«G-Global» мега жобасына қазақстандық оқытушылар белсенді қатысуда

 

Худайбердина Г.А.

әль-Фараби атындағы  заң факультетінің

азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы

Алдашев С.М

әль-Фараби атындағы  заң факультетінің

азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының доценті,

заң ғылымдарның кандидаты

 

 «G-Global» мега жобасына қазақстандық оқытушылар белсенді қатысуда

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен  «G-Global», Мегажобасы әлемдік жаһандану мәселелерін шешу жолындағы қатысушылардың санын түбегейлі түрде өзгертті. Олардың арасында Нобель сыйлығының иегелері,белгілі ғалымдар,бизнес-қауымдастық,қоғамдық бірлестіктердің өкілдері,қазіргі кезеңнің сарапшылары бар. BNews.kz   сұхбаттасуында Отандық оқытушылар,оның ішінде әль-Фараби атындағы заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы да бар.

Қазақстандық оқытушылар,барлық ел тәрізді жаңа әлемдік тәртіп құру жолында Ел Басының инновациялық жобасына өз үлестерін қосуға даяр екендігін көрсетті.Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы Г.Худайбердинаның пайымдауыша- «Аталған жоба 30-дамыған  елдердің қатарына кіруге  және «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген міндеттерді іске асырудың объективтік негізі болып табылады».

Оқытушының пікірі бойынша, Қазақстанның зияткерлік және әлемдік қауымдастықтың әлеуметтік желісі БҰҰ-ның күн тәртібін қалыптастыруға және адамзаттың тұрақты түрде дамуының жаңа мақсаттарын  айқындауға мүмкіншілік береді.Осы мақсатта аталған жобаны қолдау негізінде әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «КазНУ- «G-Global» Ресурстық Орталығы құрылды. Орталықтың қатысуыменен әль-Фараби атындағы оқытушыларының 2000-нан астам мақалалары жарияланды.Тек қана өткен оқу жылы ішінде мыңнан аса мақалалар мен түсіндірмелер жарияланды.

Осы жоба аясында әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2016 жылдың 1 қарашасынан 2017 жылдың 31 мамыр аралығында Қазақстанның оқу ұйымдарының арасында«Жастар G-GLOBAL»  үшін конкурс жобасы жарияланды.Конкурс жобасына жоғары оқу орындарында «G-Global» жобасы бар оқу орындары жіберіледі,ал жеңімпаз ретінде қатысушылар арасында ең жоғарғы балл жинаған оқу орны танылады.

Халақаралық G-Global жобасының конкурсын өткізу мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру болып табылады.Конкурсты жүргізу нысаны  online режимінде –  «Global» ақпараттық -коммуникативтік алаңында

Еске сала кетейік,халықаралық «Global» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен,әлемде қауіпсіз,әділетті және тұрақтылықты біріктіруді  қамтамсыз ету бағытында жарияланған болатын