Таңжарықтың төрт түлікпен қоштасуы
Мақала жолдаушы: Шайтқазы зеинелқәзі ұлы
Мақала апторы: Шайтқазы зеинелқәзі ұлы
Аптордың мекен-жайі: Құлжа қаласы
Таңжарықтың «торт түлікпен қоштасу» дастаны туралы зерттеу
шәйтқәзі зеинелқәзі ұлы таңжарықтың «торт түлікпен қоштасуы» қазақтың көшпенді өндіріс тәсілімен қоштасуы. өндіріс тәсілі ــ бір ұлт немесе бір қоғамның мәтерялдіқ игіліктерді өндіру тәсілін көрсетеді. ол адамдардың мәтерялдіқ тұрмысының ең маңызды жағы, тұтас қоғамдық болмыстың негізгі тұлғасы, өндіргіш күш пен өндірістік қатынастың бірлігі, қоғамның өмір сүруі мен дамуының негізгі қозғаушы күші. таңжарық ұсталып бара жатқанда «туған елмен», «туған жермен» қимәстіқпен қоштасды؛ түрмеден босап ауылына қайтқанда сағына амандасады. осы дастандарында адам мен адам және адам мен жаратылыстық орта арасындағы бір-бірінен айрыла алмайтын ішкі өргәникәліқ байланыс қазақтың көшпелі қоғамдық тұрмыс тәсілін арқау етіп жырланады. одан соң, тағы көшпенділердің адами фәктөрләрін быр-бірімен байланыстырып тұрған және оларды жағрафялық өртәмен байланыстырып тұрған дәнекер фәктөр ــ«торт түлік» автор назарынан қағыс қалмайды. бұл бір қоғам тану пәніне қатысты ғылми ұғым. қоғамдық тарыхтың мәтерялдіқ алғы шарты туралы мақсатты түрде ізденген адам болмаса, бұл түйінді сезіне алмайды. таңжарық қоғам танушы, ол қоғамның өмір сұруы мен дамуына қәжетті болған барлық мәтерялдіқ шарт-жағдайлардың ештемесін қалдырмай жырлауды мақсат еткен. сондықтан, көшпенді қазақтардың мәтерялдіқ игіліктерді өндіру тәсілі болған көшпенді өндіргіш күш фәктөрләрінә: «қош бол, төрт түлігім» деп, арнаулы қош айтады:
мен бүгін қош айтыстым елімменен,
шыр етіп түскен ана жерімменен.
тарихта атам қазақ кәсіп еткен,
өткізген бар өмірін мәліменен.
ішсе тамақ, кисе киім, мінсе көлік,
қоштасам енді бүгін мәлімменен.
қой, жылқы, түйе, сыиырــ қалың мәлім,
қүрметің елге қылар маған мәлім,
міңғіріп жатырмысың мекеніңде,
келтіріп жердің көркін елдің сәнін.
әдәмді бағып оттың малдарым-әй,
көркеиген сендерменен жандарым-ай.
ту баста қолға үйреніп жабайыдан,
ту сонан кәсіп боп ең бері қәрәй.
ел мен мал, туған жерім қалдың сендер,
сөндіқтән қоштасамын бәріңменен.
ел мен жер бұрын талай қош әйтқәмін.
бүгінгі өшіретім мәлімменен,
мал шіркін, ардақтадың, қарызым көп,
әрнәйі қоштасамын сеніменен.
бүл шығарма 213шумақтан тұратын ұзақ дастан. дастанда төрт түлікке айырым-айырым қош айтады. төрт түлік малдың көшпенді қазақтардың мәтерялдіқ тұрмыс игіліктерін өндіру барысындағы орны мен ролы жөнінде жан-жақтылы толғаныс жасалады. шығарманың негізгі желісі ــ мал шаруашылығы қазақтардың мәтерялдіқ игіліктерді өндіру тәсілі әрі мәтерялдіқ тұрмысының ең маңызды шарты деген идеяні өзек етіп өрістеиді. мал шаруашылық өндіріс тәсілінің сипатына қарайторт түлік мал өндіргіш күш фәктөрләрі ішінде әрі өндіріс өбиекті, әрі өндіріс құралдары болып рол атқарғандығы байымдалады. қазақтар өздері өндіргіш күштің басты фәктөрі ретінде төрт түлік малды бір жақтан, өндіріс құралдары ретінде пайдаланса, және бір жақтан, өндіріс өбиектсі ретінде пайдаланып көшпенді өндіргіш күш жүйесін қалыптастырғандығы жырланады. қазақтың тірлік көзі, кәсібі ــ мал. ақынның: «ішсе тамақ, кисе киім, мінсе көлік» дегені малдың әне сол әрі өндіріс өбиекті, әрі өндіріс құралы ретіндегі екі жақты сипатын көрсетеді.
таңжарық бұл дастанды екі түрлі мәқсәтпен жазған: бірі, қазақтардың көшпенді мал шаруашылық өндіріс тәсілі жағынан белгіленіп отырған тұтас қоғамдық тұрмыс тәсілінің, рухани өмір болмысының сипатын ашып беру. енді бірі, жетіп келе жатқан өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы өндірісін өзек еткен отырақты өмір салты тез арада көшпенді тұрмыстың орнын басатынын ескеріп, көшпенді өндіріс тәсіліне көш айтқан. ол ұсталып кетіп бара жатып елмен, жермен қоштасады, қайта оралғанда елмен, жермен амандасады, бірәқ, төрт түлікпен тек қоштасды, қайта оралғанда амандаспайды, сондықтан, ақынның төрт түлікке қош айтуының астарында ــ қазақтың көшпенді шаруашылыққа қош айтатын күнінің жетіп келгендігі аңғарылады.
