Осы менің кемпірім дауыс берді ме

 

Осы менің кемпірім дауыс берді ме

 

Бір ақсақал сайлау учаскесіне дауыс беруге келеді. Шаруасын бітіріп, комиссияның төрағасына таянып, сұрақ қояды:
– Əй, балам! Осы менің кемпірім дауыс берді ме? Білуге бола ма?
– Ойбау-ау, ақсақал, əлбетте! Қазір тексеріп жіберейін, – деп, қағаз-жорналын қарап жіберіп: – Е, міне, қолы тұр. Сізден бұрын келіп кетіпті. Сіздер не, бірге тұрмайсыздар ма?
– Ой, қарағым, кемпірдің өлгеніне 15 жыл болды. Бірақ осы сайлау өткен сайын “Нұр Отанға” дауыс беріп кетеді. Кездесіп қалам ба деп, мен  де сайлау сайын келемін, бірақ жолым болмай жүр! – депті.