Есте қалар әдеби жүздесу

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы  Филология және әлем тілдері факультетінің доценті

 Ләйла Мұсалы

 

Есте қалар әдеби жүздесу

 

АЛМАТЫДА ӘДЕБИЕТ СҮЙЕР ҚАУЫМ үшін тағы бір қызықты да пайдалы шығармашылық жүздесу өтті. Осындай шараларды үнемі ұйымдастырып отыратын  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы  жақында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВтің қатысуымен «ӘЙ, ДҮНИЕ-АЙ» атты  шығармашылық кездесу өткізді. Кездесу  Әл-Фараби  кітапханасының  308 залында өтті.

Кездесуде жазушының Мемлекеттік сыйлыққа ие болған сүбелі туындысы «Әй, дүние-ай» романы талданды. Б.Нұржекеев қазақ тарихының аса бір ауыр кезеңдерінің ащы шындығын арқау еткен шығарманы жазу барысында негізінен тарихи деректерге, мұрағат құжаттарына сүйенгендігін атап айтты. Шығарманы алдын ала оқып, біршама талдап келген болашақ филологтар көкейлерінде жүрген кейбір сұрақтарын қойып, кейбір мәселелерге өзіндік пікір көзқарастарын айтып, жазушымен барынша ашық пікірлесті. Шәйі образы, Тазабектің бейнесі төңірегінде көптеген сұрақтарға жауап алды.

Филология және әлем тілдері факультетінің доценті, әдебиетші ғалым Еркінгүл Солтанаева, әл-Фараби кітапхананың көпшілікпен жұмыс бөлімінің басшысы Жаманкөзова Ақмарал, жауапты қызметкері Манапбаева Жұлдыз, «Көкжиек» клубының мүшелері қаламгер туындысы жөнінде ой-пікірлерін білдірді. Кеш соңында  шығарма талдауға белсене қатысқан студенттерге жазушының «Әй, дүние-ай» романы табысталды. Қаламгер болашақ әдебиеттанушыларға табыстар тіледі. 

Филология және әлем тілдері факультетінің доценті

Ләйла Мұсалы

Кездесу  Әл-Фараби  кітапханасының  308 залында өтті.