«MODERN TECHNOLOGIES OF PREPARATION, RELEASE
AND DISTRIBUTION OF SCIENTIFIC AND INFORMATION
EDITIONS AND SCIENCE FICTION»
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ
AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY
«ҮШ ҚИЯН» БАСПА ОРТАЛЫҒЫ
Филология.ғылымдарының докторы, профессор А.-Х. Ф. Мархабаевтың
Туғанына 75 жыл толу мерейтойына арналған
«ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ БАСЫЛЫМДАР МЕН ҒЫЛЫМИ-ФАНТАСТИКАНЫ ДАЙЫНДАУ, ШЫҒАРУ ЖӘНЕ
ТАРАТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»
атты халықаралық конференция
материалдарының жинағы
20-желтоқсан 2013 ж.
Сборник материалов
международной научно-практической конференции посвященной
75-летию д.ф.н., профессора Абдул-Хамид Мархабаева
«СОВРЕМЕННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПОДГОТОВКИ,
ВЫПУСКА И РАСПРОСТРАНЕНИЯ НАУЧНО-ПОЗНАВАТЕЛЬНЫХ ИЗДАНИЙ И НАУЧНОЙ ФАНТАСТИКИ»
20 декабря 2013 г.
Materials
of the international scientific and practical conference
devoted to the 75 anniversary of professor А.F. Markhabayev
«MODERN TECHNOLOGIES OF PREPARATION, RELEASE
AND DISTRIBUTION OF SCIENTIFIC AND INFORMATION
EDITIONS AND SCIENCE FICTION»
December 20, 2013.
Алматы
«Үш қиян» баспасы
2014 2
Бұл жинаққа демеушілік жасап, жарыққа шығарғаны үшін
«Үш қиян» баспасының директоры
М. Қосмамбетовке үлкен алғыс білдіреміз.
Ғылыми редакторлар:
Мағрифа Сазанбайқызы Қасаева –
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушы;
Жауапты редакторлар:
Әбдиева Роза Серікбайқызы –
ф.ғ.к., доцент
Мергенбаева Қарлығаш –
аға оқытушы
Филология.ғылымдарының докторы, профессор А.-Х. Ф. Мархабаевтың туғанына 75 жыл толу мерейтойына арналған «Ғылыми-танымдық басылымдар мен ғылыми-фантастиканы дайындау, шығару және таратудың заманауи технологиялары» атты халықаралық конференция материалдарының жинағы. – Алматы: Үш қиян баспасы, 2014. – 232 б.
ISBN
Жинаққа ғылыми-танымдық басылымдар мен ғылыми-фантастиканы дайындау, шығару және таратудың заманауи технологиялары аясындағы жарияланымдармен қатар, әр түрлі салалардағы өзекті мәселелер туралы мақалалар топталды. Жинақ ұстаз-ғалымдарға, ізденушілер мен магистранттарға, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналады.
ISBN
© «Үш қиян» баспасы, 2014 3
Абдраман Шамшиден,
профессор, т.ғ.к., пед.ғыл.док.,Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ,
А.Машани атындағы танымдық-тәрбие орталығының директоры,
ҚР Жазушылар одағының «Фантастика» секциясының төрағасы
ҚИЯЛГЕРЛІКТІҢ ҚҰЛАГЕРІН ТҮЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР
Көркем шығармалардың қайссы болмасын алдымен автордың қиялында түлеп барып, өз оқушысын тапқанда ғана өмірдің шынай шындығымен ұштасып жататындығы. Ал, сол көркем әдебиеттің фантастика жанырында туындайтын шығармалар қиял қанатын ғылымнан байланғанда ғана болашақтың болмыстық реңіне айналып оқушысын бірден үйіріп әкететіндігі және бар.