ақынның төрт түлікке құш айтуы ــ тек көшпенді шаруашылыққа ғана қош айту болып қалмастан, оған сәйкесті қалыптасқан рухани өмірге де қош айту болды. үйткені, бір халықтың барлық сана формалары оның мәтерялдіқ тұрмысының рухани жағы. қазақ халқының сақаралық тұрмыс салты, тілі, әдеп-ахылағы, наным-сенімі, философясы, көркемөнері қатарлы барлық идеялөгя формалары оның тарихтан бергі шұғылданған шаруашылығына байланысты қалыптасқан. мәтерялдіқ алғы шартта шұғыл өзгеріс болса, оның салдары ретіндегі рухани құрылғыларда бірте-бірте өмір сүруден қалады. бұл түйінді түсіну үшін біз аталған идеялөгя формалары ішінен тілді мисалға алып талдау жасасақ, қалғандарын сол тектес түсінуге мүмкіндік аламыз. мисалы, қазақ халқының төрт түлік малдың аты, әр түлігінің төлі, жасына қарай аталуы, жынысына қарай аталуы, өрісі, ұйыры, түсі, жүрісі, тұрысы, шабысы, мүшелерінің аталуы؛ көлік ретінде пайдаланғандағы жабдықтары, әбзелдері؛ тұтыну бұйымы ретіндегі өнімдері؛ еңбек өбиектісі ретіндегі өнім түрі, өсу өрісі, көбею ерекшелігі қатарлылар жөнінде қалыптасқан сақаралық тіл мәдениетіміз қаншама мол?. біз осының ішінен тағы да жинақтай отырып, төрт түлік малдың тек өрісіне (жәйілісінә) қарай қалыптасқан қыстау, жәйләу, көктеу, күзеу, отар деген атаулардың кездесетінін білеміз, бұл көп көңілінен әзірше ұмыт бола қоймаған ұғымдар делік. бірәқ, таңжарық ақынның «жерге амандасу» және «іле сипаты» қатарлы көптеген шығармаларында кездесетін торт түлік малдың өрісіне қатысты қалыптасқан: «сай-сала, салмау сары ағын, жон жота, төбе-төбешік, қя-қырат, заңғар шоқы, бел-беткеи, дөңес-белес, жапсар құз, жалтыр жалақ, қоңыр бет, қойнау, қолат, қоқты, кеңкиген кезең, төсін ашықан өзен, аш мойнақ, алды ашық қожырқай тас, жаз-жәйдәқ, тақыр-тастақ, ойнақ-қойнақ, мойнақ؛ аш кезең, қара текше؛ терең су, тентек бұлақ, жылым-жылға, өр-ылдыи, жалпақ жазық, ұзын өзен, ой-шұңқыр, тектүр, текше, жар-қабақ, саз-сағыз, үлпек қамыс, көк құрақ, көгәрәй шалғын, жасыл пұлыс, толқыған тоқсан тұрлы сағым, самал жел, салқын жон, гүл-бәйшешек, көкқүрәқ, балдырған, қарақурай, таңқурай, рауғаш, таубұршақ, балқурай, ақбас қурай, долана, арша-шырша, қарақат, бүлдірген, итмұрын, бозқараған؛ ырғай, шетен, жасыл тал, балапан тал» қатарлы сақаралық, далалық тіл мәдениетіміз отырақтасуға байланысты қазырдың өзінде ұрпақтарымыздың санасынан ғайып болып барады. бұл тек төрт түлік малдың өрісіне ғана қатысты қалыптасқан, басқа ешқәндәй кірме сөз араласпаған таза ұлттық ұғымдардың бір бөлегі ғана. төрт түлік малдың қазақтардың өндіріс-тұрмыс барысындағы пайдаланылуына қәтісеті қалыптасқан барлық ұғым түсініктерді бұл арада айтып тауысуға болмайды, сондықтан төрт түлікпен қоштасуــ тұтас сақаралық мәдениетпен қоштасу болып табылады.
.1 жілқімен қоштасу
жылқы зертеуші ғалымы әхмет тоқтабай ұлы « қазақ жылқысының тарихы » деген еңбегінде « орталық азя, соның ішіснде қазақыстан жылқының отаны» деген қортынды шығарады. бұған дәлел ретінде жүздеген мың жылқы сүйектері табылған иенеулит дәуіріндегі « ботай қонысы» сөз болады. ботайлықтар алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігі айтылады. бұл ғылми дәлел қазыр бүкіл әлем ғалымдары жағынан мұйындалып отыр. бүгінгі қазақ халқы қоныстанған осынау ұлан қайыр байтақ даланың қазақ қонысына айналуы жылқы жалында ойнаған ата-бабаларымыздың ақыл-парасаты арқасында мүмкіндікке ие болған. әрі сол барыста өзіндік ерекшелікке сақаралық салт дәстүр қалыптастырып, ұлт болып ұйысып, кең өріс, шұрайлы қоныс иелеп, сақараны сәнге бөлеген ат ұсты мәдениетін қалыптастырған. аталған ғалым әхімет тоқтабай ұлының айтуына қарағанда ат үстіне өзге халықтардан ең бұрын көтерілген біздің ата-бабаларымыз болған. сондықтан, қазақ халқы өзінің қос қанаты болған қәсиетті жылқы түлігіне өлшеусіз қарыздар деуге болады. қазақтың бұрын-соңды тарихында осы борышын бірінші болып сезінген ақын таңжарық жолды ұлы болды. ол жілқімен қоштасқанда оның қазақтардың көшпенді өндіргіш күш фәктөрі ішіндегі әрі өндіріс құралы, әрі өндіріс өбиекті болудай қос қабатты рол атқарып келгендігін жырлай отырып қоштасады.
