ҚазҰУ – білім мен ғылымды дамытудың ұлттық көшбасшысы

Азаматтық құқық

және азаматтық іс-жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы

Ж.Т.Карашева

С.М.Алдашев

 

 

 

ҚазҰУ – білім мен ғылымды дамытудың ұлттық көшбасшысы

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – заманауи білім мен ғылым, инновацияның дамуына бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арқылы өзіндік үлесін қосып отырған білім ордасы.

83-жылдық тарихы бар жоғары оқу орнының әлемдік және ұлттық деңгейдегі мәртебесі жыл санап артып келеді. Атап айтсақ, өткен жылы ҚазҰУ атақты QS халықаралық рейтингісінің зерттеу нәтижелеріне сәйкес әлемдегі ең үздік 800 университеттің арасынан 236-орынды иемденді. Білім беру үдерісінде халықарылық озық тәжірибелердің қолданылуы, білім алушылар үшін ғылыми-инновациялық жобалар, шығармашылықпен айналысуға және тағы басқа мүмкіндіктердің болуы білім ордасының айқын басымдықтарын көрсетеді.

Бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған мамандарды дайындау мақсатында студенттерге барлық мүмкіндік жасалған.

Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды Әл-Фараби кітапханасы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, заманауи спорт кешені мен стадион, интернет орталығы, студенттер үйінің 16 ғимараты және медициналық орталық студенттер игілігі үшін қызмет етуде. Сонымен қатар, студенттердің ғылыми зерттеу, шығармашылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына Болон үдерісі бойынша студенттік бюро, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, Студенттер сенаты, Студенттердің ғылыми қоғамы, Студенттер кеңесі кіреді.

Білім алушы жастардың білімі мен тәжірибесін арттырып, өнер, көшбасшылық, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамытуда университеттің алатын орны ерекше. Осыған байланысты білім ордасында «Al-Farabi university – smart city»,  «100 кітап», Айналаңды нұрландыр», «Мен жастарға сенемін», «Саламатты дене мәдениеті», «ҚазҰУ – Гринкампус» инновациялық тәрбие жобалары жүзеге асырылуда.

Бұл жобалар аясында көптеген конференция, форум, сайыстар және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың ордасы. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік береді