Арпа ішіндегі бір бидай демекші фантастика жанрына қалам тартатындар қатарының үнемі сирек болуы қиялға қанат беруге келгенде жаратылыс ғылымының көксеңгірінің көлденеңдейтіндігінен болса керек. Бәлкім, әп дегенде фантастикалық бірер шығармасымен төбесі көрініп қалатын қайсы бір талапкердің кейде басқа жанрға ауысып кететіндігінен бе осы саладағы аттөбеліндей қаламгер шоғырын не азайып, не көбейіп жатпайтындығы.
Міне, бүгін 50 жылдық шығармашылық ғұмырын түгелдей қазақтың ғылыми-фантастикалық жанрын марқайтудан жаңылмай қаламын кезеп келе жатқан қиялгер ғалым Марқабайдың Әбді-Хамиті, сол шоғырдың сұңғыла тұлғасы деп бағалу керек.
Дәлірек айтсам, өткен ғасырдың 60 жылдардан бұрын оқуға түсу үшін қой бағып стаж жинап жүрген кезінде Әбекеңнің нені қиялдағаны маған беймәлім. Бірақ ҚазМУ-дің жорналшы факультетінің есігін ашысымен қазақ жастары үшін алғаш ұймдастырылған тұңғыш ғылыми-көпшілік «Білім және еңбектің» жорналының есігін жиі тықылдатып тұратындығын білетінмін. Сол кезде студент Марқабаевтың фантастикалық бір әңгімесінің сюжеті әлі күнге дейін есімде . . . Әңгіменің фантастикасы жас боксердің өзіне соққыны дарытпайтын өріс шығарып тұратын тетікті тағынып, ал өзі ұрғанда қарсыласын «нокоунтқа» жіберетін қолғап киетіндігі.
Бұның ғылыми «идеясы» бүгінде о дүниеден ақпарат алатындай адамның энергетикалық қасиетінің бір парасы болды-ау дегенге саямын.
Егер бір жанырдың қазанын қырғыштап жүрген қаламгер көп болмасада жоқ емес. Ал ондай қаламгер екеу болса біреуі біздің Әбекең Егер жалғыз болса соның өзі. Егер шындыққа жүгінсем Ә-Х.Марқабай осынау жарты ғасырлық шығармашылығын тек қиялгерлік шығармалар жазумен шектеген емес, студент кезінде қазақ жастарының ғылыми ой-санасын қалыптастыратын «Білім және еңбек» жорналында қызымет етті, кейін оның бас редакторы да болды.
Әбекең әдепкіде ара-тұра басқа емес, ғылыми-фантастика жанырында жазылған шығармаларға пікірін ашық айтудан да жасқанған жоқ. Несіне жасырайын, сын садағын талай рет өңменімізге де кезеген кездері болды. Ол түгіл қазақ әдебиетіндегі ғылыми-фантастика жанырының қадасын қаққан абызымыз Ақжан ағасына да ауыз салғаны бар-тын. Бірақ Әбді-Хамитымз «Жерұйыққа саяхат» жасаған әз ағасының ойын жалғастыра жүріп ақ батасын алды да.
Егер Әбді-Хамит мырзаның ғалымдық жолы да қазақтың бүгінгі ғылыми-фантастикасын дамуын көксейтін ізгі мақсаттан масақ жарса, бүгін ол ғылыми қағидаттық тұжырым түйеті тұлғалық санаттық сатысының жоғары басқышына көтеріле білді. Сөйтіп ол ғылымның кандидаттық зерттеуінде бастаған ойын орманға айналдырып, «Қазақ фантастикасына» арналған докторлық зерттеуін тақырып етіп таңдауы қиялгердің тақымына басқан Құлагерінің бабында екендігін аңғартқаны дер едім. Айтты айтпады қазақ ғаршкерлерінің Байқоңырдан ұшуын күтіп жатпай қазақтың сары қымызын Ғарыш төрінде сапырған біздің Әбекең еді ғой! Бірақ кәзір сол қымыздың Еуропа елдерінің дәріханаларында дәру түрінде мысқалдап сатылып жатса оған Әбді-Хамит мырза жазықты емес. . . 4
Өткен ғасырдың 60 жылдары Ақжан абыздың соңынан ерген С.Қышқашов, М.Сәрсекев, Ш.Абдраман, Т.Сүлейменов, Т.Сұлтанбековтер қатарында көрінген Ә-Х.Марқабаевты оқырман қауым қуана қарсы алып, балауса жаныр жанданды деп үмітін арқалатты да. Тұрасын айтсақ қазақ әдебиетінің фантастика жанрын балауса деп мүсіркеу жаңсақтық еді. Шынтуайтына келсек әдебиетіміздің ең көне жанры бұл, тіптен, фантастика жанрын қазақтың ауыз әдебиетінің атасы десек онша қателеспегеніміз деп білемін. Ұлтымыздың не бір майталман ақын-жазушылары мен әдебиет теориясын жасаған тұлғаларын тәрбиелеген осы қарашаңырақта қазақтың аңыз-әңгімелері түптеп келгенде ауыз әдебиет-Тұрандықтардың сонау тас үңгірде арманына азық болған қияли-ғажайып ертегілерден бастау алды десем мені сөге қоймас деймін.
