Как преследовали богатых казахов?

 

Сгруппируйте письма себе в отдельную папку, чтобы они всегда были под рукой!

 

Дом​ ​ Новости

Как преследовали богатых казахов?

«Очистить» информацию

​ 30 мая 2020 г.

Трагедия постигла казахов, когда Филипп Голощекин, царица, которая пытала царя Николая II и его семью и убила их за одну ночь без суда, управляла казахскими землями.​ 27 августа 1928 года Центральный исполнительный комитет Казахской ССР издал постановление о конфискации и депортации имущества крупных зажиточных ферм и полуфеодалов.​ За этим последовала насильственная конфискация и насильственный захват скота, принадлежащего богатым.

Филип Голощекин и его приспешники, проводившие политику «без преувеличения, без копыт», были убиты не только богатыми, но и средним классом.​ Позже страшный голод разорил казахские степи.

Почему преследовали богатых казахов?​ Почему их скот был конфискован?​ Все это​ было​ холодом политики индустриализации​ Иосифа Сталина​ , которая началась в 1925 году.​ В рамках индустриализации советское правительство начало строить заводы и крупные объекты.​ Однако ни одно из этих преимуществ не выросло в Казахстане.​ Наоборот, все произошло на русской земле.​ Напротив, большое количество мяса и зерна было взято с казахской земли.

Первый редактор был также застрелен

Более 3 миллионов наших соотечественников подверглись преследованиям

Кундызай Еримбетова: История СССР – это не история народа

Белгіленген мөлшерді өтеу мақсатында кеңестік билік байларға бас салды. Қолындағы малын тартып алып, Ресей асырды. Тарихшы Талас Омарбековтің айтуынша, 1931-33 жылдары қазақ даласында​ 40 млн бас малдан 4 млн​ ғана қалған. Осының салдарынан алапат аштық кезінде сол кездегі​ 4,8 миллион қазақтың 2,3 миллионы​ аштан қырылған. Қасірет емес пе?

Байлар қалай қуғындалды, солай елден береке қашты. Өйткені бұрынғының дәулеттілері еліне, жұртына мейір-шапқатын жаудырып, қараша халыққа қарайласқан еді. Қара халықты жұмыспен қамтыған кім? Байлар. Той-томалақ, ас-ауқат ұйымдастырып, қазақ мәдениетіне жан бітірген кім? Байлар. Қазақтың алғашқы газет-журналдарын қаржыландырған, Алаш арыстарының жолында төсеніш болып жайылған сол байлар болатын. Кеңес билігі таптық қайшылық жоямыз, бай мен кедейді бір қыламыз деген дүрмекпен бай-бағландарды аяусыз жазалады. Мұның соңы жалпыхалықтық нәубетке ұласты.

Алаш үні «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналының шығуына демеушілік көрсеткен Алаштың ауқатты қайраткері​ Мұхамедхан Сейітқұл​ төрт рет тәркіленді. Мұхамедхан Сейітқұлдың немересі, PhD докторы Дина Мұхамедханның айтуынша, атасының мал-мүлкі 4 рет, 1921, 1928-1929, 1932 және 1937 жылдары тәркіленіпті. «1920 жылдары Мұхамедхан атамды бай адам болғаны үшін тәркілесе, 1937 жылы тартып алар дымы қалмағасын, алашордашыл деп айыптаған. Себебі ол ислам дінінің шырағын жағып, көп адамға көмек қолын созған болатын», – дейді Дина Мұхамедхан. Ол уақытта бай баласы болудың өзі маңдайға басылған белгі секілді еді. Соның салдарынан 1928 жылы бастауыш мектепті тауысқан ұлы Қайым Мұхамедхан мектептен қуылды.

Алаш арыстарына қаржылай қолдау көрсеткен тағы бір қазақ ауқаттысы Медеу Оразбайұлы еді. Әлихан Бөкейхан 1908 жылы сегіз ай Семей абақтысына қамалғанда Алаш көсемінің сырқаттанғанын естіп, он құлынды бие байлап, күн сайын абақтыға бір саба қымыз апарған осы Медеу болатын. Алаш әскері жасақталған кезде ақшасын аямай, қазақ баласы үшін мектеп соққан Медеу Оразбайұлы 30-жылдары азапты күндерді бастан өткерді. 1931 жылдың 8 сәуірінде оны екі ұлы Санияз, Сләмқайдармен бірге қамауға алып, ату жазасына кесті.

Қазақ баласы үшін мектеп салдырған тағы бір Алаш ауқаттысы​ Хасен Ақаев​ болатын. Қарқаралы өңірінің ірі байы, атақты Қоянды жәрмеңкесінің негізгі қолдаушысы, сол кездегі Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі Хасен Ақаев та байларды қудалау кезінде жапа жекті. 1905 жылғы Қарқаралы петициясы сол кездегі қазақ ауқаттылары мен зиялыларын бір мүддеге тоғыстырған құжат болды.

Хасен Ақаев Алаш арыстарын қолдап отыруды өз мойнына алды. Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаевтар абақтыға қамалғанда ақысын төлеп шығарып алған осы Хасен бай еді. Өкінішке қарай, 20-жылдардың басында оның бүкіл байлығын тәркілеп, дымсыз қалдырған. 1928 жылдың 2 қазанында қайта тұтқындап, 3 жылға жер аударған. 1931 жылы қуғында жүріп, дүние салды.

