Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң
заң факультетінің доценті
C.Р.Ермухаметова
Құқықтық пәндердің қашықтықтан оқытылуы
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеттері қарастырылған болатын. Әлемді, ер-жаһанды ортақ қауіп-қатерге бой алдырып отырған коронавирус дертінің өршуі де адамзат тағдырына әсер ететін факторлардың кенеттен пайда болатынын, онымен күресте барлығымыздың бірігуіміз қажет екенін айғақтайды. Бүгінгі күні осы мәселе білім беру саласына да бірнеше міндеттер жүктеді. Бүгінгі әлемдік қауіп дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесіне жаңаша бейімделуді талап етеді. Сонымен қатар ҚазҰУ де осы бәр індетпен күресу кезінде білім беру сапасының тқмендемеуі, студенттерге мейілінше бағдарламаға сәйкес жаңаша «білім ортасын» құру бағытында ауқымды шаралар жасауда. ҚазҰУ ұашықтықтан оқыту арқылы білім беруді жалғастыруды мақсат етеді және шаралар кешенін күнделікті жүзеге асыруда. Университет ұжыммен бірлесе отырып, оқытушыларға студенттрге сапалы нәтижелі білім беруді жалғастыруды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, тиімді қолдануын қарастырады және міндеттейді.
Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде білім беру және ол білімді бағалау жүйесін тиімді қолдануды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады.
Қашықтықтан оқыту үрдісінде дәрістер мен семинар сабақтарының өткізілуі ұстаздың қызметінен үзілмей қашықтықтан білім беруді көздейді.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз – оқытушы мен студент арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың нысаны. Бұл интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту үрдісін жалғастыруды қарастырады.
Бұл үшін оқытушылар мен студенттер компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі және ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге күнделікті дағдылануы қажет.
Бүгінде заң факультетінің оқытушылары да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде видеоконференциялар өткізу, студенттерге универ жүйесі арқылы тапсырмалар беру және оны уақытылы бағалау, емтихандарға дайындық секілді оқу үрдісіне қажетті шаралдарды жүзеге асыруда. Әрине бұл оқытушыға үлкен міндеттер жүктей отырып, бұрынғыдан да көп уақытын жұмсауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меғгеру үшін, қолдана білу үшін қосымша білімдерін жетілдіруді талап етуде.
Дегенмен де Біздің мақсатымыз осы бүгінгі әлемдік қауіп жағдайында білімнің құлдырамай ақпаратпен алмасу, оқытушы мен студенттер арасындағы арасындағы тілдесу, қарым-қатынас орнату әдістерін тиімді қолданып осы бір кезеңнен тиісті деңгейде өту.