1) жылқның өндіріс құралы ретіндегі ролы
жылқы қазақтың көшпенді тұрмысында өндіріс құралы ретінде алуан түрлі рол атқарып келді. мисалы, жұмысқа салса «соқа тартып, арба сүйреп, отын әкеп, қырман басып» (таңжарық) , еңбек өбиектісіне әсер ететін маңызды еңбек құралы болды. мінсе көлік ретінде барам деген жеріне жеткізетін қатынас құралы болды, сахара тұрмысындағы халықтың дене тәрбие, көркөмөнер, саятшылық қатарлы түрлі көңіл ашу қимылдары жылқы түлігінен айрыла алмайтын. той-томалақ, жиын топта «бай-манап, кемпір-шал, малшы-жалшы, қыз-бозбала, жігіт-келіншектердің» (таңжарық) мереиін асырып, көңілін көтеретін жылқыдан артық бұқаралық мәдениет құралы болмаған. ақын бұны: «жұз жәспенен бір жастың аралығы, қалады саған мінсе қуанысып» (таңжарық) деп жырлайды. әнші, жыршы, күйші, біиші, сал серілер ат құлағында ойнап ән салып, тұла бойы селкілдеп би билеп, он саусағы құйқылжып күй шертіп жылқы түлігін сақараның сақанасы етті؛ көрермендер ат үстінде тұрып тамашалап құлағының құрышы қанды:
сенімен солқылдады талай сәнші,
шаршамай саған мініп малшы-жалшы,
үстіңде шертті талай алуан күйді,
сусылдап саусақтары домбырашы,
қандырып меиіріңді, сорғалатып,
құлаққа азық беріп нелер жыршы,
сыңсыды ер-әйелдің әншілері,
ой, жылқы, саған мініп, миллон әнші-деп жырлады.
«телефөн, радио шықпай тұрып, қабар жеткізетін» (таңжарық) информатся құралы болды. қашса жаудан құтылды, қуса жетті, адамзат тарихындағы патшалардың жаза жорығында қабаршы, әскери қару-жарақ, азық-түлік тасымалдаушы қатынас болды. көне иұннан жұртының патышасы, ұлы қолбасы ескендір зұлқарнайын, орта азяның билеушісі әміртемір (ақсақ) , аңыздарда айтылатын он сегіз мың ғаламның тілін білетін сүлеимен пайғамбар, мүхәммет пайғамбардан кеиінгі төрт шаһаржардың бірі ғәзірет ғали, мысырдың мемілекет істерін басқарған қәйрәткер ــжұсып пайғамбар қатарлы ұлы тұлғалардың ұлы жеңістері жілқімен байланысты жүзеге асты (таңжарық) . ғашықтардың басын қосты. қізжібекті құтқарды, ләйліні азат етті, қалқаман мен мамырды жолықтырды (таңжарық) . қазақ халқының ұлы тұлғалары: «абай, әсет, біржәндәй бұлбұлдарды, сен едің жануарым ардақтаған, сен болмасаң көп елмен танысар ма!?؛ оларға шабыт беріп, таңдайынан жыр сорғалатқан сен؛ сара, дина, күләштәй әйел бұлбұл, бұлар да саған мініп сайрандаған» (таңжарық) . міне бұл жылқының адамзат тарихында өндіріс құралы ретінде халықтың мәтерялдіқ тұрмыс қәжетін қанағаттандырып қалмастан, рухани мәдениетінің де қәжетін қанағаттандырып келгендігінің жанды дәлелі. қазақ қана емес, тұтас адамзат өркениетінің қалыптасуында жылқының шешуші рол атқарып келгендігі ақын назарынан қағыс қалмай жырланады:
бәйге атқа мінген қайран бес жылым-ай,
ойласам елу жылға келесің тең.
той, назыр, мәжілісте сені мініп,
тәләй той, көп жиынды жардырып ем.
не жорға жүйрігіңді таңдап мініп,
елімді араладым сеніменен, – деп, қимәстіқпен есіне алады. жылқы қазақ ұлтының көшпенді өндіріс тәсілі фәктөрләрі ішіндегі адами фәктөрмен бірге аталатын ең маңызды фәктөр. басқалардың қазақты « ат үстіндегі ұлт » деп атайтыны да осыдан. оның үстіне өзіміз «қазақ жылқы мінездес қалықпыз », – деитініміздің де жөні осыдан болар. шынында жылқы – таза, есті, кірпяз болып, судың тұнығын, шөптің құнарлысын таңдап, өріс қуалап жәйіләтін жүрдек жануар. жылқының сол жүрісіне ілесіп қазақта жылқы мінездес болып кеткені мәлім. « мал иесіне тартады » деген тәжірибелі созымыз тағы бар. сондықтан қәзіргі зерттеушілердің айтып жүрген «жылқы мәдениеті» сайып келгенде ұлтымыздың заман-заманнан бері ат үстінде жүріп қалыптастырған қазақ мәдениеті. басқаша айтқанда, қазақтардың тұрмыс мәдениетінен мықтап орын иелеген кемелді жылқы мәдениеті. сол ерекшелігімен ол тұтас қазақ мәдениетінің маңдай алды көрсеткіші ретінде танылып жүр.
