Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім беру саласының көшбасшысы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – еліміздіегі ең алғашқы классикалық университет және «Сапасы жағынан жеткен жетістіктері үшін» қазақстандық барлық жоғарғы оқу орындарының арасында Қазақстан Республикасының Президенті Сыйақысының бірінші лауреаты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандық жоо негізгі рейтингісінің тұрақты көшбасшысы.
Ең престижды университеттер рейтингін жасайтын World University Rankings нұсқасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 2015 жылы 400 ең үздік әлемдік жоо қатарынан көрініс тапты. QS халықаралық рейтингінде ҚазҰУ үздік 300 университет қатарына еніп, 800 әлемдік үздік университеттері ішінен 275 орынға келіп тірелді.
Әлемдік білім беру және ғылыми қоғамдастықпен біріктіру арқылы жоғарғы білім беруді дамытып реформалау мақсатында жасалған Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қызметі келесі аталатын салаларда әлемнің үздік университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтармен серіктестік бағдарламасының бөлігі болып табылады: білім беру бағдарламалары мен жобаларын бірлесе жүзеге асыру; ғылыми зерттеулерді бірге өткізу; академиялық мобильділік; халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын бірлесе жүзеге асыру; жұмыс бабы бойынша келіссөздерді, семинарларды және конференцияларды ұйымдастыру.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің құрылған күнінен 80 жылдан астам уақыт өтті. Университетке кадрларды дайындау мақсатында халықаралық талаптар енгізіліп, жаңа ғылыми-инновациялық инфраструктура жасалды, университет құрамында ҒЗИ желісі және технологиялық парк бар.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үдерісін сәтті жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді жақсылап түсініп алу керек: нені үйрету керек, оқу үстінде неге машықтану керек. Бүгінгі таңда университет құрамына 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк кіреді. ҚазҰУ-да 2 мыңнан аса профессор, доктор, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, ең ірі деген академиялардың 100-ден аса академиктері, 30 жуық Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан аса ҚР Мемлекеттік және жеке сыйақы лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйақысының лауреаттары, 45 мемлекеттік ғылыми шәкіртақы степендианттары жұмыс атқарады. Олардың әрқайсысы жайлы бұл ерекше интеллектуалды байлыққа ие бетке ұстар маман деп сеніммен айтуға болады.
Университетте он сегіз мыңнан аса студент, магистрант пен докторанттар оқытылады, соның 700-ден астамы шетелдік, бұл дегеніміз керемет күш, алдыңғы қатарлы, дарынды жастар мен келешек кәсіби мамандар. ҚазҰУ халықаралық білім беру бағдарламалары, студент алмасуы және тағылымдама өткізу бойынша халықаралық 418 жоо серіктестік қатынаста.
Университет кампусы 90 га ауданында орналасқан. Университет кампусы қатарына концерттер мен өзге де жаппай іс-шаралар өтікізілетін студенттер сарайы, спорт кешені, жеке тұрған кітапхана, өзге қаладан келгендер мен шетелдік студенттерге арналған жатақхана, тамақтану комбинаты, студенттерге қызмет көрсету орталығы кіреді. Осының арасынан ойып тұрып орын алатын биік ғимарат болып ректорат (биіктігі 75 м) саналады, бұл бүкіл кешен 34 сәулеттік – композициялық маңыздылығының көрінісі болып табылады. Ғылыми кітапхананың қоры 2 млн. нұсқа дейін жетеді, соның ішінде: қазақ тілінде 439500 нұсқа , жыл сайын 40-45 мың данаға толығып тұратын шет тілдерінде 85 мың нұсқа кітап бар. Ғылыми кітапхана оқырмандарының саны 19 мың адамға жетеді, бұл тек қана студенттер емес, сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, білім жағынан көмектесетін персонал, университет қызметкерлерінің өзге де топтары болып саналады.
Аудармашылық қызметтің қолданылу шеңбері және екі одан да көп шетел тілдерін меңгерген мамандар саны күн сайын кеңейіп, үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып келе жатыр.Осыған орай елімізде арнайы оқу орындары ашылып, кәсіби аудармашы мамандар және шетел тілі ұстаздары (ағылшын, , неміс, орыс, француз, қытай, араб және т.б.) даярлануда. Соның бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің «Аударма ісі», «Шетел филологиясы», «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы жыл сайын қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне еркін аудара алатындай мамандар даярлауда қажымай, аянбай еңбек етуде. Осы орайда аталмыш мамандықтарды даярлайтын кафедралар ұжымының бастамасымен барлық деңгейлерде оқытылатын мамандық бағдарламалары қайта қаралып, заман талабы қажет ететін, отандық және әлем елдерінде де сұранысқа ие бола алатындай кәсіби түлектер дайындауға негіз болатын пәндер оқытылуда. Демек, табысты да абыройлы жұмысқа ҚазҰУ оқу орынын бітірген кейін ие боласың демекпіз.
Әл‑фараби атындағы Қазақ Ұлттық Унивеситетінің
филология және әлем тілдері факультетінің
оқытушылары
Садыкова А.К., Жанабекова М.А.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.