Кенесары ханның кегін қайтарған ер Тәнеке. 1807 – 1885

Кенесары ханның кегін қайтарған ер Тәнеке

 ADYRNA – ұлттық этнографиялық порталы

Түрі: Адырна торабы  

  Symbat SІМА

 

Жолданған уақыты: 13:30 – 2017/10/22

 

       Ұлттық код дегеніміз – қай заманда болсын, ұлтының, халқының, ханының намысын таптатпаған батырларды ұлықтайтын рух болса керек. Осындай ұлықтауға тұрарлық Алаш азаматтарының бірі 15-інде ел билеген Тәнеке туралы қазақтың біртуар перзенті Мұхамеджан Тынышбаев: «1807 жылы Қыдыралы би қайтыс болды. Дәл сол жылы Арғанаты тауларының шығысында, Тасқора шатқалында оның немересі, Дөсет бидің ұлы Тәнеке дүниеге келді» деген мәлімет қалдырған.

Тәнеке батыр орта жүз Найманның Матай руынан шыққан әйгілі Бөрібай батырдың ұрпағы. 
ХIХ ғасырдың басында қазақ халқы Орта Азия, оңтүстік шығысында Қытай ықпалында болғаны аян. Қазақ халқы алым-салықтарымен тұншықтырылып, малы талан-таражға салынып , тартып алынып, мал бағатын өз жерін өздеріне бермей, үстемдік қылған заман еді. 1820 жылдары қазақ халқы өз тәуелсіздігі үшін үш жүз бірігіп, Кенесары Қасымов бастаған ұлт азаттық көтерілісі бүткіл қазақ даласын шарпып, Жетісуға да жеткен болатын. Тәнеке батыр Кенесары ханның ұлт азаттық көтерілісіне үн қосқан, патша үкіметінің отарлау саясатына ашық қарсы келген. Атап айтқанда, 1846 жылы генерал Вишневский Жетiсудың би-сұлтандарымен Кенесарыға қосылмай, патша үкіметінің бодандығын қабылдау туралы келіссөз өткізіп жатқан жерінде Тәнеке батырдың қалың қолының шабуылына ұшыраған.
Тәнеке батыр Кенесары ханға орасан зор қолдау көрсетіп, ханның қырғыз еліне Жетісу өңірі арқылы өтуіне үлкен ықпал жасайды. Ал осыдан кейін қырғыз манаптарының Ресей патшалығына сатылып, Кенесарының басын алып, Қапал, Аягөз арқылы Омбыға жібергенін естіген Тәнеке батыр Жетісу жерінен Матай, Садыр, арғы беттен Қызай елінің руларынан 2000-ға жуық қол жинап барып, қырғыз манаптарын аямай жазалайды, құлдыққа жегеді. Бұл туралы қазақтың әйгілі тарихшысы Ермұхан Бекмаханов еңбектерінде атап өткен. Тәнеке батыр атасы Қыдырәлі биден бастап , арысы Матай, берісі Қаптағай елінің қорғаны болады.

Кененнің кегін алған Тәнекедей батырмен бар қазақ мақтануға тиісті. Кенесары ханның басын іздеу керек, қазақтың рухы қайта тіріледі десек те, Кенесарының басы бүгін емес, сол кезде де текке кеткен жоқ. Қазақ өз намысын жатқа таптатпады. Көптеген болыстар мен сұлтандар Орыс отаршыларына болыспаса да, хан Кенені қолдай алмады. Оның жанында Тәнеке болыс ерге сай мінез көрсетіп, ханның кегін уағында қайтарды. Отаршылармен ашық күрескен батырдың есімін бүгін былайғы жүрттың көбі біле бермейді.

Кенесары ханның кегін қайтарған Тәнекені ұлықтағанымыз – хан Кенені ұлықтағанымыз болар еді. Кенесарының кегін алған батыр деп Тәнеке батырды ұлықтап, ескерткіштер орнатып, Астана мен Алматы қалаларынан көше беріп жатсақ, ол да бір қазақтың рухын көтерер шаруа, нағыз рухани жаңару болмақ еді.

Тәнеке батыр өскен өңірінің адал перзенті ретінде де аз жұмыс атқарған жоқ. Ол шырайлы Қапалда патша үкіметінің қысымымен қоныс аударған татарларға жер беріп, қамқорлығына алады. Оларға екі бірдей мешіт және медресе салып беріп, татар балаларымен бірге қазақ балаларын да оқыта бастайды. Сол кездегі салынған мешіт және медресенің ескі құрлысы әлі сақталған. Сонымен бірге өз елін егіншілікпен айналысуға да баулыған.
Ал ақын Сара Біржан салмен айтысында “Таласпас Тәнекенің Жанбағына, жеңермін егер тартса іс ағына. Шетінен Қыдыр қонған өңшең құтым, мың-мыңдап құт қалдырған арт жағына” деп дәріптеген.

Symbat SІМА

Нақты қайнарын мына арадан басып коріңіз:
http://adyrna.kz/kenesaryi-hannyi-kegin-aytar-an-er-t-neke/
Қосымша қайнары: http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=61&id=841255
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.com/koru.php?tur=61&id=841255

توتە جازۋ نۇسقاسى: http://www.elarna.com/koru.php?tur=61&id=841255

: PDF Download – Жұктеұ – Скачать – ءتۇسىرۋ

Ресурс Twitter Google+ WhatsApp WeChat Facebook Mail.Ru VK

Нақты қайнары: http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=61&id=841255

ماقالانىڭ كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.com/koru_kk.php?id=841255#ixzz4whDVlJeJ
ەل-ارنا كەسكىندەر ايماعى: http://www.elarna.com/video.php