2) жылқы мәдениетті
қазақ мәдениеті сөз болған жерде оның мәндік ерекшелігін өндіріс мәдениетінен қарастыруға тура келеді. жылқы өндіріс құралы ретіде қазақтың тұрмыс мәдениетінен мықтап орын иелеген. жылқы мәдениеті сайып келеенде біздің жылқыға қатысты қалыптасқан барлық далалық өркениетіміз бен оны беинелеитін ұғым-түсініктеріміздің жиынтығы деуге болады. сондықтан «жылқыға қош айту» ــ жылқның өз басына қош айту ғана болмастан, қайта тұтас жылқы мәдениетіне қош әйтумен тең ұғым.
19-ғасырда қазақ даласына айдалып келіп, халқының әдет-ғұрпын, салт-дастұрын зерттеп еврөпәғә таныстырған фөлклөріс ф.стеклөвә қазақтың жылқы түлігімен болған қатынасын былай байымдайды: «қазақты ат үстінде тану қәжет. жер түбіне деиін шаршамай-шалдықпай ат үстінде жүре берер төзімділігін, ептілігін көргенде қазақтар осы ер үстінде жаралғандай көрінеді. оның есесіне жаяу жүріске жоқ-ақ, аз жер жүрседе тез шаршап қалады. ат арқасына қонған кезде ғана олардың жаны жәй тапқандай болады. негізінен алғанда, айтарлықтай дами қоймаған тілдерінде жылқыға байланысты сөз, тіркестер жеткілікті, тіпті жылқыға жасына байланысты атаулары да бар. қазақтар араптар сяқты жылқыға жаратушысындай табынып, тұқымын әсілдәндірмәғәнімен олар тіршіліктерінің тірегіне айналған жылқысыз өмір сүре алмас еді»[1] .
айтса айтқандай, қазақ мәдениеті мен тілі және оның обыразды ойлау жүйесі көбінесе мал шаруашылығына қатысты дамыған деуге болады. мсал үшін, абайдың тек жақсы атқа берген сынындағы адамдарға өлшеусіз көркемдік таным бағыштайтын тіл байлығын тамашалап көреиікші:
шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
ой желке, үңіреиген болса сәғәқ.
теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
қәбірғәлі, жоталы, болса күшті.
өйінді еті бөп-бөлек, омыраулы,
тояттаған бүркіттеи салқы төсті.
жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ,
шынтағы қабырғадан тұрса әуләқ.
жер соғарлы, сіңірлі, аяғы тік,
жәуіріні етсіз, қалпақ тақтайдай-ақ.
кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы,
алды-арты бірдеи келсе, ерге қәйлі.
күлте құйрық, қыл түбі алды келіп,
көтендігі шығыңқы, аламайлы.
ұршығы төмен біткен, шақпақ етті,
өзі санды, дөңеелек, келсе көтті.
сірті қысқа бауыры жазық келіп,
әрті талтақ, умасы үлпершекті.
шідерлігі жуандау бөтәтірсек,
беинежел, тынышты, екпінді, мініп жүрсек.
екі көзін төңкеріп, қәбірғәләп,
белдеуде тыныш тұрса, байлап көрсек.
тіғілмәй, һам сүрінбеи жүрдек көсем,
иек қағып, еліріп жүрсе әсем.
шәпсә жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас,
разы емен осындай ат мінбесем!
әяңі тымақты алшы кіигізгендеи,
кісіні бол-бол қағып жүргізгендеи,
шәпқән атқа жеткізбес бөкен желіс,
ізә қылдың қолыма бір тигізбеи.
бұдан сырт, қазақ мәдениетінде: «тай-құнандардың сыны», « жүйрік туатын биенің сыны», «жүйрік болатын құлынның сыны», «айғыр салатын дөненнің сыны», «жүйрік айғырдың сыны», «жүйрік биенің сыны»؛ «жүйрік жылқның ішкі және сыртқы сипаттары», «боры сипатты жүйріктің сыны», «марал сипатты жүйріктің сыны», «арыстан сипатты жүйріктің сыны», «қоян сипатты қүйріктің сыны», «түлкі сипатты жүриіктің сыны», «бақа сипатты жүйріктің сыны», « сұңқар сипатты жүриіктің сыны», «елік сипатты жүриіктің сыны», «құлан сипатты жүриіктің сыны», « бұғы сипатты жүриіктің сыны »,-деген сяқты толып жатқан жылқы сыны бар. міне ұрпақтарымыз осыған қош айтты.
