Тіршілікте араласуы мен шүйіркелесуі аз болғанмен, қазақтың қалжыңын қастерлеген қасиеті мол жандар еді-ау деп толғанасың. Бұл адамдардың бойында заманына ылайықты қылықтың бәрі бар еді. Олар бізге осынысымен де қымбат, қадірлі.
Өмірзақ Айтбайұлы
Мәкең мен Секең қағытпалары
Қазақ тілінің қос тарланы (Мәулен Балақаев пен Ісмет Кеңесбаев) айтты деген әңгіменің көбі бұл күнде аңызға айналып кетті. Бұл адамдардың ғалым ретіндегі еңбектері өз алдына да, адам ретіндегі әңгімелері екінші бір қызықты сала
Бүгінгі ғылыми кеңес көңілді өтіп жатыр. Мұндай отырыстардың түйіні көбінесе Секеңе байланысты. Бүгін ол кісінің көңіл-күйі көтеріңкі екен. Әркімге жылы сөз айтып, қалжың тастап, ара-арасында қарқылдап күліп те алады. Кеңесте ізденуші С.Төлекованың “Алғыс-қарғыс мәнді фразеологизмдер” деп аталатын диссертациясы талқыланып жатқан. Секең ізденушіге қарап:
– Қазақ тілі мұндай сөздерге де бай ғой, соның біразын сен де жинаған екенсің, жөн делік. Ал бұлардың әйелдер мен еркектерге тән түрлерін тауып, жіктедің бе? –деп сұрақ қойды.
– Сонда Мәкең диссертанттан бұрын әлгілерді жымиып тергіштей бастады. Секең сұрағын одан ары нақтылай түсті.
– Мәселен, еркектер а
йтпайтын, тек әйелдерге тән қарғыстар бар, соларды айтам!
–Еркектер “Қырғын тигір!” деп те айта береді – деп Секеңді қалжыңға тартып еді. Сонда Секең жұлып алғандай:
–Мұны Мәкеңнен басқа еркектің айтқанын естіген емеспін! – деп сарт еткізді. Жұрт ду күлді. Секең мұнымен тынған жоқ, диссертация материалын пайдалана отырып, Мәкеңді тағы бір түртіп кетті. Ол С.Төлековаға қарап:
– Ал енді бар ғой шырағым, мына жұмысты зерттегенде ашқан жаңалығың қайсы? Мұны мен ғана емес, осыдан 20-30 жыл өткен соң мына отырған ағаларың да сұрайды. Әрине, ол кезде мына Мәулен мен Ғайниден бола қоймас, ал менің болатыным анық – деп қулана түсті. Сонда манағы ұтылыстың есесін қайырудың жолын іздеп, аңысын аңдып отырған Мәкең, өзі құрған қақпанға аңдамай өзі кеп түскен құрдасына:
– О, жағың қарысқыр! – деді ақырын ғана. Манағы манағы ма, жұрт қыран-топалаң күлкі құшағына енді. Әсіресе, алғыс-қарғыс мәнді сөздер талқыға түсіп жатқанда, мынадай қалжың тіпті жарасым тауып кеткендей еді.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.