Bi̇li̇kti̇ maman dai’ynday’ – basty talap

                                

S.M. Aldas’ev z.g’.k.,azamattyq quqyq ja’ne
azamattyq i̇s ju’rgi̇zy’,
en’bek quqyg’y kafedrasynyn’ doc’enti̇

J.R.Eslamg’ali’ev
zan’ g’ylymdarynyn’ magi’stri̇

Bi̇li̇kti̇ maman dai’ynday’ – basty talap

 

«Zan’nan aqyldy boly’dyn’ qajeti̇ joq» degen eken a’lemge a’i’gi̇li̇ fi’losof Platon. Rasynda da zan’ qog’amdy, onda bolyp jatqan tu’rli̇ ma’seleler men s’i’eleni̇sken oqi’g’alardy s’es’y’s’i̇ qural. Yag’ni’, bul turg’yda zan’gerlerdi̇n’ de alatyn orny erek. Demek, belgi̇li̇ bi̇r ju’i’e boi’yns’a jumys jasai’tyn, halqy ta’rti̇pke bag’ynatyn memleket qury’ u’s’i̇n bi̇li̇kti̇ zan’ger mamandardy dai’ynday’- mi̇ndet.
Son’g’y jyldary el arasynda bi̇li̇msyz zan’ salasynyn’ mamandary ko’bei’gen degen pi̇ki̇rler qalyptasty. Bul ma’sele aldymen osy salada s’a’ki̇rt ta’rbi’elep ju’rgen ustazdardy tolg’andyratyny anyq. Al, el abyroi’yn asqaqtatar bedeldi̇ azamattardy tu’lek etken a’l-Farabi’ atyndag’y Qazaq Ulttyq Y’ni’versi’teti̇ni̇n’ Zan’ faky’lteti̇ atalmys’ pi̇ki̇rdi̇ mu’ldem joqqa s’yg’arady. Og’an da’lel de joq emes.
En’ alg’as’ 1934 jyly eli̇mi̇zdegi̇ en’ beldi̇ y’ni’versi’tetterdi̇n’ bi̇ri̇nde zan’ faky’lteti̇ qurylyp, o’z qyzmeti̇n bastady. Sol kezdi̇n’ o’zi̇nde ba’sekege qabi̇letti̇ maman dai’ynday’dy basty maqsat etken bi̇li̇m ordasy 2018- jylg’a dei’i̇n s’amamen 35 myn’g’a jy’yq tu’lekti̇ uyasyna qondyrg’an. Qazi̇rgi̇ tan’da memleketti̇k man’yzy bar i̇sterde, proky’raty’ra, sot, notari’y’starda, i̇s’ki̇ i̇str organdarynda halyq i’gi̇li̇gi̇ u’s’i̇n qyzmet eti̇p ju’rgen s’a’ki̇rtter a’li̇ ku’nge dei’i̇n ulttyq y’ni’versi’tet bass’ylyg’y men ustazdaryna alg’ystaryn jay’dyryp keledi̇. Atalmys’ tu’lekter faky’lteti̇mi̇zdi̇n’ ai’nasy desek te artyq ai’tqanymyz bolmas.
A’l-Farabi’ atyndag’y Qazaq Ulttyq Y’ni’vrsi’teti̇ndegi̇ bedeldi̇ faky’ltetterdi̇n’ bi̇ri̇ bolyp sanalatyn bi̇zdi̇n’ ujymda o’z mi̇ndeti̇n mu’lti̇ksi̇z atqaryp kele jatqan daryndy ustazdar bars’ylyq. Ai’ta ketsek, qazi̇rgi̇ tan’da QR UG’A akademi’gi̇, z.g’.d., professor S.S. Sartaev, z.g’.d., professor D.L. Bai’deldi’nov, z.g’.d., professor A.N. Ag’ybaev, otyzg’a jy’yq doktor men professorlar, g’ylym kandi’dattary men doc’entter, 12 PhD doktory men oqyty’s’ylar sty’dentterdi̇ bi̇li̇m na’ri̇men sy’syndatyp keledi̇. Al, o’z kezegi̇nde qara s’an’yraqtan bi̇li̇m alyp, tu’lep us’yp, artynan ergen jas urpaqqa bereri̇m bolsyn degen s’a’ki̇rtter arnai’y da’ri̇s o’tki̇zi̇p turady.
Sonymen qatar u’nemi̇ ko’s’ bastap ju’reti̇n zan’ faky’lteti̇ni̇n’ jeti̇sti̇kteri̇ de az emes. 2011-2012 oqy’ jylyndag’y a’l-Farabi’ atyndag’y Qazaq Ulttyq y’ni’versi’teti̇ni̇n’ faky’ltetter rei’ti’ngi̇si̇ boi’yns’a 2-s’i̇ oryndy i’elense, da’l sol jyly «a’l-Farabi’ tyndag’y QazUY’ faky’lteti̇ni̇n’ u’zdi̇k g’i’maraty» bai’qay’ynda da atalmys’ 2-s’i̇ oryng’a turaqtady. Al 2015 jyly u’zdi̇k faky’ltetter arasyndag’y bai’qay’da 2- s’i̇ oryndy qanag’at qyldy. Faky’ltet sty’dentterdi̇ni̇n’ jan-jaqtylyg’yn, belsendi̇li̇gi̇n, talanttylyg’yn da’leldei’ti̇n ju’ldeler de az emes. Olar: 2014 jyly «Bi̇ri̇ns’i̇ ky’rs sty’dentteri̇ni̇n’ ku’ni̇» atty sporttyq merekesi̇ni̇n’ bag’darlamasynda arqan tartys boi’yns’a 2-s’i̇ oryn, «1-ky’rs talanttary-2014» ko’rkemo’nerpazar bai’qay’ynda zamanay’i’ bi’ nomi’nac’i’yasy boi’yns’a 2-s’i̇ oryn, 2018 jyly o’tken da’stu’rli̇ tazalyq bai’qay’ynda 1- s’i̇ oryn.
Bul bi̇li̇mdi̇ maman men belsendi̇ s’a’ki̇rt bi̇rli̇gi̇ negi̇zi̇nde faky’ltetti̇n’ jetken u’lken jeti̇sti̇kteri̇. Jog’aryda atap o’tkeni̇mi̇zdei’, a’l-Farabi’ atyndag’y QazUY’-dyn’ zan’ faky’lteti̇ zan’gerler dai’yndai’tyn en’ u’lken mektep. «Zan’ – memleketti̇n’ tog’yz qabat, tor ko’zdi̇ say’yty» degen eken S’erhan Murtaza. Al halqyna qalqan bolar u’zdi̇kterdi̇n’ u’zdi̇gi̇n dai’ynday’ bi̇zdi̇n’ paryz.