жылқы түсінің өзін халқымыз: түрі ат, төртөбел ат, торқасқа ат, торала ат؛ кері ат, кертөбел ат, керқәсқә ат؛ күрең ат, күреңтөбел ат, күреңқәсқә ат؛ қара ат, қәрәтөбел ат, қарала ат, қарақасқа ат, қаражал ат, қәрәкөк ат؛ ақ ат, ақсары ат؛ сары ат, сарала ат, сәртөбел ат, сарқасқа ат, сарбауыр ат, сарқұлақ ат, саржал ат؛ көк ат, көктөбел ат, көкқәсқә ат؛ шабдар ат, шәбдәртөбел ат, шабдарқасқа ат؛ жирет ат, жирентөбел ат, жиренқәсқә ат؛ көк ат, көкқәсқә ат, көктөбел ат, көкжәл ат؛ шыбар ат, көкшібәр ат, ақшыбар ат, саршыбар ат, қарашыбар ат, баран ат, қуақан ат, шалқұйрық ат, қасқа ат, аққабақ ат, ақтанау ат, алаяқ ат, ақбақай ат деген сяқты 60 тан жоғары түрге айыра білген. міне ұрпақтарымыз осыған қош айтты.
жылқының жасына және оған мінген адамның жас құрамына қарай қолданатын сөз мәтідері мен жылқы әбзелдерінің өзі бір үлкен сала. оны бұл арада жазып сиғыза алмаймыз. таңжарық жылқыға қош айтқанда оған қатысты қалыптасқан осындай етнөгрәфяліқ мәдениет білімдерін сіңіре отырып қош айтады:
басыңды жорғалатып қоя беріп,
үстінде селкілдеген қайран денем.
әжем мен тапқан шешем атқа өңгеріп,
бірінен той-назырдың қалдырмап ең.
жасымда ашамайға таңып алып,
үйір ғып әке-шешем сеніменен.
тоғыздан он үш жасқа жеткенімше,
жығылу қәтерінен сақтай көр деп,
талай шал көзге жас ап күбірлеген.
ұстатсаң кеибіреуің қолға қамшы,
басыма кеибіреуің шыт тартып ең.
көзін сүрт, ұзап шықса басын ірік деп,
кекіл мен құйрығына үкі тағып,
бәйге әтпен ұшқан құстай зымырап ем؛
ерімді қасқалатып маржан тәспен,
өпәйке тоқымыңды оюлап ем.
әт көрпе тақыр барқыт, күміс пыстан,
құйысқан, өмілдірік, жүгеніңмен.
үзеңгі күміс шапқан жарқылдатып,
денеңе ұнастырып тұмшалап ем.
быр үйден аттанарда саған мініп,
ақсаусақ қолтығымнан мытқылап ең.
өңгеріп қой мен ешкі, ылақ қозы,
қолыма құрық алып, қиқу салып,
оятты аттың дауысы кісінеген.
біріне арғымақтың патша мінген,
мінген соң жолды искеп арғымағы,
сен едің жылқы серік тауып берген» ـ деп жырлайды.
жорғалату, басын қоя беру, ашамайға міну, басқа шыт тарту, қолға қамшы ұстау, атың көзін сүрту, басын іріку, кекіл мен құйрығына үкі тағу, еріне қасқалатып маржан тас тағу, өпәйке тоқымды оюлату, тақыр барқыт ат көрпе, күміс пыстан, құйысқан, өмілдірік, жүген, күміс үзеңгі؛ аттандыру, қолға құрық алып, қиқу салу, кісінеген аттың дауысы ــ бәр- бәрі жілқмен байланысты қалыптасқан қазақтың тұрмыс-тыл мәдениеті. ақын қазақтардың жылқы мәдениетінің аса көп бөлегін жылқының өндіріс барысында өндіріс құралы ретінде атқарған рулімен байланыстырып дәлелдеиді. бұл жылқы мәдениетін түсінудің білімдік негізі деуге болады.
3) жылқының өндіріс өбиекті ретіндегі ролы
еңбек өбиекті еңбек барысында мәнерлеп тұтынуға болатын барлық өбиектіні көрсетеді. таңжарық көшпенділер үшін жылқы өндіріс құралы болып қалмастан, өндіріс барысында мәнерлеп кіиер киімге, ішер асқа айналдыруға болатын өндіріс өбиекті деп қәрәйді:
шіренген аяқтағы құрым етік,
теріңнен заватқа сап сен беріп ең,
қазандай тегенемен қымызыңды,
шөліркеп талай рет сіміріп ем.
жеңімдеи сар қазыңды ақ табаққа,
бәкімен қя кесіп тілгілеп ем (таңжарық) ــ дегені соны көрсетеді.
2. қөймен қоштасу
көшпенді шаруашылықтың ерекшелігі: адам ــ төрт түлік мал ــ таяр жаратылыстық жәйілім арасындағы қарапайым өндіріс айналымы. мұнда жылқы, түйе және сыиыр өндіріс барысында әрі өндіріс өбиектісі әрі өндіріс құралдары болудай екі түрлі рол атқарып келді. ал қой мен жаратылыстық жәйілім бір ыңғай өндіріс өбиектісі саналады. сондықтан қазақ халқы арасында: «жаман қойшы өрісін бір күн жеиді, жақсы қойшы өрісін мың күн жеиді», «жәйләуді жәйләй білмеген, малды айдай білмеиді» «алпысқа келген малшының түсінен өрісі кетпес», «өріске қарап мал өсір» ـ деген мақалдар қалыптасқан. өндірісті жүргізу тәсілінен алғанда көшпенділер бір бөлім ат, түйе, өгіз қатарлы малдарды өндіріс құралдары ретінде пайдаланып, қалған төрт түлік малды төрт маусым жаратылыстық жәйілім қуалап жаю арқылы ішер ас, кіиер киім, тұрар жәй, тұтыну бұйымдары қатарлы өздерінің тіршілігін сақтауға қәжетті болған ең негізгі мәтерялдіқ игіліктерге ие болып отырған. әрі осы мәтерялдіқ игіліктер өндірісіне бап келетін тұрмыс салттарын, қоғамдық қарым қатынас үлгілерін қалыптастырып, сахаралық ерекшелікке ие бұхаралық мәдениет қимылдарын оздырып, рухани жақтағы сұранысының қәжетін қанағаттандырып келді. мұнда қой қазақтардың шыр етіп жарық дүниеге келе сәлісімен қәжетіне дайын тұратын мәтерялдіқ алғы шарты болып қалмастан, өмір бойы шіер ас, киер киім, тұрар жәй, тұтыну бұйымдарын да қамтамасыз етіп, көшпенділер тіршілігін үздіксіз жалғастыруының және олардың әр тұрлы бұқаралық мәдениет қимылдары мен адамдар ара барыс-келіс қимылдарының еш уақт кем болса болмайтын тұрмыс игілігі болып келді:
ел құты, берекеті қайран қойым,
жасалған сеніменен сүндет тойым.
қалжама мен туғанда сені сөйіп,
ет сорпаң жинап еді шешем бойын.
ұлды үйлеу, қызды ұзату қөнәғімен,
өткізген сеніменен барлық тойын.
автор қөймен қоштасқанда қазақтардың тұрмыс-салтын, ішпек-жемегін, киім-кешегін, тұрар үйін, тұтыну бұйымдарын, тіршілік жолын, ойын сауығын, тіпті қоғамдық қарым-қатынас үлгілерінің тең жармынан астамын қой шәруәшіліғімен байланыстырады. халық: «қойлы бай ــ қордалы бай, жылқылы бай ــ сылдыр бай», « қойлы бай ــ қоралы бай, сиырлы бай ــ сырғалы бай», «қойың болмаса байлықтан ойың болмасын», «еңбегі жанғанның тоқтысы егіз табады», «қой егіз табады, бірі қонаққа сойылады, бірі қошқарға қойылады», «барың тойшы болғанша, бірің қойшы бол», «қойдың еті бұйырыңды жарытады, терісі иынңды жарытады», «ақсарбас ــ құданың жолы, бағылан ــ жәйләудің сәні» деп қарайды. үйткені, көшпенді өмірдегі той-томалақ, ойын-күлкі, өлім-жытым қатарлы көңілді-көңілсіз тұрмыстың барлығында қойдың қәжет болмайтын жері жоқ. еті, майы, сүті ــ тамақ؛ жұны, терісі ــ киім-кешек. тұрар үй, баспана, баста ақ қалпақ, тері ішік, қарабұйра жаға, ақ байпақ, бұтта шалбар, кигіз үй, текемет, сырмақ, көрпе-жастық, тоқым-ішкілік қатарлы тұтыну бұйымдарының барлығын қой берген деп жазады:
аунаған күндіз-тұны баста үйім,
текемет, сырмақтарым сенің сиың,
қүрметтеп үйге келген ер-әйелді,
болатын қүрбіләрмен күнде жиын.
соларға сойып берген сенің қозың,
мен де қош, меимән да қош күткен сиым,
ішінде сенің жүнің қалың көрпе,
оранып асты-үстіме келіп күйім.
жорғамды күнде мінген жауыр қылмай,
салғаным арқасына сенің сиың.
ыстық-суық бораннан сақтап тұрған,
баспанам сенің арқаң бастағы үйім.
үй, тамақ, киім-кешек ـــ бәрі сенде,
түгендеп жаза алмады таяз миім.
демек, көшпенді өндіргіш күш фәктөрләрі бүкілдеи далалық мал шаруашылығын негіз еткен қарапайым өндіргіш күш болғандықтан, оған сәйкесіп қалыптасқан өндірістік қатынас та тым қарапайым болды. қарапайым өндірістік қатынас жағынан белгіленген қондырма саласы да кемелді болмады. біршәмә кемелденген қондырма ойын сауық, көркемөнер, қандастық қатынасты негіз еткен қоғамдық қатынас, дәстүрлі ахылақ, дәстүрлі наным-сенім қатарлы идеялөгя қондырмасы болды, саяси-заң түзім құрылғылары кемелді болмады. мәркіс: «қол тиірмен феөдәлдәр бастаған қоғамды тудырды, бу тиірмен өнеркәсіп кәпитәлистері бастаған қоғамды тудырды»[2] ـ деиді. сол сяқты, мал шаруашылығынан құрам тапқан өндіргіш күш жаратылыстық жәйілім қуалаған көшпенділер қоғамын туғызды. қандай өндіргіш күш болса сондай өндірістік қатынас болды. басқаша айтқанда қандай өндіргіш күш болса сондай мәдениет болды.
қазақтың көшпенді тұрмысына қатысты төрт түлік малдың ішінде «жылқы мәдениеті» деген ұғым көбірек айтылады, және бұл жөнінде көбірек зерттеулер жасалып жүр. ал «қой мәдениеті», «сыиыр мәдениеті», «түйе мәдениеті», «ешкі мәдениеті» деген ұғымдар көп айтылмайды. менше адам еңбегі сіңдірілген заттың бәрі мәдениет. немесе тоуар ретінде айырбасқа түсетін еңбек өнімінің бәрі мәдениет кәтегөрясінә тәуелді болады. мәдениет адам пайда бөлумен бір уақытта пайда болған. түрт түлік болмаса көшпенді мәдениеттен ауыз ашуға болмайды. көшпенділердің өндіріс мәдениетінде «қой мәдениеті» «жылқы мәдениетін» басып түспеде кем түспеиді. егер қой болмаса қоғарыда таңжарық ақын айтқан кигіз үй мәдениетіміз, көші-қон мәдениетіміз қайдан келеді, киім-кешек, ішпек-жемек, қонақ күту мәдениетіміз қайдан келеді, той-томалақ, өлім-жытым ұзату мәдениетіміз қайдан келеді?!. демек, қой мәдениеті көшпенділер мәдениетінің басты мазмұны деуге болады.
3. түйемен қоштасу
мал шаруашылығы өндірісі барысында түйе жылқы сяқты әрі өндіріс өбиекті, әрі өндіріс құралы ретінде өндіріс барысына қатынасады. түйенің өндіріс құралы ретіндегі өндіргіш күштік ролын байымдау үшін, ақын әлдімен:
аман бол түйе балуан пысылдаған,
сенімен жолдас болса қысылмаған.
бір аз күн елден сұрап ісім түсті,
жас кезім, сырыңды алып ысылмаған.
бойымдай үш дағар ұн саған артып,
бір күнде үйге бардым мен құлжадан,
– деп, түйе туралы өз басынан кешкен бір кешірмені әңгімелеиді. үш дағар ұнды артып, екі жігіт салт әтпен бас тауық шақырғанда құлжадан шығып, ел жатарда күнестің шақпысындағы үйіне жетеді. үйге барған соң көрші-қолаңдар амандаса келеді, шай іше отырып үйдегілер таңжарықтан құлжадан қашан шыққандығын сұрайды. ол сол күні шығып күнбе-күн жеткендігін айтқанда естіген ел шошып кетеді. «елдің түйесі зорығып өліп кетсе төлемге бар малыды сыпырып әкетеді»- деп абыржиды бәрі. осы барыста ел аузынан түйені қалай істету, қалай дем алдыру туралы және түйенің зорығыуына қатысты туылатын «көк бауыр созылады, ыстықатай су ішсе жөтеліп, жүні түсіп қыршаңқы болады, өкпесі кетеді» деген сяқты көптеген сауаттар айтылады. ақырында таңжарыққа шешесі ара түсіп: «барың де жас болғансыңдар! мал түгіл адамда өліп қалады, құр бекер тәкежәннің есін шығармаңдар, тәкежәнім аман болса төлеиді, қарғашымның достары көп, елі түгіл басқа ұлыттардан да достдары көп, өзі жөнін келтіреді, жасында ертек құмар болатын, естіген сондайлардан түйе жәйін, шырағым ұмытпайтын оқығанын»,ـ деп, баласынан естіген түйенің шыдамдылығы жөніндегі аңыздарды айтады:
алпыс күн ашқа шыдар, қырық күн шөлге,
кетпеиді жүні шөкім аққан селге.
борап тұрған қарыңды елемеиді.
пысылдап жата береді жауын-желде,
үстінде ауыр жүгін бұйым көрмеи,
шапсаң да жүре берер әтпен бірге,
өқіғән тәкежәннің осы сөзі,
әлі бар құлағымның түкпірінде,-деиді.
ертесі тәңертең тұрса әке-шешесі жәйрәң қағып мәз болып жүргенін көреді, түйе өлмеи аман қалған. таңжарық түйенің қажырлылығы жөніндегі осы бір әңгімеге жалғастырып, оның өндіріс құралы ретіндегі маңызды ролын тек көшпенділер жөнінен ғана емес, тұтас адамзат мәдениетінің қалыптасуына сіңірген еңбегі арқылы дәлелдеуге мүмкіндік алады:
белгілі дүниеге түйе жәйің,
адамның ісі түссе тұрдың дайын.
жасымда ертек сөзден көп естіп ем,
‹түйенің сүтіменен жасатыпты,
мекені› деп естідім ыбырайым.
мысырды жасатыпты сұлу нүсіп,
жан-жақтан асыл тасты түйе тасып,
шаһарлар сондай үлкен бітер ме еді,
не гәуһәр асыл тасты жая тасып.
иіженер, технигі елін бастап,
алыпты асыл тасты тауды тесіп.
сондықтан ‹шам шаһар› деп атайды екен,
тұрған соң күндіз-тұны сәуле шәшіп.
мекенің қәсиетін ــ түйенің сүтімен, мысыр қаласы мен ‹шам шаһарының› салынуын ــ түйенің күшімен байланысты байымдайды. ақын шығармасында түйе балуанның есімі: «мүхәммет пайғамбар түйеге мініп зарқом соғысына қатынасқан» деп ұлықтанады. «адамзаттың ауыр жүгін арқалап, не алыс, айлық-жылдық жолды басып, батыс пен шығыс мәдениетін тұтастырған ұлы жібек жолы керуені, патшалар шаһар салып, сәудәгерлер керуен тасып байып, байлығы тасыған сәудәгерлер басқаларға соғыс ашып, ірге кеңеитіп, әскерді, оқ-дарыны, азық-түлікті түйемен тасып талай-талай шаһарлады басып алып» (таңжарық) соғыс құралының ролын атқарған. «құмар болған қыз бен жігіт түйеге мініп қашып құтылып мұратына жеткен» (таңжарық) . ыбыраһым пайғамбар мен зайыбы сара екеуін мұратына жеткізген де осы түйе, «ұрпағы көп, тарихта кіндікті адам ــ сара ғана» деп, сара ананың ұрпақты болуы түйе бәлуәнмен байланыстырады:
адамға көмек берген түйе батыр,
тарихта өшпеитүғін ізің жатыр.
