекциясын бастап кетті .Жұмекен ақын былай дейді:
Парыз десе атан – түйе тәрізді ек.
Менде ғана қалған –сынды бар ізгі от:
Әлі – әлі әлдекімге,асығыс
Шығатұғын секілдімін дәрі іздеп.
Өтелмеген бір парызым бар анық:
Табан тесіп.
Сирағымды жара ғып
Әлдекімге мен,әйтеуір,
Аалқынып
Келе жатқан сықылдымын дәрі алып.
Өйткені,
Әлі мені күтіп жатқан тәрізді,
Екі дүние ортасында әлде кім.
Өздерін білетін боларсыздар Темірхан Медетбек ақынды .Жұмекен Нажімеденов
«Күй кітабын» жазды дей келе,Күй тіліндесөйлеп тұрған ұлтының зары мен шерін , мұңы мен наласын,қайғы мен қасыретін өлең тілінде сөйлеткісі келді.Құрманғазылар заманыңдағы отарлық тепкі мен Кеңес Одағы кезіндегі отарлық астамшылықтың бір –бірінен түк айырмашылығы жоқекен ұқты.Айырмашылығы – үстаріндегі киімдерінде.Ол замандағы адамдарүстеріне күпі меншекпен киіп құл болған, албүгінгі адамдар галустік тағып,кастюмкиіп құл болып жүр .Барайырмашылығы осы Ал зорлық – сол зорлық. Қиянат- сол қиянат.
Жұлдыздар тұр суық күліп,
Суық,жылтыр жанарымен.
Дүние тұр бұйықтырып,
Қарауытқан қабағымен.
Бұл қай заманың көөрінісі .Яғни Құрманғазы заманын айта отырып,өзі өмір сүрген қатал қоғамның дақас-қабағының суретін салған.
Ағай ағай деп қолын көтере орнынан тұрыған студент ос Жұмекен ақының қанша өленің жатқа білесіз? Бір сабақта оқып талдап таусалмаймыз ,келесі сабақтарға қалдырайық дедіде лекциясын
айақтады. Сансызбай Мәдиев 2000 жылы Қазақтың Ұлттық университетінің
ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Оның баспагерлік,
кәсіби шеберлік қабілеті дәл осы кезде жарқырай көрінгені анық. ҚазҰУ-дың
70 жылдығына арналған танымдық энциклопедия, университет
жылнамасының 3 томдығы, т.б еңбектер Сансызбайдың бас
редакторлығымен жарық көрді. Сонымен қатар журналистика факультетінде,
осы факультеттің тұңғыш деканы, қазақ журналистикасының теориялық
негізін салған Тауман Амандосов аудиториясының ашылуына Мәдиевтің
қосқан үлесі орасан. Шешім шығарудан бастап, іші-сыртын жабдықтауда
оның қолтаңбасы сайрап жатыр.
Қутірліктің құйтырқы былығынан аулақ, иесін далаға тастап кетпейтін
жорық тұлпарындай сенімді әрі уәдеге берік Сансызбай өлкеміздің аса
талантты перзенттері Салық Зиманов, Зейнолла Қабдолов, Жұмекен
Нәжімеденов, Зейнолла Серікқалиев, Қадыр Мырза Әли, Хамит Ерғалиев,
Марат Ысқақов, Әбу Сәрсенбаев т.б. отбасыларымен, көзі тірі кездерінде
өздерімен тығыз байланыста болып, оларды ел есінде қалдыруға айта
қаларлықтай қолғабыс етті. Әсіресе, Ж.Нәжімеденов мұраларын, З.Серікқалиевтің М.Ысқақовтың шығармаларын жинастырып, бастарын
қарайтуда Сансызбай біраз еңбек сіңірді. 2008 жылдан бастап көне түркі жазба ескерткіштерін оқу-зерттеу орталығының директоры.
