«Астана» арнасы Экономика жаңалықтары

«Астана» арнасы

Экономика жаңалықтары

2015 жылы бюджет қаражатының 1,3 трлн теңгесін бұзушылықтар анықталған.

Өткен жылғы бюджет заңнамасын бұзу бойынша білім және ғылым министрлігі көш бастап тұр. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлімдеді. Білім және ғылым министрлігінде 39,5 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталған. Мәдениет және спорт министрлігінде  – 13,6 млрд теңгеге. Ал ауылшаруашылығы министрлігінде 12,4 млдр теңгеге бұзушылықтар анықталған. Аймақтарды алсақ, бюджет қаражатына немқұрайлы қараған Маңғыстау өңірі алда келеді.

Қозы-Көрпеш  Жаңбыршин, ҚР Есеп комитетінің төрағасы: 

Маңғыстау облысында 42 млрд немесе қамтылған қаражат көлеміне шаққанда 70 пайыздан астам. ШҚО 41,5 млд теңге немесе немесе қамтылған қаражат көлеміне шаққанда 35,4 пайыз. БҚО 25,3 млдр теңге немесе немесе қамтылған қаражат көлеміне шаққанда 50 пайыздан асты деп айтуға болады.

2015 жылғы тексеріс бойынша заң бұзушылық 3 есегеартқан. 1 трлн 300 млрд теңгеге қатысты қаржылық бұзушылықтар тіркелді. 62 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқатартылып, 200-дей адам тәртіптік жауапкершлік пен құтылған. Есеп комитетінің төрағасы мемлекеттік органдарда ішкі аудит дұрыс жүргізілсе, қаржылық бұзушылықтардың 50 пайызын жібермеуге болатынын айтты,» – дейді Астана арнасының тілшілері.

Төлепберген Еламан

Журналистика факультеті