«Білімнің – Ақ Ордасы»

                                           әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

заң факультетінің    

 азаматтық құқық

және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының

аға оқытушы Қарашева Ж.Т.,

 

                                           әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

заң факультетінің     

азаматтық құқық

және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының

доценті,заң ғылымдарының кандидаты

Алдашев С.М.

 

 

                                            «Білімнің – Ақ Ордасы»

    Қазіргі заман – білімдігерлердің заманы  «Білімді болу деген – жаналық ашуға қабілетті болу» деп түркі ойшылдарының ең атақтысы, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл Фараби тайға таңба басқандай қылып айтылан аталы сөздің өзектілігі артып келеді.  XXI ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Болашақтың бүгіннен да құрғы болуына әсер етіп, қоғамды алға сүйрейтін алып күш – білім. Еліміздің дамыған өркениеті алып мемлкеттермен терезе тең түсіп, нық қадам басуы үшін болашақтың тізгінін ұстар білімі жер жаҺанды  жаңартатын, ой – өрісі ұшқыр, дүниетанымы  мұхит асып, таудай алпауыт, еліміздің ұлан – ғайыр жеріндей кең болатындай ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – 80 жылдан астам аса бай тарихы бар, өзіндік салт – дәстүрімен, көп жылдық ғылыми тәжірибесімен Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы. Таудың баурайында орналасқан алып ғимараттар, оқу нысандары, жап – жасыл табиғат көрінісі, рухани, ғылымиғ мәдени байлыққа толы жаңа кітапханасы, үлкен аумақты алып жатқан ҚазҰУ қалашығы деп аталады. Қазіргі таңда ҚазҰУ – ата – бабамыз қасықтай қаны қалғанша қорғап кеткен ұлан – ғайыр даламыздың түкпір – түкпірінен білім қуып келген жастармен шетел азаматтарымен қоса есептегенде 20 мыңдай студентке білім берім отырған қара шаңырақ. Университет 15 факультетті құрап, 180 сала бойынша мамандар даярлайды. 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары және көптеген жоғары білімді кадрлар жұмыс жасайды.  ҚазҰУ түлектері мемлекеттік қызметтерде сан тармақталған салалары бойынша белсенді, беделді қызметтерін абыроймен атқарып келеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ беделді ThomsonReuters агенттігінің «2011 жылғы ғылым төңірегіндегі жетістіктері үшін» арнайы дипломымен марапатталған Қазақстан Республикасының бірінші жоғарғы оқу орны. Сондықтанда жұмысқа қабылдаушылар университет студенттерінің сапалы білім деңгейін жоғары бағалап, жұмысқа орналасуда, қызмет етуде  ҚазҰУ түлектері зор мүмкіншіліктер мен артықшылықтарға ие болады. 80 жылдан астам уақыт аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті көптеген жетістіктерге ие болды. Соның ішінде атап өтетін болсақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасының Президентінің сыйлығының лауреаты «Сапа саласындағы жетістіктері үшін», Тәуелсіз мемлекеттер достастығының  «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін сыйлығының дипломанты. Біздің университетіміздің Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Сонымен қатар ҚазҰУ ТМД университеттері арасында үшінші орында. QS рейтингісіндегі позициясы – 236 орын. ҚазҰУ-нің шетел жоғары оқу орындарымен яғни, АҚШ, Қытай, Франция, Чехия, Ресей, Оңтүстік Корея сынды елдермен байланысы жоғары дәрежеде дамыған.   Алдағы мектептен ұшқалы отырған түлектерімізді үлкен маңызды сынақты ойдағыдай тапсыруына сәттілік тілей отырып, ары қарай білімін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жалғастыруларыңызға, сапалы біліммен сусындауларыңызға шақырамын. «Ұрпағы – білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей бәсекеге қабілетті, дамыған сапалы экономикалы, заман талабына сай озық технологиялармен жұмыс жасайтын «Мәңгілік ел» Қазақстанды ҚазҰУ тәжірибесімен бірге жандандырайық!