Журналистика академиясының президенті   С.Қ.Қозыбаев 80 жаста

 

 

 

 

 

Әмір Әбусағитұлы Молдабеков –ф.ғ. к,

 Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері.

 

 

Журналистика академиясының президенті   С.Қ.Қозыбаев

80 жаста

 

 

Журналистика акдемиясының алар орны ерекше.   Зеңгір көктің түпсіз тұңғиығына көз  тіккен қаршадай бала көкаспаннан көзін алар емес, ол әлденені іздейтін сияқты. Иә, бұл баланың ойы, кезінде өмір ағымындағы қарапайым бір шаруа болып көрінгенімен кейін тарихқа енген оқиға турасында болатын.

 

 

Әкесі соғыс кезінде әскери ұшақ жасатып, оны  майданға жөнелткен . Осы оқиға сәби құлағына сіңіп қалған.  Алқаракөк аспанда сол ұшақтың қалай самғап бара жатқанын көргісі де келетін шығар. Әлде қылыш қанаты ақша бұлттарды тіліп өткен ақиық қырандардың қалықтаған сұлбасын байқағысы келетін болар. Бәрі мүмкін…

(Звезды в небе, – Алматы: Эдельвеис,2013.)

Қияға талпынған   қара домалақтың қиялымен бірге   көкірегіне асыл арман шынары алтын тамыр жайып та келе жатқан тұсы болар. Сол балғын дәурен кезінен дағдыға айналған әдет келе-келе қалам ұстауға мұрындық болған-ды.

Адамзат өркениетінің тегершігі, өз дәуірінің асқақ мұратымен асыл аманатын арқалай білген тұлғалардың, айтып тауысқысыз үлестері арқасында алға дөңгелейді. Ұлт руханиятының көшін бастаған сол қанаттылардың қажымас рухы, қайталанбас қолтаңбалары тарих парағанда өз шұғыласын мәңгі шашып тұрмақ. Олар өткен күннің өздері жасаған заманасының заңғарынан қол бұлғап қала бермек. Солардың қатарынан ойып орын алатын бір тұлға Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев. Ол еліміз ғылым-білімінің қара шанырағы–әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұзақ жылдар еңбек етіп келеді. Журналистика факультетінде баспасөз тарихы кафедрасын басқарумен қатар «Отандық журналистика тарихы» атты ғылыми-танымдық журнал шығарады. Журналистика факультеті өз факультетіне айналғанша біраз уақыт филология факультетінің кафедрасы болды. Осы бірлескен факультеттің деканы Тауман Салықбайұлы Амандосов болды. Ал, журналистерге М.О.Әуезов бастаған көрнекті ғалымдар тобы сабақ берді. Бүгінде олардың есімдерін атаулы күндерде ғана еске аламыз. Қандай өкінішті. Ж.Тұрарбеков, Б.Кенжебаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Матвиенко, Х.Бекхожин, М.Дмитровский, Ф.Жеребятьев, Л.Куканов, Г.Колосов, М.Барманқұлов, С.Сағалович, М. Мадзигон, Р.Зуева, Г.Ким. Бұдан басқа шаруалар, атап айтқанда диссертациялық кеңестің мүшелігі , кандидаттық, магистрлік еңбектерге ғылыми жетекшілігі, докторлық диссертацияларға кеңешілік пен оппоненттік секілді жұмыстарды атқара жүріп, арасында еліміздегі университтер мен БАҚ ұжымдарының , шетелдік әріптестерінің шақыруларымен жарты әлемді шарлайтын іссапарлары да  баршылық. Бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің журналистикасының қалыптысу һәм өркендеу үдерісін Сағымбай Қозыбаевтың есімінен бөле қарауға  болмайды.( Әлем баспасөзі тарихынан. – Алматы: Санат,1988.,Моя «Ленсмена» – Алматы: Эдельвеис,2001. ) Иә, осы қажырлы академик, қарымды журналист бір иниституттың жүгін бір өзі дара арқалап бүгінге жетті.

   Сағымбай Қозыбаевтың есімі аталарда ең алдымен  ойымызға қазақ тарихы һәм дүние тарихы турасындағы еңбек оралары шүбәсіз. Себебі ол тарих ғылымдарының докторы, отандық журналистика тарихын және дүниежүзілік журналистика тарихын зерттеуші. Зерттеу еңбектерінде ғалым, ХХ–ғасырдағы ең айтулы оқиғалардың ақпараттық астарын ашуға тырысады.(СМИ  Евразии. – Алматы:Қазақ университеті,2013.)

