«Іле газеті» деген БАҚ құралынан елең етерлік ақпарат

https://qazaqtimes.com/article/474

 

«Іле газеті» деген БАҚ құралынан елең етерлік ақпарат

Қазақ قازاق Qazaq English

Қоғам Жаһан Мәдениет Тарих Сұхбат

Әлем қазақтары Qazaq сөзі Мультимедиа Дайджест Қос қызын қазақша той жасап ұзатқан қытайдың құпиясы Qazaq Times 25 Желтоқсан, 2016 сағат 20:18 Тойында қазақша киініп алған қытай ұлтының жас жұбайлары Интернет сайттарын ақтарыстырып отырып, «Іле газеті» деген БАҚ құралынан елең етерлік ақпарат көріп қалдық. Онда Іле аймағы, Шапшал ауданы, Үлкенбура ауылы, Кішібура қыстағы деген жердегі бір қытайдың екі қызын бірдей қазақша той жасап ұзатқаны туралы етектей мақала жарық көріпті. Біз үлкен ұлт, алпауыт ел болсақ, бұған миығымыздан ғана күліп қоя салар едік. Мәдениетімізді, салтымызды сыйлап, оң пейілін көрсетіп жатқаны болар деп. Өйткені, төрт қыбыласы сай, мығым ұлттар үшін бұл қалыпты жағдай. Ал, қазіргі күйімізбен, біз де қазақы кең кеудеге салып, қуануға болар еді. Бірақ… Енді, мақала мазмұнына оралайық.

Үлкен дайындықпен өткен тойға қазақ, қытай, дүңген, ұйғыр т.б ұлттардан қонақтар келіпті. Той залына қазақы өрнекті тұскиіз ілініп, қазақ әні шырқалып тұрған. Бастарына үкілері шоқпардай сәукеле, қазақтың ұлттық нақышындағы той көйлегін киген жұбайларын, қос қытай азаматы қолтықтап ортаға кірді. Жігіттердің басында да қазақтың оюлы тақиялары. Той алдымен сексеннің сеңгіріне шыққан қазақ ақсақалдан бата алумен басталыпты. Қытай полиция бөлімінде істейтін қазақ азаматы да келіншегін ертіп тойға келіпті. Тегін келмеген екен, олар қыздардың әкесі – «ханзу аға-жеңгелеріне» қазақтың шапаны мен шәлісін жауып, қытай қарындастарына бақыт тілегенде залды шапалақ үні жарып кетердей болыпты.

