Xan qaharlanyp
Da’y’letqali’ degen jer qoryp eldi̇n’ tu’i’esi̇n jai’g’yzbag’an son’,
Turlan keli̇p :— Tu’i’eni̇ nege qai’yrasyn’? — dei’di̇.
— Tu’i’en’di̇ qai’yrmai’, munda seni̇n’ baqtyryp qoi’g’an jeri̇n’ bar ma edi̇? — dei’di̇
Da’y’letqali’.— Atan’a na’let, aq su’i’ek! To’reni̇n’ eli̇ degen eldi̇ qai’dan ko’rdi̇n’, jerdi̇ qai’dan ko’rdi̇n’? — dep jatyp sabai’dy.«To’re tuqymyna ti̇l ti’gi̇zi̇pti̇» degen habar Orynbordag’y A’len hang’a jetedi̇.
Xan qaharlanyp, Turlandy o’lti̇rmek bolyp 300 ki̇si̇men Asay’dyn’ ay’ylyna keli̇p, Turlandy s’aqyrtyp aldyrady.Turlan keli̇p:— A’len, soqyr! Meni̇ nege s’aqyrdyn’? — dei’di̇.
Sonda han qylys’yn qynabynan sy’yryp alyp, to’rt sardar bi’i̇ne qarap:— Mynanyn’ to’resi̇n beri̇n’der! — depti̇. Sardardyn’ ba’ri̇ jaza kesy’ge Turlannan, «kes’i̇ri̇m» dey’ge hannan qorqyp Ai’ty’ar s’es’enge qarapty. Sonda Ai’ty’ar s’es’en ornynan us’yp turyp:
— Ai’, han! Buryng’ydan qalg’an so’z joq pa edi̇, «qara qazaqqa han i’e, qara jerge halyq i’e» degen qai’da? Xandyg’yn’dy ber de jerdi̇ al, handyg’yn’dy qi’masan’, qara jerde nen’ bar? — depti̇.
Sonda halyq qaharynan qai’myqqan han:— Bas taqsyr! To’ren’e quldyq! — dep otyra ketken eken.
Vk “Saryarqa”-tobynan–
Хан қаһарланып
Дәулетқали деген жер қорып елдің түйесін жайғызбаған соң, Тұрлан келіп :
— Түйені неге қайырасың? — дейді.
— Түйеңді қайырмай, мұнда сенің бақтырып қойған жерің бар ма еді? — дейді Дәулетқали.
— Атаңа нәлет, ақ сүйек! Төренің елі деген елді қайдан көрдің, жерді қайдан көрдің? — деп жатып сабайды.
«Төре тұқымына тіл тигізіпті» деген хабар Орынбордағы Әлен ханға жетеді. Хан қаһарланып, Тұрланды өлтірмек болып 300 кісімен Асаудың ауылына келіп, Тұрланды шақыртып алдырады.
Тұрлан келіп:
— Әлен, соқыр! Мені неге шақырдың? — дейді.
Сонда хан қылышын қынабынан суырып алып, төрт сардар биіне қарап:
— Мынаның төресін беріңдер! — депті. Сардардың бәрі жаза кесуге Тұрланнан, «кешірім» деуге ханнан қорқып Айтуар шешенге қарапты. Сонда Айтуар шешен орнынан ұшып тұрып:
— Ай, хан! Бұрынғыдан қалған сөз жоқ па еді, «қара қазаққа хан ие, қара жерге халық ие» деген қайда? Хандығыңды бер де жерді ал, хандығыңды қимасаң, қара жерде нең бар? — депті. Сонда халық қаһарынан қаймыққан хан:
— Бас тақсыр! Төреңе құлдық! — деп отыра кеткен екен.
Вк “Сарыарқа”-тобынан
—