тірәктөр, көңке, пөйез шықпай тұрып,
күнелткен сеніменен өткен ғасыр.
ــ деп, түйенің орнын бұл заманда тірәктөр, көңке, пөйез басқанын айтаыды. қазақ халқының мақал-мәтелдерінде түйе балуан туралы: «түйеге мінген құдайға жақын», «түйе ــ көштің салтанаты, жылқы ــ ердің қос қанаты», «түйе ــ байлық, қой ــ мырзалық, жылқы ــ сәндік», «түйе-қара жердің қайығы», « алпыс күн атан болғанша бір күн бура бол» ,«алты айлық жолға арымас, атан деген көлік бар» ,«соңғы түйенің жүгі ауыр» ,«аталы сөз атан түйеге татиды», « ауырлықты жер, ауыр жүкті нар көтереді» деген мадақтар айтылады.
4. сиірмен қоштасу
сиыр да жылқы мен түйе сяқты мал шәруәшіліғімен шұғылданған көшпенділер жөнінен алғанда әрі өндіріс құралы, әрі өндіріс өбиектісі болып өндіріске қатынасады. көшпенді тұрмыс барысында жылқы мен түйеге қарағанда қой мен сыиырдың өндіріс өбиектісі ретіндегі өнімі біршәмә мол. көшпенділердің киетін киім, ішетін ас, отыратын ұй және еңбек құралдарына керекті жабықтардың барлығы қой мен сыиырдан алынады. күнделікті тұрмыс барысында тұтынатын ет, сүт, қаймақ, кілегеи, сармай, айран, қатық, ірімшік, сүзбе, құрт؛ қыста соятын соғым қатарлы ішпек-жемек бұйымдарының барлығы қой мен сыиырдан мәнерленіп алынады:
сыиырым сұтың аққан бұлақтарым,
сүтің мен тәтті сенің қаймақтарың ,
‹шәшуғә туғаныңда бердім› деген,
еліне шешем мархом, сармайларың.
жазда айран, қыста соғым, етіңді жеп,
көп көрдім қызығыңды қайран малым.
сиырым үйде болсын, түзде болсын,
аузымнан бір күн дәмің кетпеп едің.
сиырдың көшпенді шаруашылықтағы өндіріс құралы ретіндегі ролы түйеден кем түспеиді. тайынша торпағын балалар үйретіп мінеді. көші- қон, азды-көпті егіншілік кезінде: « мойныңа сапан шегіп оншақты күн, тың жерді әреің жыртқан сенің мойның, жүк артып, астық салып, отын әкеп» (таңжарық) жұмысқа салады. сиыр өзі еңбек құралы ретінде, еңбек барысында өзіне істетілетін еңбек жабдықтары тағы да өзінен шығады:
үзеңгі ерден бастап сенің терің,
үзілмес, мықты қылып беріп едің.
құйысқан, үзеңгі бау, жүгеніме,
темірлеп, күміс шауып өрнектедім.
өнің үстіне, сыиыр көшпенді қазақтардың товар ретінде айырбасқа түсетін еңбек өнімі болып келді. әрі неке қатынасында «қалың мал» ролын атқарды: «аларда әйелімді әкесіне, сен едің жануарым көп бергенім» (таңжарық) ـ деиді.
жинәқтәп айтқанда, ақын әр бір түлікпен қоштасу барысында сол түлікке байланысты қалыптасқан қазақтың тұрмыс-салттарының барлық жақтарын айта отырып қош айтады. өлеңнің өн бойынан көшпенді өмір салты бүкілдеи көшпенді шаруашылыққа байланысты қалыптасқандығын аңғаруға болады؛ оның үстіне, көшпенді өндіріс тәсілінің мешеулігі өндіргіш күш фәктөрләріінің әрқәйсі жақтарына сіңдіріле отырып баяндалады. сол арқылы ақын төрт түлік малға қош айту фөрмәсімен тұтас көшпенді өндіріс тәсіліне қош айтуды жөн көреді.
ـــــــــــــــــــــــــــــ
[1] ( « әлем », 1-сан, 1990-жыл, алматы, 145-бет )
[2] ( «мәркіс-енгеліс таңдамалы шығармалары», 1-том, ханзуша, 108-бет)
қосымша жүктелген суреттері:
Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз
Жолданған уақыты: 09:48 – 2017/08/31
Қосымша қайнары:http://www.elarna.com/oku_kk.php?tur=11&id=2288
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=2288
توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=2288
: PDF Download – Жұктеұ – Скачать – ءتۇسىرۋ
Ресурс Facebook Twitter Google+ WhatsApp Mail.Ru SMS VK WeChat baidu Email Qzone Renren Viber
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.com/oku_kk.php?tur=11&id=2288
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.