Мәдени мұра

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының

                                                                                                    аға оқытушысы;               

                                                                                               Ерхан Кәрбозов,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының доценті

 

Мәдени мұра

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары П. Бисенбаев пен Е. Карбозовтың ұйымдастыруымен  халық  әдебиетін зерттеудің  өзекті мәселелеріне арналған әдеби-танымдық кездесу кеші онлайн форматта өтті.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының  жетекші ғылыми қызметкерлері, фольклорист-ғалымдар Қ. Алпысбаева мен  П. Әуесбаева кездесудің құрметті қонағы болды. Студенттер қауымы халық ауыз әдебиетінен сыр шертетін  танымдық мәні зор жүздесудің қызықты өтуіне зор үлес қосты.

Жастар кеш барысында көкейде жүрген көптеген сұрақтарға қатысты мәнді, мағыналы жауаптар алып, ой бөлісті. Ғалымдар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын даярлау үстінде  кездескен кедергілер жайын  сөз етті. Студенттер фольклористика ғылымының бүгінгі жай-күйі мен қолға алынып жатқан қыруар істер туралы көп мәлімет алды.

Бұл кештің жастарға берере тағылымы мол болды. Бабалар мұрасына деген құрмет, халық әдебиетіне деген ыстық ықылас жастардың жан дүниесін жадыратқаны сөзсіз. Сұрақ-жауап түрінде өрбіген әдеби-танымдық кеште жас өнерпаз Абай Ақбай  әсем әнімен кеш қатысушыларының көңілінен орын алды.

Онлайн кездесу соңында оқытушылар кеш қонақтарына алғыс білдіріп, кәдесый ретінде жыр жинақтарының эл. нұсқаларын ұсынды. Жастарды бабалар мұрасына адал болып, оны болашаққа жеткізуде аянбай еңбек етуге шақырды.

 

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының

                                                                                                    аға оқытушысы;               

Ерхан Кәрбозов,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті