Білім және ғылым саласы

 

Білім және ғылым саласы

ҰБТға енгзілетін өзгерістер туралы сюжеттерге  салыстырмалы талдау.

«Хабар» арнасы.

Сюжет тақырыбы: Ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Ұзақтығы 1 минут 6 секнуд. Сюжет авторы сюжет барысында өзінің аты-жөнін атамайды. Журналистің кадрдегі сөзін айтқанда да өзінің аты-жөніні көрсетпеген. Бұл сюжеттегі ең үлкен қателік. Себебі, көрермен өзіне ақпарат беріп тұрған журанлисті білуі керек.

ЖКС: Келесі жылдан бастап мектеп оқушылары екі мәрте емтихан тапсырады. Мектеп бітіруіне және ЖОО-на түсуіне байланысты. Ұлттық бірыңғай тест тапсыру талаптарына да бірқатар өзгерістер енгізілмек. Биыл мектеп түлектері ҰБТ-ны екінші мәрте тапсыруға мүмкіндік алады. Яғни ең төменгі бал жинаған оқушылар кезекті мәрте бағын сынап, ақылы бөлімге түсуі мүмкін.  Бұл балалар құқықтарын қорғау туралы заң жобасына енгізілген өзгеріс.

КСМ: Елімізде ҰБТ тапсырмайтын түлектердің қатары артуда. 2015 жылы олардың саны 46 мыңды еңсерген.  Ал ең төменгі деңгейге 1-2 балл жетпей қалғандар Ресей, Қытай елдерінің оқу орындарын таңдайды. Осылайша өзге елдің білім беру жүйесіне қаржы салуда.  Заң жобасына енгізілген өзгеріс қалыптасқан мәселені шешуге сеп болмақ.

СНХ:  Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Тест қиын. Сосын біразы Ресейге кетіп жатыр. Біздің балаларымызды сол жерде тестсіз университеттер алып отыр. Көп балаларымыз Қытай, Түркияға кетіп жатыр. Соны жөндеу үшін екінші сондай мүмкіндік беріп отыр. ҰБТ сұрақтары 5 жылдың ішінде 25 пайыздан өзгере бастайды. Оған 5 жыл беріледі. Қазіргі уақытта біз екі деңгеймен балалардың мектепті бітіру, институтқа түсу, университетке түсу екіге бөлінді. Өздеріңіз білесіздер, бұрын бірыңғай болған. Оның көп кемшілігі бар. 10 жылдың арасында белгілі болды.

КСМ: Тиісті заңға сәйкес жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың деректік базасы жасалады.  Осы мақсатқа 120 млн теңге бөлінбекші. Үкіметтік емес ұйымдар базадан қажетті ақпарат та ала алады.

«31» арна

Сюжет тақырыбы: Ұлттық бірыңғай тестілеуді екінші рет тапсырудың құны 2242 теңге

Ұзақтығы: 44 секунд.  Авторы: Мақсат Толықбай

Ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар үшінде өте қажет ақпарат. Ұлттық бірыңғай тестілеуді екінші рет тапсыру  құны 2242 теңге. Биыл маусымның бірі мен он бесі аралағында тест тапсырып, шекті деңгейде балл жинай алмағандар үшін екінші мүмкіндік тамыз айында беріледі.

 

КСМ: Алайда сынақ Алматы мен Астанада және өзге де қалалардағы базалық білім беретін жоғарғы оқу орындарында өткізіледі. Олардың тізімін Білім және ғылым министрлігі жасақтап жатыр. Ал талапкер Қазақстан тарихы, математика, оқу тілі және таңдау пәнінен бірыңғай тестілеуді қайтадан тапсыра алады. Ол үшін бар болғаны тиісті өтініш жазып, 3х4 суреттен 4 дана және орта мектепті бітіргені жайлы құжат өткізу керек.

 

Екі арнадағы сюжет тақырыбы ҰБТ туралы болғанымен екеуі ақпаратты екі түрлі берген. Мысалы, «Хабар» арнасы толыққанды сюжет жасап, Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің синхронын бергенімен, көрерменге ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкндігі болатынын ғана айтады. Оның құны жайлы ешқандай ақпарат бермейді.

Ал, 31 арна сюжеті қыс да нұсқа болғанымен, автор көрерменге қажетті ақпаратты нақты бере білген. Яғни, ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға болатынын, оның құны 2242 теңге екенін айтады. Бұл жерден көремен өзіне қажетті мәліметті толыққанды алады. Ал «хабар» арнасында көрерменге қажет емес қосымша мәлімет көп. Мысалы, мектеп бітіргендердің қанша пайызы шетелге оқуға кететіні туралы ақпаратты ҰБТға өзгеріс енгізілді деген тақырыпқа қыстырмай, жеке сюжет етіп беруі керек пе еді.

Екі арна да КСМ оқылып жатқан кезде бейне қатарына мұрағаттағы ҰБТ тапсырып отырған оқушылар мен оның нәтижесін күтіп тұрған ата-аналарды алған.

Әсел САРҚЫТ