Қазақ полицей мен жұбайы қытай қыздардың әке-шешесіне шапан, шәлі жапты Иә, сөз тасығандай болып жатсақ айып етпессіздер, ары қарай мақаланың мына мәтінін келтірейік: «Аққой мектебінің оқытушысы Еркін Сіләмбекұлының тойды қос тілде жүргізген әдемі асабалық сөздері, асқақ әндері тыңдаушының көңіл құсын көкке өрлетті. Қос тілде сөйленген тост сөздері, әр ұлт тілінде шырқалған ән, биленген би, бәрі-бәрі де ұлттар ынтымағының ұлы достығынан сыр ағытып тұрғандай». Әрине, «ұлттар ынтымағының ұлы достығы» деген көздер жаман емес. Бірақ, осы «ұлттар ынтымағының ұлы достығынан» бір күйсе, қазақтың аузы күйер еді. Бұл – Совет Одағы кезінде де жалындай айтылған пафосты ұран. Қазақстанды ұлттар достығының лабораториясына айнрдырып жіберген саясат есте болар. Сол алып лабораторияда жасалған «тәжірибенің» зардабы қазақтың бойын әлі салдандырып жатқан жоқ па. Жә, ол басқа әңгіме. Сонымен, мына жақтағы « той қызығына» оралайық. Әлгі, атыңнан айналайын, Кішібура қыстағында 3 мыңнан астам жан саны, 800-ге тарта отбасы бар екен. Оның 80 пайызға жуығы қазақ, 13 пайызы ұйғыр, 11 пайызы қытай. Қызын қазақ салтымен ұзатып жатқан қытай бала жастан сол ауылда өскен, қазақпен араласып, салт-дәстүрін ардақтап дегендей ынтымағы жарасқан ауылдастары. Бір қарасаң бәрі тамаша, бәрі көңілге қонымды. Осы жерде «бірақ»-ты қайта айтуға тура келеді. Бірақ, «бақсақ бақа екен» демекші, байқап қарасақ, бұның астары арыда екен. Иә, бұндай астары арыдан созылатын әңгімелердің көп екені бұрыннан белгілі ғой. Әлгі «қазақшыл» қытай тойды бекер «қазақ ағайынның» салтымен жасамапты. «Ұлттар ынтымағының берекелі шаңырағы» дейтін үкімет жағынан жоспарланған арнайы науқан шараның аясында жасапты. Қазір Шыңжаңдағы жергілікті ұлттар, әсіресе қазақтар көп шоғырланған өңірлерде осы кейіптес шаралар көп-ақ. Шын мәнінде, бұның бәрі бетіне «ұлттар ынтымағы» деген маска киіп, ар жағына «аз қазақты жұтсам» деген жымысқы ой жасырған шаралар. Қазір Үрімжі көлеміндегі қазақ отбасыларында бірден «асыранды балалары» бар. Олар – қытай қызыл армиясының жауынгерлері. Жаңағы «ұлттар ынтымағының» аясында, сол өздеріне тиесілі қазақ жанұясына «бала» болған. Көмектеседі, жұмысына қолғабыс тигізеді, қарт кісілер болса, баратын жерлеріне ертіп жүреді, жастау отбасылар болса, балаларына қарайласады, тіпті кейін солардың ағасы, әуелі өкіл әкесі болып кетуі мұнда тұр.  Сөзді көп созудың қажеті қалмады-ау деймін. Білген құлға бәрі түсінікті. Айтпақшы, әлгі қазақ салтымен қыз ұзатып, той жасаған қытайдың құпиясына келейік. Иә, не құпия дейсіз. «Қой терісін жамылған қасқыр» секілді, сыртына қазақтың ұлттық киімін кигенімен, ішіне қазақты қытайға сіңіру, қытайластыру дейтін арам ойы жасырынып жатқаны анық қой олардың. Бүгін ол қазақша той жасады, енді ертең соның қарымжысын қайтармақ керек. Ол үшін, бір қазақ қытай салтымен той жасайды. Әуелі, қызын қытайға ұзатып, не қытайдан келін түсіруі де мүмкін. Өйтпесе, «Ұлттар ынтымағының берекелі шаңырағы» шайқалады ғой. Оны көріп, тағы бір қазақ қытай салтына көшеді. Сөйтіп жүріп, өз салтын ұмытады. Ал, балалары тіпті ондай салттары бар екенін де білмей кетеді. Солай, шапанмен, тақиямен алдаған қытайлар аз жылда қазақты салтынан да, тілі мен мәдениетінен де жалаңаш қалдырады. Рухы мен ішкі болмыс жалаңаштанған ұлт ары қарай киім де, үйін де талғамайтын болады. Кімнің есігі мен кімнің құшағы екеніне қарамай, кіріп кете беретін болады. Бұл әрине, ауыр қасірет. Қазақты қытайластыруға үлкен қарқынмен, зор ауқыммен кірісіп жатқан қытай сан  түрлі көз алдау, қитұрқы тәсілдерге баруда. Аз жылда қытай қазағының қытайға жұтылуы былай тұрсын, қысық көздер тіпті, шекараның бер жағындағы Қазақстанның ауылдарына да сұқтана қарайтын болады. Қарайды дейміз-ау, көз тігіп жүргелі қашан. Тек кірер сәтті ғана аңдиды. Ол үшін өз ауылдарындағы аяққа оралғы қамал – жергілікті қазақтарды асықпай жұтып алуы керек. Барлық құпия осы. Осыны біле тұрып, қапы қалмасақ екен дейміз.  