Баяғы моңғолдың бүгінгі моңғолдан айырмасы бар ма? 

Әріптің көлемі: Қалыпты

 

Фотограф: http://buku.com.ua

Баяғы моңғолдың бүгінгі моңғолдан айырмасы бар ма?

   

Қазіргі моңғолдар қайдан келді? Шыңғыс ханды неге кеңес оқулықтарында жауыз етіп көрсетілді? Моңғол сөзі мәңгі ел сөзінен шыққан ба? Отырардың шынайы тарихы қандай? Шыңғыс хан түрік халықтарының мұсылмандануын тездетті ме?

ҚАЗАҚ БIЛСIН / 12.08.2014, 20:30 / 5084 /15

Қазіргі моңғолдар қайдан келді?

Осы қазақтан ұлттың атауы неден шыққан десең, сіздің алдыңызға мың нұсқаны ұсына алатынына бәс тігем. Ал енді дәл осылай моңғолдан сұрасаң, мүдіріп қалады. Бірнеше нұсқа келтірген болады. «Мөңкі» деген түбірден шыққан, «Мың қол» мағынасын беруі мүмкін дер. Бірақ, келтірген қос нұсқасы да түрік тілінен алынған сөздер.

Хош, моңғол сөзі түрік тілінде сөйлеген жұртқа тиесілі екенін білдік. Моңғол сөзін қайсыбір тарихшылар «Мәңгі ел» дегеннен шығарады. Бұл версияға сенсек, моңғол – этностың аты емес, саяси, біріктіруші атау болып шыға келеді.

Мәселен, американдық деген секілді. АҚШ-та тұрып жатқан ағылшын, африкандық, итальяндықтың барлығын американдық деп айтуға болады. Немесе осыдан 25 жыл бұрын ғана біздер “Кеңес халқы» аталдық. Бірақ ешкім «Кеңес» тілінде сөйлеген жоқ емес пе? Қазақтар өзінің қазақ тілінде сөйлесті, грузин өзінің грузин тілінде пікірлесті.

Енді Шыңғыс ханға келсек. Ол кісінің тұсында Еуразия даласы түрік тайпаларына тиесілі еді. Керей мен жалайыр  орта Моңғолияда ғұмыр кешсе, Найман жұрты Алтай, Орхон өзендерін иемденді, Сары арқада Қыпшақтар, Жетісуда Дулат рулары көшіп жүрді. Шыңғыс хан өз мемлекетінің іргесін қалағанда, осынау жұртты біріктіруші атау іздеді. Мәңгі ел.

Шыңғыс хан империясына осындай есім берді. Мұны өзі ойлап тапқан жоқ, сонау түрік қағанатынан бермен белгілі сөз еді бұл. Дәлел келтірсек, Күлтегін кіші жазуларының 8-жолында: «Өтүкен иыш олүрсар беңгү ел тұта олыртачысың»  деген таңба жазу бар. Қазақ ғалымдары бұл сөйлемді «Өтүкен қойнауында отырсаң, мәңгі елдігіңді сақтайсың сен» деп аударған.

Ендігі сұрақ – моңғол дегеннің не мағына беретінін білмейтін моңғолдар қайдан келді?! Қазіргі тілдері қай кезде қалыптасты?!

Филолог мамандар халха-моңғол тілі XVII ғасырда, қазіргі Моңғолия жерін манчжурлар жаулап алғанда қалыптасты дейді. Түсіндіре кетейік, Шыңғыс хан мен ұлдары Орталық Азия мен Капқазға жасаған жорығында Моңғолияны мекендеп отырған найманЖалайырҚоңырат руларын түгелдей көшіріп әкетеді. Суреттен қараңыз.  

Не керек, Моңғолия жерінде аз ғана жұрт қалды. Оның өзі Шыңғыс хан өлгеннен кейін өзара билікке таласып, соңы тайпалар арасында соғысқа ұласады. XVII ғасырда Моңғол жерінде 60 мыңға жетер-жетпес түрікше сөйлейтін жұрт қалған еді дейді тарихшылар.

Алауыздықтан әбден титықтаған елге тілі де, діні де, тегі де мүлдем жат халық – манчжурлар Моңғолия жеріне басып кіреді. Басқыншы елдің тілін, өмір салтын қабылдаудың кесірінен қазіргі халха-моңғол тілі қалыптасты. Қысқасы, Шыңғыс ханның мұрагеріміз деп жүрген бүгінгі Моңғол мемлекеті мен байырғы моңғолдар арасында ешқандай тарихи сабақтастық жоқ.

Қайсыбір тарихшылар қазіргі «моңғолдарды» тегі Алтайдан ауып келген татандар дегенді айтады. Олар осы өлкеге көшіп келіп, моңғол деген атты қайта түлеткен. Мәселен, Орталық Азиядан кеткен оғыздар сияқты. ОғыздарВизантия империясын басып алып, түрік деген атты қайта тарих сахнасына шығарды емес пе?

Қорыта айтқанда, Шыңғыс хан біз үшін басқыншы емес, қайта бытырап жатқан түрік жұрағатын біріктіруші тұлға. Ал енді неге оқулықтарымызда (Кеңес Одағы тұсында жазылған) Шыңғыс хан – жаулаушы, жауыз болып суреттеліп жүр? Неге Шыңғыс ханның түгел әскері түрік тайпаларынан құралса да, моңғол-татар шапқыншылығы   деуден әлі таңбай жүрміз?!

Қысқасы, осы уақытқа дейін Шыңғыс ханнан моң­ғол жасау кімге керек болды екен? Біздіңше, Мәскеудің нұсқауымен жазылған тарихи оқулықтардың фактілерді бұрмалауының бар сыры – кейіннен орыс империясына кіріп, орыс патшаларының қоластында болған қа­зақтардың, татарноғайлардың бір кезде сол орыстарды ба­­ғындырғанын мойындағылары келме­генінде.

Сондықтан, әлемді жаулау­шы­лардың бүкіл даңқын алыстағы моңғолдарға таңып берген. Иә, бар атақты моңғолға беру арқылы татар, башқұрт, қазақтың империялық санасын тұншықтыруға тырысты орыс ғалымдары. Бұл аз болғандай, енді түріктектес халықтардың туыстығын жоққа шығаратын шығармалар шығып жатыр.

Отырардың шынайы тарихы

Есіңізде ме, Отырарды күйреткен Шыңғыс хан деген айыптаумен бастап едік әңгімемізді. Ақиқат басқа екен. Шыңғыс ханның Орта азиядағы соғысы – азат етуші соғысқа бара-бар екен. Енді ше, Сыр бойындағы ежелгі түрік қалалары 13-шы ғасырдың басында парсылық мәдениетке бой ұрған Хорезмхаштардың қолына өткен еді. Тиісінше, соғыстың алғашқы кезеңі түрік халықтарын азат ету мақсатында жүргізілді.

Түрік халықтарының Шыңғыс ханды шын ниетімен қарсы алғанын мына деректерден-ақ көруге болады. Қаяалықбилеушісі Арслан ханБесбалықтағы Ұйғыр билеушісі Идиғұттардың Шыңғыс хан жағына шығуы олардың барлығының Шыңғыс ханды толық қолдағанын көрсетеді. Ал Отырар қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары қаланың өрт шалған бөлігі ішкі қорғанында ғана бар екенін дәлелдеп берді.

Мұның өзі Отырар халқының да Шыңғыс хан әскеріне жаппай қарсылық көрсетпегенін байқатады. Тарихижазбалардағы деректерге қарағанда моңғол шапқыншылығы кезінде қираған Сыр бойындағы Үш қаланың аты аталады. Олар: Отырар, Сығанақ, Ашнас.Яғни кейбір авторлар айтып жүргендей 29 қала емес.

Әрі жоғарыда аттары аталған қалаларда әскери қосындар шоғырландырылған, Шыңғыс ханға қарсы тұруға тиіс негізгі орталықтар еді. Ол қалалар өз міндеттерін атқарды. Соғыс болған жерде аяушылық болмайтыны тағы белгілі. Ол үшін Шыңғыс ханды жазғыру – әбестік. Тарихшы Зікірия Жандарбектің осы ойымен толық қосылуға болады.

Хош, Отырарға қайта оралсақ. Бұл шаһар өмір сүруін Шыңғыс ханның шапқыншылығынан соң тоқтатпапты. Керісінше, Алтын орда тұсында гүлденген қаланың бірі болған. Отырардың түбіне жеткені – еуропалықтардыңтеңіз жолын табуы, сөйтіп Жібек жолының жарамсыз болып қалуы, одан қалды жоңғарлардың ойраны себеп.

 

ТҮЙІН

Тарих оқулығында жаттанды мынадай жолдар бар еді «Негізі жеңімпаз халық жеңілген ұлтқа өзінің дінін, дүниетанымын, тілін таңатын. Ал мұнда керісінше болды. Моңғолдар қалың қыпшаққа сіңісіп, түркіленіп кетті».

Жоғарыда жаздық. Шыңғыс ханмен бірге қазақ даласына атасы бөтен басқа бір халық келген жоқ, тілі бір, танымы бір өз туыстарымыз келді. Шыңғыс хан – түрік тайпаларының бірігу процесін жылдамдатты. Бір-бірінен дербес ғұмыр кешкен Найман, Қоңырат, Дулат, Қыпшақтың басын біріктірді, өзара аралас-құралас етті. Сондай-ақ, дәл осы Шыңғыс ханның бірікітіру соғысы – түрік тілдес жұрттың түгелдей мұсылмандануын тездетті.

Алтайдың арғы бетінен өткенде Найман, Қоңырат, Жалайыр ежелгі наным-сенімді тұтынатын. Оңтүстікке жеткенде мұндағы мұсылман Қаңлы, Дулат жұртымен араласып, Исламды қабылдады. Моңғолдар немесе Шығыс түріктеріЕуропаға осыдан кейін мұсылман болып аттанды. Оған мынау бір тарихи суреттер дәлел.

Суретке жақсылап қарасаңыз, «татарлар» қалың қаба сақалды. Сәлде таққан.

Хош, соңғы айтарымыз, қазіргі моңғолдар мен Шыңғыс ханның заманындағы «моңғолдарды» шатастырмас үшін «мәңгіелдіктер», «шығыс түріктері» деп, «Мәңгі ел» мемлекеті деп түзетіп оқып көрейік?! Сонда ғана тарихымыздағы түсініксіз түйіндерді шешеміз. Сонда ғана қазақтардың империялық санасы сауығар…