Ежелгі қазақтың 7 түрлі әскери қосыны

Мақала жолдаушы: Әлмәсбек төре

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

 

Жолданған уақыты: 15:06 – 2017/10/24

Ежелгі қазақтың 7 түрлі әскери қосыны

Қосымша қайнары:http://www.elarna.com/oku_kk.php?tur=11&id=2309
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=2309

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=2309

Мақала жолдаушы: Әлмәсбек төре
Мақала апторы:
Аптордың мекен-жайі:

: PDF Download – Жұктеұ – Скачать – ءتۇسىرۋ

Ресурс Facebook Twitter Google+ WhatsApp Mail.Ru SMS VK WeChat baidu Email Qzone Renren Viber

Қазақ және басқа да Түрік-Ғұннан тараған халықтарда мынандай әскери атаулар істетілінген екен, таңданыс тудыратыны неше ғасырлар, мың жылдар өтсе де бұл атаулардың күні бүгінге дейін Қазақ жадында сақталуы мен қолданыста болуы. Төменде осы әскери атаулардың түсініктемесі берілді.

Мәліметтер «Түрік Шежіресін» (1838-жылғы Лондон нұсқасы) негіз ете жазылды, бұл «Түрік Шежіресінің» иесі Шыңғысханның үлкен баласы Жошыдан тараған бел ұрпағы Әбілғәзі Бәхәдүр, ол Хиуа Хандығының Ханы болған. «Түрік Шежіресінің» әуелгі нұсқасы 1663 жылы Әбілғәзі жағынан жазылған. Еңбек алғаш рет Француз тіліне 1726 жылы аударылса, кейін ағылшын және орыс тілдеріне әудәрілғән.

Еңбекте айтылуынша ерте заманда Оғыз Хан барлық әскерлерін жинап жетіге бөледі, осы жеті топтың атаулары жеке-жеке мына ретпен келген.

  1. Құрауыл: бірінші топ – ең алдында жүретін бірінші бөлімі. Бұл топ армияның ең алдыңғы қорғаныс, әрі шабуылшы шебі болған. Түріктер бұл топты «Құрауыл» деп атаса, Моғолдар (мұңғолдар) «Болжоңғар» деп атаған дейді Әбілғәзі Бәхәдүр «Түрік Шежіресінде». Олар құрамалар болып, ең әлдімен ұрысқа кіріп шайқас дәмін татады, әрі қырғынға көп ұшырайтын да осылар. Аты айтып тұрғандай олар әртүрлі құрама топтардан құралған. Хандар «Құрауыл» қосынына әртүрлі түтқіндәрмен басқа жұрттарды көп қосатын болған, себебі қырылса ең әлдімен солар қырылатын, өз әскеріне тым зақым келмейтін. Мәселен Шыңғысхан тұтқынға түскен тәжіктерді түмен-түменімен ең алдынғы «Құрауыл» қосынына қосып қалаларды алуға жеккен.

  2. Ерауыл (немесе Мұңқолай) : екінші топ – Түріктер бұл қосынды «Ерауыл» (ерген топ) және «Мұнқұлай» деп атаса, Моғолдар (мұңғолдар) «Бороңғар» деп атаған дейді Әбілғәзі Бәхәдүр. Олар алдағы «Құрауыл» тобының артынан мәлім аралық-қашықтық қалдыра еріп отырады, бұл бөлімнің басты рөлі барлық қосындар арасындағы байланысты жандандыру болған. Ал араптар бұл топты «Мүкдүмт-ил-жиш» деп атайды, себебі бұл топқа қосындағы ең батыр жігіттер ұйыстырылған деп жалғастырады еңбек иесі. Бұл қосын «Құрауылдың» артын аңдап еріп отыратындықтан «Ерауыл» немесе «Ерген топ» аталған.

  3. Оңқол: үшінші топ – жалпы қосынның оң жақ бөліміне орналасқан. Олар алдынғы екінші топ «Ерауылдан» садақ жебесі жетер ара-қашықтық яғни жебе ұшырым шалғайлық сақтап отырады. Бұл топты Түріктер «Оң-қол» деп атаса, Моғолдар (мұңғолдар) «Оңғар» деп атайтын, Арапша «Йүменә» делінген.

  4. Солқол: төртінші топ – жалпы қосынның сол жақ бөліміне тұрақтасқан, яғни «оңқолдың» қарсы жағына орналасқан. Түріктер бұл қосынды «Солқол» десе, Моғолдар (мұңғолдар) «Жоңғар» деп атайтын. «Оңқол» мен «Солқол» ортадағы «Жасауыл» қосынынан тең аралық сақтап жайғасқан, осы ретпен жүреді .

