Алдашев С.М.
азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы,
заң ғылымдарының кандидаты
ТДМ және гендерлік теңдіктің ара қатынасы
Ерлер мен әйелдердің теңдігі (гендерлік теңдік) — бұл қоғам мен мемлекет үшін субъектілердің бірдей мәнінің дәрежесін, азаматтардың тең құқықтары,бостандықтары мен міндеттерінің, сондай-ақ жынысына қарамастан оларды іске асыру мүмкіндіктерінің болуын көрсететін қолданыстағы қоғамдық қатынастарды сипаттайтын әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
Теңдік қағидасының мазмұны бірдей құқықтар мен міндеттердің болуын анықтайды. Сонымен қатар ерлер мен әйелдердің құқықтары мен бостандықтарының теңдігі принципі әртүрлі объективті факторларға байланысты болуы мүмкін.
Қазіргі гендерлік қатынастарды мемлекет тарапынан ерлер мен әйелдердің жағдайын ескеретін кешенді жүйе ретінде қабылдануы тиіс және , әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарға жағдай жасауы тиіс .Біздің ойымызша, аталған мақсаттар мен міндеттерді қабылдау және іске асыру ерлер мен әйелдердің құқықтары мен бостандықтарының теңдігі қағидасын толыққанды іске асыру үшін жаңа жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Гендерлік теңдік тұрақты дамудың бесінші мақсаты болып табылады және басқа да көптеген ТДМ-ларға, соның ішінде тұрақты экономикалық дамудың инклюзивті моделін құруға оң әсер етеді. Сондықтан гендерлік теңсіздікке қарсы күрес дамуға ресми көмек көрсетудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Гендерлік теңдік (ТДМ 5) және басқа ТДМ өзара байланыстары, сондай-ақ гендерлік теңсіздіктің экономикалық дамуға әсері және гендерлік бағдарланған саясатты кеңейту қажеттілігін атап өту қажет.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда 2016 жылы 6 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» қолданысқа енгізілген.
Еңбек құқығының негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясының 24,28 баптарында жəне еңбек құқығы саласының нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексінің» 2-бабының 1-тармағында негізгі қағидалары, ал 5-бабында еңбек бостандығы қағидасы бекітілген және аталған қағидалар Қазақстан Республикасы Конституциясының 24,28-баптрының талаптарына сәйкес келеді .
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.