Осы менің кемпірім дауыс берді ме
Бір ақсақал сайлау учаскесіне дауыс беруге келеді. Шаруасын бітіріп, комиссияның төрағасына таянып, сұрақ қояды:
— Əй, балам! Осы менің кемпірім дауыс берді ме? Білуге бола ма?
— Ойбау-ау, ақсақал, əлбетте! Қазір тексеріп жіберейін, — деп, қағаз-жорналын қарап жіберіп: — Е, міне, қолы тұр. Сізден бұрын келіп кетіпті. Сіздер не, бірге тұрмайсыздар ма?
— Ой, қарағым, кемпірдің өлгеніне 15 жыл болды. Бірақ осы сайлау өткен сайын «Нұр Отанға» дауыс беріп кетеді. Кездесіп қалам ба деп, мен де сайлау сайын келемін, бірақ жолым болмай жүр! — депті.