  5. Жасауыл: бесінші топ – жалпы қосынның қақ ортасына орналасып, «Қол» деп аталған. Олар «Оңқол» мен «Солқол» екі топтың арасында қимыл жасап, қозғалыс алып барады. «Жасауыл» қосынның қолбасы ұрыста өзінің орнын осы арадан ауытқытпай сақтап, бұйрығын осы екі арада атқарады. Бұл қосын Түрік тілінде «Жасауыл» делінсе, Арапша «Қалыб-әл-жәйш» делінген. Хандар мен Патшалар осы Жасауыл қосынында жүретін болса керек, «Түрік Шежіресінде» Шыңғысхан Нәймәнхәнмен ұрыста осы «Жасауыл» қосынында тұрғандығын айтады. Бұл қосынға бұзып-жарып кіру өте қиын болған, себебі «Жасауылды» алдыда «Құрауыл» мен «Ерауыл» қосыны қорғаса, оң жақтан «Оңқол», сол жақтан «Солқол» қосыны қымтаған, ал артынан «Шаңдауыл» және «Бұқтырма» қосыны қорғаған.

  6. Шаңдауыл: алтыншы топ – алдынғы «Қол» тобынан белгілі аралық сақтап орналасқан, яғни олар «Қол» қосынының ат тұяғынан шыққан шаңына жетеқәбіл қашықтықта еріп жүруі керек. Бұл қосын Түрік тілінде «Шаңдауыл (Шаңды-ауыл) » делінсе, Арапша «Сәкех» делінген. Кейде Түріктер бұл топты «Оқшы» деп атаса, Моғолдар (мұңғолдар) «Оқжоңғар» деп атайтын.

  7. Бұқтырма: жетінші топ – «Шаңдауыл» қосынына оң-солға бөлінбей жинақы түрде еріп отыратын қосын. Олар жаулар «Шаңдауыл» қосынының ат тұяғынан шыққан шаңды көре алмайтындай аралық тастай бұға еріп отырады. Түріктер бұл топ қосынды «Бұқтырма», Моғолдар (мұңғолдар) «Басоңғар», Парсылар «Күменгәх» деп атайтын еді, ал Арап тілінде не дейтіні анық емес, олар бұл топқа ат қоймаған сияқты. Парсылар осы тектес қосын-армия әскери түзімдерін Татарлардан (Түрік-Моғолдардан) алған. Аты айтып тұрғандай «Бұқтырма» жалпы қосынның ең артынан бұғып жасырына еріп жүретін қосын.

Бұл ертедегі әскери атаулар көне замандағы Түрік-Мұңғол ел-ұлыс-рулары жорықтарында істетілген. Қызығарлығы бұл атаулардың Түрікшесі қәзіргі қазақтар арасына, ал Моғолшасы мұңғолдар арасында әлі күнге дейін қолданыста, бұл Қазақтардың өләрмен тіке мүрәгерлік жалғастырушы байланыста екенін тіпті де анықтай түседі. Әбілғәзі осы «Түрік Шежіресінде» Шыңғысхан мөғөлдәрімен Найман ханның наймандары арасында болған ұрыс дәл осы әскери бөліс тәртібі бойынша жүргізілгенін айтады, қатысты уақиға аса анық түрде былай суреттелген. Үзінді:

“…Қөзі (Көксәуіл батыр) батырдың бұл сөзін естіген Найман ханы қатты ұялып, өздерінің ұрыс айласын күшінен қалдырады да, кері шегініс жасап ұрысудың орнына қарсы соғысқа дайындалады. Ханзада Төле Темүшіннің (Теміршін) «Болжоңғар (Құрауыл) » немесе алдынғы қорғаныс қөсінімен жетіп келіп, Наймандарға шабуылдай бастайды, Найманның бұл бөлімі жеңіледі, артынша Найман «Құрауылына» көмекке Қозы батыр Найман Ханның «Бороңғар (Ерауыл) » қөсінімен жетеді, ал олар Құбылай мен Жебе Ноян бастаған «Мұнқұлай, яғни Ерауыл» қөсінімен қылыш айқастырып, екі жақ ұрыста тең түседі, қос жақтан да өте көп сандағы адам өледі. Осы кезде Темүшіннің «Қол (Жасауыл) » қосыны немесе негізгі қөсінімен келеді, тағы да оған ілесе «Оңқол» және «Солқол» қосынды бастап Шағатай мен Өгедәйләр шайқасқа араласады. Ал Жошы болса «Әсүбех (әсүбе) » («Шаңдауыл немесе Бұқтырма» қосыны болса керек) немесе запас қөсінмен Моғол қосынының артқы және жан тұстарын қорғап келе жатқан. Құрашар Ноян (Шіңғісхәнмен бір аталас, Әмір Темірдің арғы ұлы атасы) ерекше батырлық танытып Найман ханға қарсы аса сәтті ұрыс айлаларын іске асырады. Дәл осы кезде, Темүшін өзінің армиясындағы асқан жәужүрек бәтірләрімен басын бәйгеге тіге қанды шайқас майданына бас қойып, бар жан-тәнімен ұрыс салады, ол Найман ханға қарсы бората аса сәтті соққылар жүргізеді. Темүшіннің барынша құлшынысты шайқасынан соң, Найман ханы ауыр жараланып, денесінен қан көп кетеді де атының жалын құшып салбырап қалады, Найман ханды бектері қорғаштап атын жетектей жақын арадағы тауға алып кетеді, Хан сол арада бұл дүниеге қош айтады”…