Байларды қудалау кезінде қазақтың ірі байы Қаражан Үкібаев та сырт қалмады. «Қазақ» газетін, «Абай» журналын қаржыландырған, Алаш арыстарының елдік жолында, қазақтың талантты балаларының білім алуы үшін қаржы аямаған Қаражан байдың 1927 жылы мал-мүлкі тәркіленіп, өзін Сібірге жер аударды. 30-жылдары қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Қудалау Жетісу өлкесінің ауқаттылары Маман байдың әулетіне де қырғидай тиді. Бар байлығын ел игілігі жолында сарп еткен, мектеп соғып, бала оқытқан Маман байдың балаларына Алаш үкіметін қолдады деген айып тағылды. Сталиндік репрессия кезінде Мамановтар әулетінен 36 шаңырақ қуғындалып, 15 адам атылған екен. Есенқұл 1928 жылы мал-дүниесі кәмпескеленіп, Чкаловқа жер аударылды. Айдауда жүріп, ауырып қайтыс болды.

Байларды қудалау науқаны кезінде Абайдың ұрпақтары да аяусыз жаза тартты. 1928 жылдың 28 қарашасында Алаш қозғалысының Семейдегі қызметінің қуаттаушысы​ Тұрағұл Абайұлы​ бірнеше рет қуғын көрді. Алдымен 1922 жылы Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлымен бірге тұтқындалып, төрт ай түрмеде отырды. 1927-1928 жылдары тағы да тұтқындалып, алдымен түрмеге қамалып, босап шыққан соң бүкіл дүние-мүлкі тәркіленіп, өзін Шымкентке жер аударды. 1934 жылы сол жақта дүние салды. Кеңес билігі Тұрағұлдың балаларының да тоз-тозын шығарды. Оларға 1928 жылы «бай-феодалдың тұқымы, Алашордашының баласы» деген айып тағылып, жер аударды. Тұрағұл ұлдары Жебрайыл 1930 жылы, Зұбайыр 1933 жылы дүние салды. Абайдың тағы бір ұлы Мекайыл 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталып, Семей түрмесінде сотсыз атылды.

Қазақ даласына байлығымен аты шыққан​ Шорман бидің​ ұрпақтары да бар байлығынан айырылып, аштан қырылды. Баянауыл аймағының ауқатты байларының бірі Иса Шорманов пен оның ұлы Зинда Шорманов еді. Деректерге Зинданың бүтін бір аймақты асырағаны айталды. Міржақыптың қызы​ Гүлнар Дулатова​ «Алаштың сөнбес жұлдыздары» кітабында ол жайлы: «Исадан туған Сахизинданы Зинда төре деп атаған. Омбыда оқыған екі тілге жетік кісі екен. Ел-жұрт сыйлаған өте адал, мейірімді адам болса керек. Шорман әулетінің ішінде ең дәулеттісі, салтанатты тұрмыс құрған, іскер, шаруасына мықты болған деседі» деп жазады.

1928 жылы Павлодар округтік комиссиясының қаулысы бойынша ірі байлардың қатарында Зинданың да мал-мүлкін тәркілеп, өзін Ақтөбеге жер аударыпты. «…1932-33 жылдардағы ашаршылықта Зинданың үй іші өте ауыр жағдайда жоқшылықтың зардабын аз шекпеген көрінеді. Айдау мерзімін өтеген соң, сағынған еліне бармақшы болып пойызбен Омбыға әзер жетеді. Мұндағы ағайын-туыстары ашаршылықтан жан-жаққа бытырап кеткенін көрген Зинда қайтадан үйіне кетуге оқталса да, жолы түспепті. Ошақ-отынан, балаларынан жырақ, панасыз қалған Зинданың өмірі ұзаққа бармай, аурудан қайтыс болыпты» деп жазады Гүлнар Дулатова. Өкінішке қарай, бүтін бір елге шарапаты тиген Зинданың артында ұрпағы да қалмады. Заманында мол дәулетке ие болған жұбайы Мағида 1933 жылы тіске басар талғажу таппай жан тапсырыпты. Қандай қасірет!

Иә, Кеңес билігі қолында малы бар деген адамның тышқақ лағына дейін сыпырып алған соң, қазақ даласын аштық жайлады. Қаншама қазақ қайғыдан қан жұтып, бақилық болды. Қаншама қазақ бас сауғалап, басқа елге қашты. Олжас Сүлейменов бір естелігінде: «Мәскеуге барған бетте Ленин кітапханасынан 1926 жылғы санақтың қорытындылары жарияланған кітапты тауып оқығанмын. «Казахи самая крупная тюркоязычная национальность советского союза – 6 млн 200 тыс человек» деген тұсын көшіріп те алғанмын. Ал 1939 жылы сол 6 миллионннан астам қазақтан 2 миллион адам ғана қалған. Мұндай қорлыққа тек қой мінезді халық қана шыдай алады. Ал біз жылқы мінезді халық емес пе едік?!» деп жазады. Міне, Кеңес үкіметінің қазақты қойша қырғанының дәлелі.

Серікбол ХАСАН