Ақпарат пен қоғамдық сана, ақпарат пен технология, геосаясат, ақпарат пен экономика сынды тақырыптардағы мәселелердің жай жапсарына үңіледі. Айталық, автор атап көрсеткендей, Ұлы отан соғысы тұсындағы майдандық журналистиканы қазақ журналистикасының алтын парағы деуге болады. (Фронтовая печать Казахстана. – Алматы: «Экономика», 2010.) Б.Бұлқышев, Б. Момышұлы, Ә.Нұршайықов ,М.Ғабдуллин сынды біртуар тұлғалардың майданда қаруы мен қаламын қоса жұмсағаны белгілі. Олар қаскөй дұшпандарына  мылтықпен де сөзбен де күресе білген ақын жазушылардың публицистикалық еңбектерін айрықша зерделеп зерттей білуі, оның тарих тағылымымен журналистикалық танымды бір арнада тоғыстыра білгендігін аңғартады. Өрт ішінде өлім мен өмір арпалысында жүріп, тарихтың парасат парақтарында өшпестей етіп өнеге қалдыра білген баһадүр бабалар рухына етілген адал перзенттік тағзым болатын.

Ғалымның жаңашыл бағыттағы тың ізденісі Ұлы отан соғысы жылдарындағы «майдандық журналистика» мен «дүние жүзілік журналистика тарихын зерттеу» сынды елеулі еңбектері, Сағымбай Қозыбаев есімін күллі Кеңестер одағына әйгілі етті. Сағымбай Қозыбаев тәуелсіз қазақстандық БАҚ-тың қалыптасуына да қалтқысыз қызымет етті. Қазақ көсемсөзін көсегесін көгертуге тер төкті.(Гордое имя – журналист. – Алматы: «Алматы кітап»,20410.)

Еркін ел баспасөзінің бағыты мен тарихи міндетін айқындауды бір арнаға түсіру сияқты сындарлы белестерді ұлт ұпайына шешкен де осы–Сәкең болатын. Сағымбай Қозыбаевтың зерттеу еңбектерінде бүгінгі қазақ журналистикасы мен әлемдік журналистиканың ең өткір өзекті мәселелері туралы терең толғаныстар жасалады. Орта Азия мен Қазақ елдерінің БАҚ саласындағы дамуының  ертеңі турасында болжалдар айтылады. (Аудитория – весь Казахстан. – Алма – Ата: Мектеп,1984.)

Иә, Журналистика акдемиясының алар орны ерекше. С.Қ.Қозыбаевтың тұрақты жетекшілігімен журналистика академиясы кәсіби қауымдастықта жоғары кәсібилік пен рухани әлеуетті сақтауға мүмкіндік береді және академияның «Алтын жұлдыз», «Алтын самұрық» және «Аққу» марапаттары қарастырылды. мемлекеттің жоғары ұлттық журналистік марапаттары. Еліміздің әр аймақтарынан жүлдегер атанған журналистер еңбегі Акедемия белгілеген «Алтын жұлдыз», «Алтын самұрық» сыйлықтарын иеленді. Олар журналистика саласының жеңімпаздары еді. Сәкең бастаған  Журналистика акдемиясының жүлдегерлері биік-биік шыңдардан көрініп жүр. Аталмыш  сыйлықтарды көптеген БАҚ ұжымдары алды. Шығармашылық шеберліктері үшін  Дүкеш Байымбетов, Балғабек Қыдырбекұлы, Қуаныш Сұлтанов, Жанна Ахметова сынды танымал журналист-публицистер марапатталғанын білеміз.   Қазақ журналистер академиясының президенті С.Қозыбаевтың самайын ағартқан сан жылдардың еншісінде қазақ журналситикасына силаған қазынасы мол. Жеңісті де жемісті сексен жылың құтты болсын, қазақ журналистикасының тау тұлғасы. Ердің елі үшін еткен еңбегі мен төккен терін тәуелсіз елі есіне сақтап, есімін ертеңгі ұрпақ жаттап, Сағымбай Қозыбаевтың асқан асуы мен жеткен белесінің мерейін асырады деп сенеміз.

 

 

Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері,

Филология ғылымдарының кандидаты

Әмір Әбусағитұлы Молдабеков .