Қазақ көрермені қандай фильмге барып жүр?

Еліміздегі кинотеатрларда 2015 жылы ең көп көрілген фильмдердің тізімі жарияланды деп хабарлайды Жанар Жолтаева, Думан Сүлейменов.

Еліміздегі  кинотеатрларда  2015 жылы ең көп көрілген фильмдердің тізімі жарияланды. Бірақ, өкініштісі, тұрғындарымыздың таңдауы отандықтан гөрі шетелдік картиналарға көбірек түскен. Мысалы,  бір жылда Голливудтың 11 фильмі бір ғана кинотеатрлар желісіне 710 миллион теңге табыс әкелген. Ал, қазақ киносы одан екі есе аз пайда тапқан. Ресейлік картиналардың үлесі де алдыңғыларынан әлде қайда кем. Сонымен, қазақ көрермені қандай фильмге барып жүр? Отандық режиссерлер кімге ренжулі?

 

2015 жылы үлкен экран алдында ең көп көрермен жинап, түсірілімге кеткен ақшасын артығымен ақтап алған отандық туындылардың арасында көркем құбылысқа айналған кино бар деп айту орынсыз. Себебі топ бестікте тұрған фильмдердің дені жеңіл-желпі, комедия жанрында. Олардың көш басын “Келинка Сабина” бастапты.

 

Аталмыш фильмді 76 мыңнан астам адам тамашалап, прокаты 86 миллион теңге табыс әкелген.

 

Екінші орында тағы сол Нұртас Адамбаев түсірген “Побег из Аула” картинасы тұр. Оның кассалық табысы 72 миллион теңгеге жуықтап қалған.

 

                                                           Жинақтаушы: Назкен Жансерікқызы