ҒҰЛАМА ҒАЛЫМҒА ТАҒЗЫМ

Әмір МОЛДАБЕКОВ,

Халықаралық ЮНЕСКО

сыйлығының иегері, ұстаз

 

 

 

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМҒА ТАҒЗЫМ

МАРҚҰМ, ПРОФЕССОР МАРАТ БАРМАНҚҰЛОВ

М.К.Барманкулов

Марқұм, профессор Марат Барманқұловты, өзімнің студент кезімнен, кейін, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультеті тележурналистика кафедрасына ұстаз болып келгеннен өте жақсы білдім.Кеше ғана осы Мәкеңмен тізе қоса жұмыс істеп жүрген қызығы мен қиындығы мол қимас сәттерім бүгінгідей көз алдымда. Қазақ тележурналистикасының қалыптасып, аяғынан қаз тұрып кетуіне өлшеусіз үлес қосқан Марат Кәрібайұлының сол бір өлшеусіз ұшан-теңіз еңбектері дер кезінде лайықты бағасын алмағаны бүгінге дейін жанымды аяздай қариды. Профессор Марат Кәрібайұлы Барманқұлов – Қазақстандағы тележурналистиканың негізін қалаушылардың бірі және бірегей болды.

Тележурналистиканың елімізде қалыптасу, даму барысы жайлы толып жатқан ғылыми еңбектер жазды. Ол оқулықтар күні бүгінге дейін маңызын жойған емес. Оқулықтар: Телевизия:- бизнес әлде билік, «Журналистика для всех», «Весь мир у вас в квартире», «Горизонты космического телевидения».

Марқұм профессор Марат Барманқұлов барша түрік халықтарының ортақ тарихы туралы толып жатқан ғылыми еңбектер жазды Марат Кәрібайұлы өзі журналист бола тұрып, тарих ғылымымен жан-тәнімен араласқанын көпшілік жақсы біледі. Өзін дүниеге әкелген қазақ халқының өткен тарихы жайлы кәсіби тарихшылардың өзі мойындағандай кесек дүниелер жазды.

Мәкеңнің түрік халықтарының тарихына қалам тартуы – тарих ғылымындағы тың үрдіс еді. Белгілі қазақ тарихшылары, әлем тарихшылары – оның еңбегін жоғары бағалады. Бұл салада Мәкең тындырған еңбектерді бұл шағын мақалада айтып тауысу мүмкін емес. Сондықтан да оның осы саладағы кейбір еңбектеріне тоқталғанды жөн көрдік. Ұзақ жылдар бойы өз тарихымызды 1917ж. Қазан төңкерілісінен бастап келгенбіз өтірік емес. Марат Барманқұлға тарихшы ретінде қолына қалам алғызған өз ұлтының қазақ халқына «деген терең махаббаты.

Әсіресе, «Хан Иван», «Түрік әлемі», «Аққудың ізбасарлары» деген ктабы тың деректермен, оқшау ойлармен батылдылығымен ерекшеленеді. Асылы, профессор, қандай тақырыпқа барса да,тың ізденіс жолына түссе де, діттеген жеріне жетпей тынбайтын. Ғалымның ол ізденістері, таза ғылыми ізденістер болатын. Барманқұлов қолынан шыққан ол ғылыми еңбектердің ғылыми негізі, алып отырған тақырыбы, нағыз ғалым қолынан шыққан еңбектер болатын.

Ұлы даласына

деген махаббаты шексіз.

Оның қаламынан туған әр сөзінен ұлтымыздың ұлы тұлғасы көзге ұрады.

Оның бір ерекшелігі мамандығы журналист оның журналистік жағын айтқысы келеді. Журналист мамандығының өзі практикаға жақын. Марат Кәрібайұлы сияқты білімді, журналистерді әрі тарихшы, әрі филолог деуге болады. Мараттың еңбектерінде жақсы толғаныстар, ойлар түркі тану жағынан тарихымызды жинастырып жазып жүрді. Деректі танып біліп, игеріп барып ғылыми тұрғыдан жазатын журналист-тарихшы.