Ол 20-дан астам ғылыми, 100-ден астам публицистикалық мақалалар, «Дәуір
тарланы», «Бақытқа барар жолда», «Бес мүшел белесінде», «Алтын ұя», «Қасым хан» атты
кітаптардың, «Зиябек ақын мұрасы» атты монографияның, екі оқулық авторы. «Әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ жылнамасы (І, ІІ, ІІІ том)» жауапты шығарушысы. Ғылым
көкжиегінде: ғылыми-көпшілік жинақ 2005-2006 (қазақша, орысша), Хабаршы-Вестник
сияқты ғылыми-жинақ, журналдың жауапты хатшысы болды.
ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің Құрмет
грамота, алғыс хаттарымен, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80 жыл», Әл-Фараби атындағы
«ҚазҰУ Ерен еңбегі»; ҚР «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен
марапатталған.
Оның ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы оқу
орнында қызмет істеген ұстаз-ғалымдардың, түлектердің еңбектерін кейінгі ұрпаққа үлгі
ететін «Өнегелі өмір» аты кітап сериясы ашылып, жарық көре бастады. Қазіргі таңда бұл
серияның бірнеше томдығы, Т. Тәжібаев, Т. Дарханбаевтардың көп томдықтары
оқырмандар қолына тиді. «Алтын ұя» атты университет мерейтойына арналып
шығарылған үлкен кітаптың құрастырушысы да, шығарушысы да өзі.
Сансызбай Мәдиев ғылым саласына өзіндік қолтаңба қалдырған ғалым. Ол
2012жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Алтын орда
дәуіріндегі жазба ескерткіштер және қазақ әдебиеті» атты тақырыпта қомақты грантын
иеленді. Өзі жетекші болып, бірнеше шетелдік конференцияларға қатысып, баяндамалар
жасады. Жобаға қатысты еңбектері: 1. Мадиев С.Ш. Зиябек акын мұрасы. Монография.
«Қазақ университеті», Алматы, 2011 ж. 2. Мадиев С.Ш. «Кейкі батыр» жырындағы
түркілік рух. // «Қазақ тілі мен әдебиеті», No 4, Алматы, 2004. 3. Бисенбаев П., Мәдиев С.
«Жүсіп-Зылиха» дастанының нұсқалары: дәстүр және жаңашылдық. – Алматы: Қазақ
университеті, 2012. – 130 б. 4. Мәдиев С. «Жүсіп-Зылиха» дастанындағы махаббат
тақырыбы // Р.Нұрғали және алаш әдебиеттануы. – Алматы, 2012.5.Бисенбаев П, Мәдиев С.
Ескендір Зұлқарнайын дастанының жанрлық сипаты. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.
- 130 б. 6. Мәдиев С., Бисенбаев П. Фирдоусидің «Шахнамасындағы» Ескендір бейнесі //
Қазақ тілі мен әдебиеті. – Алматы, 2013. No 11-12. 7. Мәдиев С. Низамидың
«Ескендірнама» дастаны: тарихилығы мен фольклорлық негіз // Ұлағат. – Алматы, 2013. –
No 11-12. 8. Мәдиев С. Түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы //Актуальные проблемы
диалектологии языков народов России. XIII международная конференция, посвященная
70-летию со дня рождения известного венгерского тюрколога, башкироведа, этнографа,
фольклориста, дипломата Йожефа Тормы. – Уфа, 12 – 15 сентября 2013 г.
Атасы Мәди күш-қайраты мол, мығым, төртбақ денелі, қайратты адам болатын.
Құдай тағала сыйға берген қара күшінің, қайратының арқасында ол басқарған қайық пен ішіндегі
балықшылар талай қауіп қатерден өтіп, ауылына аман оралып отырған. Буырқанған көк
теңізге ашықтан ашық шығуға екінің бірінің жүрегі дауаламаған. Сол көзсіз ерлік
қимылдары үшін де сол кездері «Мәди қайығының» аты аңызға айналған
Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер демекші, немересі Сансызбай осы ата жолын қуып келеді. Өз еңбекқорлығымен бірбеткейлігінің арқасында бүгінде қазақтың білім шаңырағы әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстаздары сапында. . Сансызбай Шәрапиұлы Мәдиевтің самғар биігі әлі алда.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.