Кітапханадағы кездесу

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы

кафедрасының

                                                       аға оқытушысы                

                                                                                               Ерхан Кәрбозов,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы

кафедрасының     доценті

 

 

Кітапханадағы кездесу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  филология және әлем тілдері факультетінің студенттері  Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті  С.Дәрібаев жетекшілік  ететін  «Жәдігер» әдеби-шығармашылық үйірмесінің  жылдық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ықылас атындағы ұлт-аспаптар мұражайының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, әнші, термеші, белгілі өнер тарланы  Ұлжан Байбосыновамен кездесу өткізді.

ҚазҰУ  қалашығында  өткен әдеби-музыкалық кештің  құрметті қонағы студенттер қауымына өнертану мен фольклортану саласында қордаланып қалған қыруар мәселелер жайында сыр шертті. Ұлжан Байбосынова – жыршылық өнермен қатар, әдебиет әлемінде де із қалдырып келе жатқан ғалым. Көне дәуірден келе жатқан жыр-дастандарды орындаудың шебері асқақ даусымен ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнін жаңғыртуда талмай еңбектеніп жүр.  Ол жастарға өнердің құдіреттілігін айта келіп, өзі басқарып отырған ұжымның тыныс-тіршілігі жайлы да әңгіме қозғады. Мұражайға келу арқылы әр адам өзін басқа бір қырынан тануға, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алатындығын айтып, ой бөлісті. Жастардың көкейінде жүрген барлық сұрақтарға жауап беріп, оларға арман-мақсат жолында ешқандай кедергіге мойымау керектігін айтып, халық өнерін ұлықтауға шақырды.

Кездесуді әнмен әрлеуге өнердегі іні-шәкірттері де келіп, әртүрлі аспаптарда өнер көрсетті.

Аталған шара жастардың көңілінен шығып, ерекше әсерге бөледі.

Кешті факультет деканының орынбасары Н. Сағындықов пен аға оқытушы Е. Карбозов қорытындылады.

                                                       

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының

                                                       аға оқытушысы                

Ерхан Кәрбозов,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының     доценті