Жыршылық дәстүр тағылымы

                                                                             Пазылбек Бисенбаев,

                Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының

                                                                                                аға оқытушысы;                

                                                                                             Советхан Тілеубаев,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының     доценті

 

Жыршылық дәстүр тағылымы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  филология және әлем тілдері факультетінің студенттері  Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті  С.Дәрібаев жетекшілік  ететін  «Жәдігер» әдеби-шығармашылық үйірмесінің  жылдық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ықылас атындағы ұлт-аспаптар мұражайының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, әнші, термеші, белгілі өнер тарланы  Берік Жүсіповпен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн форматта  өткен әдеби-музыкалық кештің  құрметті қонағы студенттер қауымына өнертану мен фольклортану саласында қордаланып қалған қыруар мәселелер жайында сыр шертті. Берік Жүсіпов – жыршылық өнермен қатар, әдебиет әлемінде де із қалдырып келе жатқан ғалым. Көне дәуірден келе жатқан жыр-дастандарды орындаудың шебері асқақ даусымен ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнін жаңғыртуда талмай еңбектеніп жүр.  Ол жастарға өнердің құдіретті күші туралы сыр шертіп, өзі басқарып отырған ұжымның тыныс-тіршілігі жайлы да әңгіме қозғады. Дәстүрлі театрға келу арқылы әр адам өзін басқа бір қырынан тануға, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алатындығын айтып, ой бөлісті. Жастардың көкейінде жүрген барлық сұрақтарға жауап беріп, оларға арман-мақсат жолында ешқандай кедергіге мойымай  халық өнерін ұлықтауға шақырды.

Кездесуді әнмен әрлеуге өнердегі іні-шәкірттері де келіп, әртүрлі аспаптарда өнер көрсетті.

Аталған шара жастардың көңілінен шығып, ерекше әсерге бөледі.

Кешті  қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының  доценті Н. Сағындықов пен аға оқытушы Е. Карбозов қорытындылады.

                                                       

                                                                                            Пазылбек Бисенбаев,

                Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының

                                                                                                аға оқытушысы;                

Советхан Тілеубаев,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының     доценті