Сырымның үш қасиеті

Дереккөз: el24kz

Сырымның үш қасиеті

 

 

Категория: Ғибратты әңгімелер

Опубликовано: 09 октября 2018

Просмотров: 1273

 

Бір топ жолаушы Сырымды іздеп келе жатса,алдарынан әйел шығады.Жөн сұрасып,жолаушылардың Сырымға бара жатқанын біліп,беріп жіберетін манаты бар екенін айтып, оны Сырымға жеткізуді өтінеді :

–         Ол не аманат, жеңіл ме, ауыр ма?- деп сұрайды жолаушылар.

–         Қадірін білсеңіз жеңіл де емес ,алып жүруге  ауыр да емес,- дейді де,әйел басындағы орамалын көтеріп бір тал шашты желкесінен,енді бір тал шашты маңдайынан жұлып алып жолаушыларға  береді.Содан кейән оң жақ қолтығыныан бір жапырақ шүберек береді.Тезек теріп жүрген қабының бір бұрышын жыртып алып,оны да Сырымға жеткізіңіз деп береді.Жолаушылар”Мұны кім берді деп айтамыз”,-дегенде, әйел: ”Сырымның өзі біледі” ,- деп жауап қайтарады.

Жолаушылар  Сырым аулына  келіп,болған  мән –жәйді  айтып, аманатын тапсырады.

-Сендер мұны не деп шештіңдер?- деп сұрайды Сырым.Жолаушылар:

  • Шеше алмадық,-дейді.
  • Бұл әйел Байбақты баласы көрінеді,елден  ерте кеткен екен.Желкеден шаш алғаны  туған жерім, туысөан елім артымда ұалды дегені .Төбеден шаш алғаны одан бері мына бастан бірталай уақиға өтті дегені.

Маңдайынан  шаш алғаны – әлі жаспын, өмірден  үмітім тар дегені.Көйлектің оң жақ  қолтығынан  шүберек жыртып бергені – қолтықта бауыр бар.- Мен сенің бауырыңмын дегені.Байбақтың баласы екенін  осыдан  білдім.Қаптың бұрышын  бергені  үйге  тезекпен кіріп күлмен шығып жүрмін дегені,-дейді,Сырым.

Біраз күн қткен соң соң Сырым әйелдің аулына келеді.Мұндағылар  қонақ етіп, біраз жатқан соң ауылдың бір ақсақалы :”Не жұмыспен  келдің?”- деп сұрайды.Сонда Сырым:

Саған  арзан, маған қымбат,сенің қолыңда  менің б

–         Саған  арзан, маған қымбат,сенің қолыңда  менің бір сүйегім –қарындасым жүр екен.Бұлын алып бересің бе,құнын алып бересің бе? – дейді.

–         Бұрын сен ол қарындасыңды көріп пе едің? – дейді ақсақал.

–         Жоқ,көргенім жоқ! – дейді Сырым.

Сонда ақсақал: – Бір түсті киінген қырық әйел,қырық еркек қарама-қарсы жүреді.Сол уақытта бір-біріңді танысаңдар бірге ауылдарыңа қайтыңдар,танымасаңдар осында қалады, – дейді. Сөйтіп,қырық еркек,қырық әйел  қарама-қарсы жүргенде көп әйелдің ортасында келе жатқан байбақтының қызы қасында келе жатқан әйелдің құлағына:

–         Анау,қырық адамды бастап,қырық бірінші болып келе жатқан менің ағам Сырым, – деп сыбырлайды.Сырым да Байбақтының қызын тани кетеді. Сонда ақсақал:

–         Бір-біріңді қалай таныдыңдар? – деп сұрағанда, Сырым:

–         Қырық әйелдің ішінде отыз тоғызы өтіп бара жатқан еркектің бәрінің бетіне қарап санап шықты,ал мына әйел қатарынан асып кеткенше менен көзін аудармады.Содан таптым, – дейді.

Ақсақал әйелден: – Сырымды қалай таныдың? – деп сұрағанда ол:

–         Сырымда ерекше үш қасиет бар:біріншісі – батырға біткен тұлғасы,екіншісі – өжет мінезі,үшіншісі – асқан даналығы бар  деп еститін едім.Сырым маған қыран топшылы,толық денелі,кең кеуделі,шалқа төсті,жолбарыс бетті болып көрінді.Басы да елден ерек – торсық шекелі екен.Ағамды осыдан білдім, – депті.

Сөйтіп Сырым Байбақтының қызын күндіктен құтқарып аулына алып қайтқан екен.

Дереккөз: el24kz