“Oрталық азия” қытай ұлтшылдары үшін түбі жоқ тақырып

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1675859799244267&id=100004607889639&anchor_composer=false

 

“Oрталық азия” қытай ұлтшылдары үшін түбі жоқ тақырып

 

 

sohu” сайтына шыққан мақаланы да, тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлы ағамыздың соған байланысты жазған сын-пікірін де оқып шықтым. Тарихшы ғалым ағамызға айрықша ілтипатпен рақмет айтамын. Шағын сараптама: Бірінші, соңғы он жылда (2009-2019) қытай өз ішіндегі балама күштерге жаппай шабуыл жасады. Олар: партия ішіндегі балама күштер; қытайда демократиялық, құқықтық реформа жасағысы келетін күштер; діни белсенді топтар (христиан және мұсылман күштері); ірі қаржы шонжарлары және аймақтық қаржы белдеулері (шанхай, хонконг); біріңғай ұлттық провинциялар (тибет, шыңжаң); т.б “тазалау” барысында қытай ағаттықтарға да жол беріп алды. Саяси партияға наразы топ бұрынғыдан көбеймесе азайған жоқ. Компартияға деген сенім мен белсенділік әлсіреді. Бұл тағы қытайдың осыған дейінгі сыртқы саясатына да ықпал етті. Халықаралық ұйымдар қытайға қысым жасады. Ішкі саясат пен экономикалық әлеуетте қытай көп түйіткілдерге дөп келді. Ең басты проблема халықтың билеуші партияға деген агрессиясы еді. Халықтың ішкі қыжылы мен агрессиясын басу үшін қытай орталық азияға ақпараттық шабуылды әдейі бастады. Өйткені “орталық азия” қытай ұлтшылдары үшін түбі жоқ тақырып. Қанша айтса да, жазса да жалықтырмайтын тақырып. Іштегі бұрқасын буды сарқып-сарқып шығарып алады. Қытай ұлтшылдары мен билікке наразы күштердің басты назары “орталық азия” тақырыбына аууы қытай компартиясына да таптырмас орай-дұр. Егер халықтың басты назары билеуші партияға ауатын болса онда ішкі саясатта көп наразылықтар туар еді. Халықты компартия туралы ойландырмау үшін қытайдың ең танымал басылымдары, әлеуметтік желілері шетел тақырыбын көбірек талқыға салады. Халық назарын басқа темаға бұрып агрессия шығару әлемнің көп елінде бар тәжірибе. Дейтұрғанмен бұл қытай- орталық азияға көзалартпайды дегендік емес. Қытай орталық азияға әбден жауыр болған тарихи тақырыппен емес, жаңа концепциямен, мүлде жаңа форматпен ықпал еткісі келеді, оны алда айтамын. Екінші, қытай өте мол ақпарат базаға ие. Ақпараттың күші- қытай компартиясының тағдырын белгілейтін басты құралға айналды. Сол себепті қытай әлемнің көп еліне бірдей ортақ әлеуметтік желіге заңмен тиым салды. Шетелден тарайтын ақпаратты қытай сүзгіден өткізген соң барып таратады. Осы арада біз білмейтін тағы бір мәселе бар. Ол- ішкі ақпараттық механизмді игеру. Яғни, қытай сырттан келетін ақпаратты сүзгіден өткізумен бірге іштегі ақпараттың мазмұнын да қарап бақылап отырады. Егер ішкі ақпаратта кейбір журналистер немесе ақпарат органдары ішкі саясат пен биліктегі олқылықты көбірек тілге тиек ете бастаса, жаңағы механизм соларды дереу тізгіндейді және халықты басқа тақырыппен назарын ацдалаға бұрып әкетеді. Қытайда халық назарын тез аударып, саяси билік туралы көп ойлаттырмайтын тақырып санатына жататын темалар: *Кино әктерлерінің жеке өмірі; *Әйелінің көзіне шөп салға әншілер; *Жезөкшелер тақырыбы; *Дәрі-дәрмек жарнамасы; *Моңғолия отанға қашан оралады; *Орталық азияны қашан қосып аламыз; *Ресей ыдырай ма; *Тайванға қашан соғыс ашамыз; *Жабайы, жексұрын Жапон шапқыншылары (1937-1945); *Шыңғыс Ханның тегі- қытай; *Қытай провинцияларына әкімшілік реформа жасау керек; *Аз ұлттардың автономиялы регионын жою; т.б Бұл ақпарат темаларының түбі жоқ, бірақ халыққа осы тақырыпты ұсынып басым көпшіліктің ақпараттану шоғырын ауыстырып тұрады. Бұндай әдіс-тәсіл Ресей мен Түркияда бар. Бірі Қырым мәселесі арқылы, келесі бірі Палестина мен Сирия мәселесін қозғап түртіп отыру арқылы халықтың ақпараттық талғамын үнемі басқаға бұрмалап, шын мәнінде талқылауы тиіс анық проблеманы бейғам қалдырып отырады. Қытайдың “орталық азияға шабуыл жасауының” немесе жақын көрші елдерге шүйлігуінің ар жағында біртүрлі ішкі әлсіздік те жатыр. Қандай? Ішкі әлеуметтік тепе-теңсіздік, экономикалық шығын, сәтсіз мемжоспарлар және партияға сенімсіздік. Осы жараны ішкі ақпаратта барынша талқыға салмау керек. Оданша түбі жоқ тақырып “орталық азияны” халыққа бастап берсе, халықтың ақпарат назары билікке емес сыртқа ауады, бұл- жаралы компартияның тыныстап әлденіп алуына жақсы кідіріс демек. Егер халықты “орталық азияны қосып алып, мол мұнай мен газға кенелетініне” сендіре алса

Амир Молдабеков

Вчера, 11:45

Кому: вам

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1675859799244267&id=100004607889639&anchor_composer=false


Отправлено из Mail.ru для Android