Ақтамберді АСПАН «The Qazaq Times» Ұқсас жазбалар Қытайда өмір бойына сотталған қазақтар: Оспан батыр ұрпақтары Ақорда мен халықаралық ұйымдардан араша сұрады «The Qazaq Times» ақпараттық порталы баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды АҚШ елшілігі алдында акция өткізген белсенділер ұсталды Жарнама РЕДАКЦИЯ ТАҢДАУЫ Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкасын талап етуде COVID-19: Әлем ахуалы және вакцинация Ван Гогтың «беймәлім» картинасы Париждегі көрмеге қойылды Қаламгерлер Арон Атабекке араша сұрап Тоқаевқа хат жазды АҚШ-та төтенше жағдай режимі бір жылға ұзартылды Әлем қазақтары бөлімі «117 мың тонна күлден» қалған оқ-дәріні көшіру қашан аяқталады? – Арыс арсеналы 1920-2020: Көгедай ордасының дербес әкімшілік билігі жойылғанына 100 жыл Серік Қауымбай: Абай, тіл және біз –1 11,8 млн сайлаушыға ескерту – «Егер тұрақты тіркеуіңіз болмаса…» Израиль халқы үкімет басшысының отставкасын талап етіп жатыр Халықаралық ауқымды наразылық: БҰҰ-да 39 ел Қытайдың Шыңжаң саясатын айыптады Пікір қалдыру (11) Личное 3 жыл бұрын+ +3 – Кытай каптаса казак халкы жок боламыз тубинде! жауап беру Алмаsh 3 жыл бұрын+ +2 – Алладан қорсаңшы Қытайдан емес, діні берікті жау алмайды. жауап беру Аноним 3 жыл бұрын+ +1 – Үйренген жау соғысқанға жақсы демекші,орыстарымыз өзімізге жәйліма деймін.Қара қытай қаптаса,сары орысқа зар боларсың-деген.Қытайлар бізге жұмбақ қалық болып тұр ғой.Россия енді көп болғанда 50 жыл тұрар,Настрадамустың айтқаны келсе 88 елге бөлініп іргесі ыдырап құлайтын болса,қытай басып алмай кім алар дейсің бізді.Байлықтың бәрін қытайларға сатып жатыр,енді жерді сатса экономикалық жағынан-ақ бодан болып,қытайға өзіміз-ақ тиіп алатын шығармыз. жауап беру Данияр 3 жыл бұрын+ 0 – Сорлы екенсің, Орыс жойылса бізді Қытай жаулап алады деп қорқып отырсыңба, Қытай ешқашан соғыспайды, соғысуға келгенде әлсіз олар, жауап беру Ержан 3 жыл бұрын+ +4 – Қазақты алғысы келсе Қытай алысқа бармай-ақ, Шыңжаң елінің қазағын бит сыққандай жоқ қылар еді. Керісінше, ханзулардың тууына шектеу қойғанда, қазақты қойып берді ғой. Бізде, кеңестік одақта қазақ саны 1949 жылы 3,5 миллион, 1989 жылы 7 миллион болды. Ал, ҚХР елінде сол 1949 жылы 100 мыңнан сәл артық болып, 1989 жылы қазақ саны миллионнан асты. 2009 жылы Үрімшіде 5 күн жүріп, бір ата-қонысымда болғандай болдым. Бері қарай шекарадан өткенде, қазақ жерінен орыс жеріне өткендей болдым. Адамдардың кішіпейілділігі мен адамгершілігі де мүлдем басқаша. Осыларды ойласам, сол ханзулардың адамдығы орекеңнен әлдеқайда артық па деймін. Орекеңнен үлгі алған қазақ тәкаппар, дөрекіміз. жауап беру almash 3 жыл бұрын+ 0 – Қытайдағы қазақты ұлттық алт дәстүрге терең сіңіп кеткен дініміз аман алып қалды. әліде солай болады . жауап беру Белгысыз 3 жыл бұрын+ -1 – Куасын келеры келып алып не оттап отрысын жынды жауап беру Ержан 3 жыл бұрын+ +4 – Қытай елінің саясаты, халқының адам сыйлауы, оның ішінде қазаққа деген көңілі басқа барлық халықтан жақсы шығар деп ойлаймын. “Бір туған” деп жүрген қырғызың анау “қазақ деген жауды бастан сайыш керек” деп айтыскерлері ауызына келгендерін оттап “ырдайды”, тыңдап отырған халқы орындарынан тұрып қол соғып, мәз мейрам. Президентінің сөзі анау, “Қазақстан 2010 жылы бізді қоршауда қалдырып, салдарынан адам шығыны болды” деп, Еуропаға әбден жамандады. Миллиондап біздің ел ақша, астық, жанармай беріп отырғанда. Орыс туралы айтпасақ та болар, ойларына келгенін істеп, тіліміз, дәстүрімізден айырылуға аз қалдық. Димаш ұлымыздың атын жер әлемге танытып, басына көтеріп жатқан хансу ағайын әлдеқайда жақын ау, бізге. Қытай еліндегі жекпе-жек өнерінің майталман қазақтары қазақ әндерін қойып, қазақша атойлап шыққан уақта 1,5 миллиард хансу ағайын еш ренжімей, қол соғып, қарсы алады. Ал Ресейде тұратын қазақ дәл солай қазақша сөйлесе, оны орыс скинхедтері өлтіріп кетуі әбден мүмкін. жауап беру кобейгир 4 жыл бұрын+ +18 – Ия, казакты кайтсе де аламыз деген саясат арыдан келе жатыр,оны тусину ушин жастар тарихты арыдан окулары керек, тарихты окып тусинсе болар еди кеш боп кетпей турганда, айтканынды терис тусинеди коб адамдар, Саясатсыз ештене жасалмайтынын тусину керек! жауап беру اسان قازاقىستانناب 4 жыл бұрын+ +6 – قايران قازاعىم اي كوزىمىزدى اشانىن ۇاقىت الدە قايدا جەتتىعوي، ايتىۇدان جازىۇدان جاڭىلماڭىزدار اعالار بىر قازاقتىڭ كوزىن اشالساقتا تاۇبا دەرمىز، قولدان كەلگەنى жауап беру Тағы жүктеу ЖАРИЯЛАУ КӨП ОҚЫЛҒАНДАР КӨП ТАЛҚЫЛАНҒАНДАР Орыстың бес солдатын жалғыз ұрып жыққан қазақ Қос қызын қазақша той жасап ұзатқан қытайдың құпиясы Димаштың әні шыға сала қытайлықтарды дүр сілкіндірді: (ВИДЕО) Ноғай қызының жан тебірентер әні Қытай сыншылары: “Димаш – Тәңірдің назарына ілінген әнші” Димаштың алдын орап кеткен қытай қызының әні (ВИДЕО) Димаш”Опера 2″ әнімен қытайлықтарды естен тандырды (Видео) Димаш жетінші кезеңде қытай сахнасын домбырамен жандырды (Видео) Алтыншы кезең. Димаш атақты Лара Фабианның әнімен І орынды қайта жеңіп алды (ВИДЕО) Димаш Құдайбергенов бесінші турда өзгеше өнерін әйгіледі (Видео) | Материалды көшіріп бассаңыз https://qazaqtimes.com/article/474 сайтының гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Ответить

Переслать

Предложить звонок