Қазак тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы

 

Смагулова А.С.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының и.о.доценті

Рахимбаева Р.М.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының

 Phd  докторанті, аға оқытушысы

Жұмағалиева Л.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

халықаралық қатынастар факультеті,
Әлемдік экономика 2 курс студенті

Қазак тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің рухани жаңғыру идеясы аясында 2017 жылғы қазан айында «Қазак тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» арнайы Жарлығын шығарғаны баршаға аян. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазаңдағы латын графикасы негізінде қазақ  әліпбиін жетілдіру жөңіндегі таспырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ  тілінің емле  ережелерің  жобалары  мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралған еді. Жетілдірілген әліпбиде әріп саны 31. Әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралғанын айта кету керек. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбыс толық қамтылған.  Сөйтіп қазақ тілі әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасы на кезең-кезеңмен көшіру бойынша нақты жоспар жасалды. Соның нәтижесінде Ұлттық комиссия қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын жасады, ол мақұлданды. Ендігі жерде осы нақтыланған жұмысты жүйелі атқару үшін өткен жылдың шілде айында Үкіметтің арнайы қаулысымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы құрылды. Орталық Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен осы уақыт аралығында Тіл білімі институтымен, университеттермен, ғылыми мекемелермен бірлесе отырып, көптеген игілікті істерге ұйытқы болуда.

Ұлттың тілі сол ұлттың төл әліпбиімен төрге озары белгілі. Ол дегеніңіз сөз төркінінің түзелуіне жол ашады. Ала құла жазылып жүрі ен тіркестер бір арнаға түседі, бұрмалаудан құтылады.Бір қуанарлығы – ұлттық әліпбиге көшуді халық өзі-ақ бастап кеткенсияқты. Байқайсыздар ма, соңғы уақытта көшедегі жарнамалар, мекеме,қала атаулары, көше аттары, елді мс-кендер – латын қарпінде жазылуда. Ондай қадам жасағандарға «сен сөйт» деп тапсырма беріп жатқан да ешкім жоқ. Халықтың өз еркімен латынға бет бұрғандығының көрінісі бұл. Мұндай талпынысты елжандылық намыстың, мемлекетшілдік рухтың оянғаны деуге болады.

2021 жыл еліміз үшін жақсы жаңалықтармен есігін ашқаны белгілі.Соның бірі де бірегейі латын әліпбиіне көшу бағытын жеделдету шараларының басталуы болыпи табылады.Халыққа әліпбидің тағы да бір жаңартудан өткен түрі көпшілік назарына ұсынылды.Қазақстан халқының басым көпшілігі әліпбимен танысып,оның қыр-сырларын қазіргі таңда талдап,меңгеру үстінде.Бұл орайда әрбір мемдекеттік мекеменің,тіл жанашырларының атқаратын қызметі оразан зор.Солардың ішінде ең алғашқылардың бірі болып қара шаңырақ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті де өз іс-шараларын қолға ала отырып,таныстыру-талдау жұмыстарын бастап кетті.Студенттермен етене тығыз байланыс орнатылып,онлайн платформаларда сан түрлі конференция-талдаулар өткізілді.

2021 жылдың ақпан айының 5-ші жұлдызы күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің «әлемдік экономика» тобы,       2-курс студенттерімен «Латын әліпбиінің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырынбында онлайн-дөңгелек үстел болып өтті. Бұл ел болашағының бүгіні мен болашағы туралы тұщымды ой қорытылған,сан түрлі пікірлер ұштасқан пікірталас алаңы бола білді.Өз кезегінде, топ студенттері ел болашағы және тіл болашағын жан-жақты зерделеп,қорытынды жасады.Бұл да болса патриотизмнің  іргетасы іспеттес,себебі ел болашағы жас ұрпақтың қолында!Ал тіл болашағы-келер күннің айтқындығының ажырамас бөлігі!

Біз бұл басқосуда әліпби жайлы түйткілді мәселелерді қозғап қана қоймай, оларды жүзеге асыру жолдарын қарастырдық деген ойдамыз. Жұрт болып жүмылсақ, көп болып біріксек тілдің толғақты мәселесі толыққанды  шешілуіне, жаңа әліпбиді қолдану аясына да кең жол ашылады деген үміттеміз. Сөйтіп ұлт тілі мен ұлт әліпбиін төрт аяғын тең бастыру арқылы біз мемлекетіміздің мәртебесін көтеріп қана қоймай, төрт құбыларызды түгендерміз тағы шындық!