«Байқоңырдағы» апаттарға қатысты Ресейдің жауапкершілігі күшейтілді

«Байқоңырдағы» апаттарға қатысты Ресейдің жауапкершілігі күшейтілді

Ресейге  «Байқоңыр» ғарыш айлағы жалға берілген сәттен бастап, оның табиғат пен адам денсаулығына тигізер әсері туралы тартыс басталған еді. «Еуразия» сақтандыру компаниясының дерегінше, былтыр 8 протон ғарышқа ұшырылған. Соңғы 10 жылда 89 рет көкке көтерілсе, оның 9-ында апатқа ұшыраған екен. Нәтижесінде келген шығын мен тиген зардапқа қай ел жауапты екені де бұрын анық емес еді. Енді бұл мәселенің басы ашылмақ. Бұл туралы «Астана» арнасының тілшісі Айгүл Әдепбайдың сюжетінде айтылады.

Қазақстан Байқоңырда апат бола қалса, Ресейге қойылатын шарт күшейтілетін болады. 17 жыл өзгеріссіз жатқан «Байқоңырдан зымырандарды жіберу кезінде апат бола қалған жағдайда өзара іс-қимсыл тәртібі туралы»  құжатқа толықтырулар енгізіліп, сенаторлар қарауына ұсынылды.

Ал 2013 жылы құлаған «Протон-М» зымыранына қатысты мәселеге әлі нүкте қойылмаған. Шенеуніктер шығын өндіріледі деп мәлімдеді. ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Марат Демеуовтің мәлімдеуінше, шығынды қайтару мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асады.