Мырзан Кенжебаев
Тэмуджин Қытай офицері болды деген сөз
1206 жылы хандыққа жеткен
Амир Молдабеков
25 февраля, 21:04
Кому: вам
Нұртай Қазақтың Баласы:Қытай жерін жаулап алған Шыңғыс хан әкімшілік аймақтарға басшы етіп көбінесе ұлты қытайларды тағайындаған екен.
Шыңғыс хан Тэмуджин болып жүрген кезінде 1196 жылы Қытайдың Цзинь империясынан “Жүзбасы” деген ресми әскері шен алған еді, бұл деген Тэмуджин Қытай офицері болды деген сөз. 1206 жылы хандыққа жеткенін ескерсек, осы қытай әскери шенінің көп пайдасы тиген секілді…
Тэмуджин Қытайдың Цзинь империясының офицері болып оншақты жыл күш жинап, 1206 жылы хан тағына отырды да қалған өмірінде Қытай қамқоршыларына қарызын қайтарып, солардың қызметін істеумен болды.Оның басты дәлелі ретінде Шыңғыс ханның Қытайдың Даоист нанымындағы Чуань-Чен сектасын тікелей өзінің қамқорлығына алғандығын көрсетуге болады. Чуань Чен сектасының басты мақсаты Қытай жерін күйреуден қорғау және қытайдың Хань мәдениетін басшылыққа алу болатұғын. Шыңғыс хан Чуань Чен храмдарын салықтан босатып, оларға иерархияда ең жоғары орынды берген екен. Бұл діни ағым біздегі сопылық тариқаттар мен сәләфилер сияқты серпін алып, мемлекеттің барлық құрылымдарында жақтаушыларын ұйымдастырып, сол кездегі ең қуатты, ең ықпалды әлеуметтік-саяси күшке айналыпты. Шыңғыс ханның әскері мен уәкілдерінің көбісін қытайларды сүюге, қытайларға ұқсауға баулыған осы діни-саяси ағым болған екен…
Тарихта Шыңғыс ханға дейін үш патшалық болып, бір-бірімен қырылысып, бастары ешқашан да бірікпеген қытайларды Шыңғыс хан мен ұрпақтары бір тудың астында біріктіріп, біртұтас қытай мемлекеті етіп, бастарын біріктіріп, оған дейін ешбір қытай императоры қол жеткізе алмаған нәрсені жасап кетті. Сондықтан, қытайлар Шыңғыс ханның ескерткішін орнатып, оған қанша тағзым етіп, қанша алғыс айтса да жөні бар…
Қытайлар мұңғұл билігі деген аты болмаса іс жүзінде қытайлардың өздері билеген Юань әулетінің тарихын қытай тарихының бір парасы ретінде қабылдайды, олар мұңғұлдарды бізді сұрады деп бас қатырмайды да. Осы желіден мәнчжур билігінде өзегінен теппей, қытайдың тарихының бір бөлігі деп көреді. Қытайлардың Шыңғыс ханды дәріптеп дүркін дүркін сериал, кинофильм түсіруі тегін емес; бір жағынан мұқым қытайдың басын біріктіріп кеткені үшін айтқан рақыметі шығар, ал екінші жақтан сол Юань империясының жері біздің жеріміз деп өздерінің экспансиялық жоспарларына Юань мен Шыңғыс хан орнатқан Мұңғұл патшалығын ту етіп көтеріп жатқан сыңайлары бар…
—
Отправлено из Mail.ru для Android