 

  

 

С.М. Алдашев з.ғ.к.,азаматтық құқық және

 азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының доценті

 

Ж.Р.Есламғалиев

заң ғылымдарының магистрі

Білікті маман дайындау – басты талап

 

 

«Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ» деген екен әлемге әйгілі философ Платон. Расында да заң қоғамды, онда болып жатқан түрлі мәселелер мен шиеленіскен оқиғаларды шешуші құрал. Яғни, бұл тұрғыда заңгерлердің де алатын орны ерек. Демек, белгілі бір жүйе бойынша жұмыс жасайтын, халқы тәртіпке бағынатын мемлекет құру үшін білікті заңгер мамандарды дайындау- міндет.

Соңғы жылдары ел арасында білімсыз заң саласының мамандары көбейген деген пікірлер қалыптасты. Бұл мәселе алдымен осы салада шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздарды толғандыратыны анық. Ал, ел абыройын асқақтатар беделді азаматтарды түлек еткен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультеті аталмыш пікірді мүлдем жоққа шығарады. Оған дәлел де жоқ емес.

Ең алғаш 1934 жылы еліміздегі ең белді университеттердің бірінде заң факультеті құрылып, өз қызметін бастады. Сол кездің өзінде бәсекеге қабілетті маман дайындауды басты мақсат еткен білім ордасы 2018- жылға дейін шамамен 35 мыңға жуық түлекті ұясына қондырған. Қазіргі таңда мемлекеттік маңызы бар істерде, прокуратура, сот, нотариустарда, ішкі істр органдарында  халық игілігі үшін қызмет етіп жүрген шәкірттер әлі күнге дейін ұлттық университет басшылығы мен ұстаздарына алғыстарын жаудырып келеді. Аталмыш түлектер факультетіміздің айнасы десек те артық айтқанымыз болмас.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униврситетіндегі беделді факультеттердің бірі болып саналатын біздің ұжымда өз міндетін мүлтіксіз атқарып келе жатқан дарынды ұстаздар баршылық. Айта кетсек, қазіргі таңда ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев, з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдинов, з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаев, отызға жуық доктор мен профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер, 12 PhD докторы мен оқытушылар студенттерді білім нәрімен сусындатып келеді. Ал, өз кезегінде қара шаңырақтан білім алып, түлеп ұшып, артынан ерген жас ұрпаққа берерім болсын деген шәкірттер арнайы дәріс өткізіп тұрады.

Сонымен қатар үнемі көш бастап жүретін заң факультетінің жетістіктері де аз емес. 2011-2012 оқу жылындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің факультеттер рейтингісі бойынша 2-ші орынды иеленсе, дәл сол жылы «әл-Фараби тындағы ҚазҰУ факультетінің үздік ғимараты» байқауында да аталмыш 2-ші орынға тұрақтады. Ал 2015 жылы үздік факультеттер арасындағы байқауда 2- ші орынды қанағат қылды. Факультет студенттердінің жан-жақтылығын, белсенділігін, таланттылығын дәлелдейтін жүлделер де аз емес. Олар: 2014 жылы «Бірінші курс студенттерінің күні» атты спорттық мерекесінің бағдарламасында арқан тартыс бойынша 2-ші орын, «1-курс таланттары-2014» көркемөнерпазар байқауында заманауи би номинациясы бойынша 2-ші орын, 2018 жылы өткен дәстүрлі тазалық байқауында 1- ші орын.

Бұл білімді маман мен белсенді шәкірт бірлігі негізінде факультеттің жеткен үлкен жетістіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті заңгерлер дайындайтын ең үлкен мектеп. «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты» деген екен Шерхан Мұртаза. Ал халқына қалқан болар үздіктердің үздігін дайындау біздің парыз.