Осы іспеттес әскери бөлістер Әбілғәзінің айтуынша Алтын Ордәмен Әмір Темір арасында болған аса зор ұрыстарда да істетілген. Мәселен оны Әбілғәзі былай сүреттейді:

“…Сөл алапат ұрыстан соң Бәхрен Ұғылы Байдың денесі оның руындағы сап қәрәкөк болат сауыт киген 700 жас жігіттің өлігімен жабылып қалған күйінде табылады, бұлар Ұғылы Байдай Ноянын қорғамақ болып жанын берген жігіттер-тұғын. Олардың барлығының мінген жылқыларының жәлімен аяғына қитас (тау қодастың құйрығы, ұрыс айлаларының бірі, қитас аттың жүрген ізін білдірмеу үшін тағылады, ат аяғына байланған қитас ат ізін өшіріп отырады және аттың қай бағытта бет алғанын білдірмейтін рөлі бар) ілінген екен, осыдан-ақ бұл ұрыста оларда қаншалықты шығын болғанын мөлшерлей беруге болады. Сол күннен бастап Өзбек хандарының әскери қанатындағы немесе құрындағы (әскер құрамасы немесе дұрбарыс) Бәхрен тайпасының орны сол-қанатта (Солқолда) болып қалған, сол-қанат немесе сол-құр қосынды Моғолдар «Жоңғар» деп атаса, Түріктер «Сол-қол» деп атайтын еді. Бәхрендер одан бұрын өздерінің туыстастары болған Қоңырат, Найман, Жалайыр және Үлешүн (Үйсін немесе Алшын) қатарлы тәйпәләрмен оң қанат (Оңқол) әскер құрамында еді (оң жақты Моғолдар «Оңғар», Түріктер «Оңқол» дейтін) . Бұл шайқас Бәхрендердің жан санын аса көп дәрежеде кемітіп жібереді, одан бұрын Бәхрендердің саны Қоңыраттар мен Наймандардың екі есесіндей көп бөләтін”…

Берілген деректер бойынша ертедегі Оғыз Қаған, бертінгі Түрік-Моңғол ұлыстары да ұқсас әскери атауларын істеткенін байқаймыз, әрі бұл атаулар күні бүгінге дейін Қазақ халқы арасында сақталған. Қазақтың «Жеті» санын қүрметтеуі де осы себептермен болса керек. Айтылған 7 түрлі әскери қосындардың орналасуын зерделесек олар бейне садақтың жебесі секілді пішін түрінде келгенін байқаймыз, төменде суреті берілді. Жалпы қосын ұрыс барысында әрқәндәй жағдайда да осы жебе формасындағы қосын тәртібін бұзбауы міндет бөлғән.

Әбілғәзі осы әскери атауларды Әмір Темірдің ұрпағы болып келетін атақты ғалым Ұліқбектің жазған «Төрт Ұлыс Хандары (Тариқи-ұлұс Арбаға) » атты еңбектен алса керек. Сөнімен бірге Әбілғәзі бұл еңбекте Шыңғысхан және Моғол рулары Нұх пайғамбардың баласы Жәпеттен туған Түріктің ұрпақтары дейді, «Жәмиғ Әл-Тарауиқтың» иесі Рәшид Ад-дін мен «Зафарнама» (18-ғасыр) атты еңбекте Язидта солай түсіндіреді, алайда 14-ғасырда жазылған «Тәрйқ Әл-ғұзйда» атты еңбекте Хамадұллах Қазуыни Моғолдар Түріктің баласы емес, ол Түріктің “Мансақ” деген інісінен тараған, Мансақты «Дыбақу Хан» деп те атайды, ол Ғұр жұртының атасы деп жалғастырады, әрі Жоғарғы еңбектерде Ғұрлар Түріктің дұшпаны болып саналған.

Бұл еңбектерден осы тектес Қазақ халқының өткеніне-бүгініне қатысты тарихи дерек-детәлдәрді көптеп жинақтауға болады. Тағы бір қызығарлығы бұл «Түрік Шежіресіннен» басқа нұсқадағы «Түрік Шежірелерінде» кездесе бермейтін осындай құнды деректер молынан табылады.

Пайдаланған еңбектер:
1. «Түрік Шежіресі» (1838-жылғы Лондон нұсқасы) , Ж.Нұрсұлтан аудармасы.
2. «Жәмиғ Әл-Тарауиқ», Рәшід Ад-дін.
3. «Зафарнама», Язид
4. «Тәрйқ Әл-ғұзйда», Хамадұллах Қазуыни
5. «Қазақшылық, Аса Тәуекел Серілік және Қазақтардың Қалыптасуы, Алаша Хан бөлімі», Жойплй.

Ж.Н

Abai.kz
қосымша жүктелген суреттері: