ХАН – АЛТАЙ

«Өскемен» атауын өзгерту қиын ба? | Қазақ газеттері

 

 

Жолданған уақыты: 16:15 – 2017/05/18

Нақты қайнарын мына арадан басып коріңіз:
http://kazgazeta.kz/?p=57078
Қосымша қайнары: http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=6&id=772464
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.com/koru.php?tur=6&id=772464

توتە جازۋ نۇسقاسى: http://www.elarna.com/koru.php?tur=6&id=772464

: PDF Download – Жұктеұ – Скачать – ءتۇسىرۋ

РесурсTwitterGoogle+WhatsAppWeChatFacebookMail.RuVK

 

Еліміздің шығыс өңіріндегі Өскемен деп аталатын қаланың атауы карталарда, ресми ақпарат көздерінде әлі күнге дейін Усть-Каме­ногорск болып жазылып жүр. Бүгінде қала атауын өзгерту тура­лы  ғалымдардың дәлелдемелері жоқ емес, бар. Қарап тұр­сақ, қазақ тіліндегі «Өскемен» сөзінің ешқандай мәні жоқ екен. Ол бар болғаны «Усть-Каменогорскінің» қазақшаланған нұсқасы. 

Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының мүшесі Бердібек Бияров жер-су атауларының лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеуші маман ретінде мынадай пікір білдіреді: «Кезінде Усть-Каменогорск атауын Тасқорған деген атқа ауыстырсақ деген пікір айтқан едім. Оған себеп қаланың ­тасты таулармен қоршалып тұруы, кезінде бекініс ретінде салынуы, «қорған» сөзінің көне түркіде «қала» мәнін беретіндігі және Ресей зерттеушісі Миллердің 1723 жылдары ол жерден үш үлкен сақ қорғанын табуы сияқты деректер еді. Егер Тасқорған болса, Талдықорған, Жаңақорған, Шолаққорған сияқты атаулар типіне енетін еді» дейді ғалым.
Зерттеушінің пікірі ойға қонымды. Бірақ мұндай пікірлер тек қағаз жүзінде қалып жатқаны өкінішті. Өскеменнің атауын өзгерту мәселесі жай әңгіме күйінде болмаса, облыстық оно­мас­тикалық комиссияға ресми құжат түспеген.
Тарихқа зер салсақ, Өске­менге қала мәртебесі 1868 жылы берілген екен. Содан бері оның өзгермей келе жатқаны аян. Еліміз тәуелсіздік алып, оған ширек ғасырдан асса да Усть-Каменогорск болып келеді. Кезінде «Усть-Каменогорск» деген атауды өзгертуге үзілді-кесілді қарсылық білдіргендер табылды. Енді үш жылдан кейін Өскеменнің 300 жылдығын осындай атаулы деректермен тойлап жатсақ, еш таңдануға болмайды.
Жазушылар одағының Шы­ғыс Қазақстан облыстық фи­лиа­лының төрағасы, облыс­тық «Қазақ тілі» қоғамының бас­­шысы Әлібек Қаңтарбаев: «Жер, көше атаулары осы­лай өзгермей тұра бере ме? Облыс басшылығына хат жаздым, талай рет айтылды. Ешкім селт етпейді. Өзге жерлерде ауыстырып жатады, бізде үнемі мораторий…» деп жағдайды қамыға жеткізді.
Осыдан біраз жыл бұрын Президенттің Семейге барған сапарында айтқан бір-ақ ауыз сөзінен кейін «Семипалатинск» атауы «Семей» болып шыға келді ғой. Ештеңе бүлініп, ешкімнің көзі шыққан жоқ. Осындай нақ­ты батыл қадам Өскеменге жетпей тұр. Мәні-мағынасы жоқ, фоне­тикалық өзгеріске түскен атауды Қазақстан картасына қашанға дейін жазамыз. Қаланың өзіне, шығыс өлкесіне әбден-ақ жарасатын әдемі атаудың қажет болып тұрғаны сөзсіз. Енді батыл қадамдар керек. Өз елімізде кешегі Кеңестік заманнан қалған атауларды бірте-бірте өзгертуге тиіспіз. Өйткені өсіп келе жатқан ұрпақ бар. Олар қай атаудың тарихымен тәрбиеленбек? Ұлттық сана-сезімдері, елге, жерге деген патриоттық қасиеттері дұрыс қалыптассын десек, мәселенің мәнісін атауды өзгертуден бастайық.

Ғабдул-Ғазиз Есембаев

Астана

Нақты қайнары: http://www.elarna.com/koru_kk.php?tur=6&id=772464