Қайта оралды…

❤
Қайта  оралды…                                                                           Масабаев Арман

Ішкі сезім тасып жатыр сыртына,
Бұның да бір мағынасы бар шығар.
Жаз бойы шөлдеп келген көңілім,
Бір көңілмен сусындауға зар шығар.

Жаз да бітті жалқаулықпен дос болып, 
Мініп алып түспей қойды мойынымнан. 
Еңбекпенен аңсап күткен күз келіп 
Алып шықты жалқаулықтың қойынынан. 

Сабақ келді, уақыт қайта оралды, 
Керегіне көп нәрсені жаратып. 
Менде болған аңсап күткен арманды,
Жан жағына қарамай-ақ таратып 

Ата ананың үміті бар сөнбейтін, 
Қанша өшседе сенің жанған шырағың. 
Соңғы демің қалсадағы күресші. 
Айналайын ақ пейілді қырағым. 

Соңғы үмітті артып алып арқаңа, 
Ұмтыл қане тек алдыға тоқтама. 
Саған деген көп сенімдер болган соң, 
Бітпей жатып қаруыңды оқтама. 

Бұл бір жылда тез өтеді зулатып, 
Қайта оралады келесі жыл өткенде. 
Сен боларсың ақ төрінде өмірдің,
Талай жандар еш армансыз кеткенде. 

Ерте құрып отбасымды қайтейін, 
Ауыр жүкті асып алып арқама. 
Үміт, сенім, намыспенен талпыныс 
Арман, мақсат осылар ғой бар ғана. 

Әйтеуір бір тесіп шығам тастарды, 
Қиналсамда, жыласамда мұңайып. 
Анандайсың, мынандайсың дегендер, 
Өмір тартар саған деген құр айып. 

Уақыт келді, қайта оралды сол шағым 
Көрсет қане өз өзіңді “Армантай” 
Курес, сүрін, мақсатыңның жолында, 
Болсын десең сәл бақытың бармақтай.

Қайнар Академиясы,журналист Қайта    оралды… 

Ішкі сезім тасып жатыр сыртына,
Бұның да бір мағынасы бар шығар.
Жаз бойы шөлдеп келген көңілім,
Бір көңілмен сусындауға зар шығар.

Жаз да бітті жалқаулықпен дос болып, 
Мініп алып түспей қойды мойынымнан. 
Еңбекпенен аңсап күткен күз келіп 
Алып шықты жалқаулықтың қойынынан. 

Сабақ келді, уақыт қайта оралды, 
Керегіне көп нәрсені жаратып. 
Менде болған аңсап күткен арманды,
Жан жағына қарамай-ақ таратып 

Ата ананың үміті бар сөнбейтін, 
Қанша өшседе сенің жанған шырағың. 
Соңғы демің қалсадағы күресші. 
Айналайын ақ пейілді қырағым. 

Соңғы үмітті артып алып арқаңа, 
Ұмтыл қане тек алдыға тоқтама. 
Саған деген көп сенімдер болган соң, 
Бітпей жатып қаруыңды оқтама. 

Бұл бір жылда тез өтеді зулатып, 
Қайта оралады келесі жыл өткенде. 
Сен боларсың ақ төрінде өмірдің,
Талай жандар еш армансыз кеткенде. 

Ерте құрып отбасымды қайтейін, 
Ауыр жүкті асып алып арқама. 
Үміт, сенім, намыспенен талпыныс 
Арман, мақсат осылар ғой бар ғана. 

Әйтеуір бір тесіп шығам тастарды, 
Қиналсамда, жыласамда мұңайып. 
Анандайсың, мынандайсың дегендер, 
Өмір тартар саған деген құр айып. 

Уақыт келді, қайта оралды сол шағым 
Көрсет қане өз өзіңді “Армантай” 
Курес, сүрін, мақсатыңның жолында, 
Болсын десең сәл бақытың бармақтай.

Қайнар Академиясы,журналист