. Туған әкесі Танкин көкірегі аяу, көзі ашық, халық ағарту саласында еңбек еткен аяулы азамат еді. Міржақып Ахмет, Мағжан, Әлихан, Мұстафа сияқты алаш ардагерінің ізін қуушы еді. 1937ж. Сталиннің қанды қол қарақшылары Талғар қаласында тұтқынға алып, сол жылы алғашқылардың бірі болып атылып кетті. Бұдан кейінгі Марат Барманқұлдың жастық шағы қалай өткені айтпасада түсінікті. Марат Барманқұловтың ғалым ретіндегі ерекшелігі – бір жазған кітәбін қайта жазбайтындығы., ол кітәптәр бір-біріне ұқсамайды. Барманқұлов телевидениені, халықаралық журнәлистикәні зерттеген. Бірәқ тәуелсіздігімізді енді алған тұста ол түркөлөгия туралы 3, тіпті 4 кітәп жазған. Сонда ол бар болғаны бір жылдың ішінде төрт кітәп шығарып тұр. Ол кісі баяғыдан соған дайындалып жүрген. Қаншама әдебиет, қаншама кітәп қарады, ол бірден шыға қоятын дүние емес. Сондықтан, Барманқұлов – таза ғалым. Ол ұлтын сатқан арамза ғалым емес, жазған өтірік жалған ғалым емес,шін мәніндегі, таза ғалым. Мараттың тәуелсіз кезең туғызған жаңа тұрпатты тарихшы деп санаймын. “Тюркская вселенная” кітабында біздің ежелгі ата-бабаларымыз туралы көптеген қызықты мағлұматтар бар. Біздің мақсатымыз – ұлтжандылықты, бірлігімізді кітап жазып жастарға жеткізу Бұл саяси мәні бар үлкен нарсе. Қазақ санау жүйесінің дамыған шағына дәлел, қыпшақ жазба ескерткіші «Кодекс Куманикус» 1303 жылдары жазылған. Бұл туралы профессор М.Е. Барманкулов «Хан Иван» кітабында былай деп жазады: Уже в те времена у кыпчаков была счетная доска – «санар такта».   Если «Кодекс» пропускать не только сквозь сито падежных окончаний и особенностей синтаксиса, то можно многое узнать и о культуре, быте капчаков 1303 года. Уже в те времена употребляли иглу для пошива мешков – «чувалдуз», мельница – «тегирмек», расшитый тулуп – «сырма тонум» , наперсток – «оймак», лампа – «фанар». Может, и этот «фонар» пришел в другие языки из тюркского, а потом из них – снова в тюркский как чужеродный элемент?

  • “Түрік әлемі” кітабы қазақ тарихындағы бұрын-соңды болмаған құбылыс. Кітаптағы ұлы даладан шыққан Темучен, Зарина, Роксана, Әппақ сынды дала аурлары жайлы ой толғаулары   Низами, Темір қақпа жайлы ғылыми еңбектері ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Батыс, орыс зерттеушілердің, біздің ұлтымызды үнемі кемсітіп көрсетіп келгеніне ғылыми түрде тойтарыс береді. Низами өзеннің дастанында. Түрік халқының ұлылыған қалай дәріптегенін, қыпшақ қызы Аппақтың бейнесін салудағы мөлдір етіп жазады. Низами шабытына Мұхаммед Пайғамбардың ұлылығын өзін түрік кеменгерлілігімен салыстыратынын осы кітапты оқығаннан білдік. Александр Македонскийдің дала ауры Раксананың алдында бас игенін, кітап, теңге т.б. мыңдаған сөздердің орыстарға бізден кіргенін т.б. ұлылығымыздың небір ғажап үлгілерін осы кітапты оқып барып білдік.

  • Ұлы Дешті-қыпшақ даласы, Қазақ даласы қисапсыз жер асты, жер үсті байлықтарымен ғана емес,  дара тұлғалармен  де  ұлы,-деп басталатын     «Түрік Даналары»  телебағдарламасына  тұрақты түрде ғылыми кеңесші болуының өзі көп нәрсені аңғартса керек.    1995 жылдан бастап, Марат Барманқұлов «Түрік Даналарына» телебағдарламасына тұрақты түрде ғылыми кеңесші болды осы хабарлардың авторы әрі жүргізушісі Жұмаш Кенебаймен бірлесе отырып, көп жұмыстар атқарды. 2000 жылға дейін жалпы жиыны, әр қайсысы 30 минуттан тұратын 40-қа жуық телехабарларды дүниеге әкелінді. Міне, осы толып жатқан жұмыстарға профессор Марат Барманқұлов ғылыми жетекшілік жасап отырған еді. Тағдырдың небір қыстау сәтін басынан өткерсе де мойымайды. Асығыстық, қызбалық, оған жат. Ұлы даласының өткені, бүгінгі оны бей-жай қалдырмайды. Қазақ елінің тәуелсіздігі оның баяндылығы асыл азаматтың арманы осы .

Ұлы дала ұлылардан кенде емес,

Ұлы рухтар көкте ұшып жүр, жерде емес.

Ұлы дала төсінде жүр ойқастап,

Бұлың-бұлың сияқтанып кейде елес…

 

Ыстық еді, туған жердің әр қыры,

Ыстық еді, бораны мен жаңбыры.

Өз тұсында ауыр еді, жұрт білер

Профессор Марат аға тағдыры.- деп жырлайды ақындар!

. Қорыта айтқанда, марқұм профессор Марат Барманқұлов қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан – ғұлама ғалым әрі білімді де білікті ұстаз болған үлкен тұлға еді.

 

 

 

Әмір МОЛДАБЕК,

Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері.

 

 

 

Автор свыше 20 монографий, книг по журналистике и культурологии. Среди них: «Хан … Иван», «Наследники Белого лебедя», (1995) , «Тюркская Вселенная» (1996), «Хрустальная мечта тюрков о квадронации» (Алматы, 1999). Настольными книгами студентов стран СНГ стали учебники М.К.Барманкулова «Журналистика для всех», созданный на основе докторской диссертации, «Весь мир у вас в квартире», «Горизонты космического телевидения» и другие. Диапазон научных интересов профессора М.Барманкулова был велик и многообразен. Так, он стал одним из первых казахстанских журналистов, писавших о Всемирной Сети, занимался исследованием жанров ТВ и РВ приминетельно к Интернету.

қазақ хандығы