Осында отырғандардың, ана тілімен ауызданған ғалымдарды бәрі де қазақтың қияли-ғажайып ертегілерінен балауса балалық қиялын шыңдап өсті десем жаза баспаспын деймін. Халқымыздың қазынасы сол қиял-ғажайып тақырыптарды тізіп жатудың да қажеті шамалы. Бір ғана мысал үшін «Қырық өтіріктің» кейіпкері Тасша баланы алайықшы. Ол басына таз кепкесін жапырайтып киіп алатын бала емес, тастың сырына қанық Тас+шы бала. Егер жер планетасының миллиарттаған тарихы таста ғана сақталатындығын ескерсек, тастың сырына қанық баланың ғұламалығына күман келтіру әбестік болар еді.
Сол Тасшы бала бошалып кеткен биесін іздеп Ғаршты шарлайды емес пе? Сырығына құрығын жалғап қараса да биесі көзіне түспейді. Енді сол сырығына тебенді шаншып жалғағанда Шолпанның бер жағында, Айдың ар жағында ала құлынын емізіп тұрған жоғын табабы. Біз кәзір сол тебеннің ғажайып сырына қанықпыз, ол бағдардан жаңылмайтын компас, тебен сол копмастың магнит тілі. Қазақ ұғымында магниттік қасиет беретін қызыл-күрең тасты ерекше киеге балаған «Бассыз бөрік болмас, тассыз түрік болмас» делінетін мәтелдің мәні осында. Ғылымда темірдің магниттік қасиетіне яғни компас асбабын жасауды Қытай еліне апарады. Бәлкім бұның отаны қазақтың Ұлы Даласы болмасын! Демек, біздің Әбекеңнің ғарышқа апарған қымызы осы Тасшы бабасының ала биесінің сүтінен даярланған сусын болып шығар еді. . . Осы ретте сегіз аяқты Ертөстік мінетін тұлпардың ғылыми негізі қазақтың Күн жануары Айдақардың сегіз аяғын еске салуы да ғажап емес. Шаңырақтың күлдіреушіне қақталған төстікке жерік болған ана перзентінің Ертөстік атанған батыр болуы тегін емес. Өйткені тапа-тал түсте шаңырақтан тік түсетін күн сәүлесі күннің өмір тіреуші екендігін еске салса, сол «Күлдіреуш» атауының өзі күнтіреуіш – күлдіреуш атауына айналмады ма деп, бүгінгі әдеби жанырдың бірі фантастиканың төркіні тым әріде басталды деген ойды пысықтай түседі.
Сөзімнің аяғында қазақтың фантастикасы жайлы Ақжан абыздан естіген мына бір жәйтқа тоқтала кетпекпін. Сол, әл-Фараби заманында араб елінде екі Халифат болды. Соның бірі кәзіргі Испан жерінде Кордова қаласын орталық етіп салдырған-ды. Осы Халифатта әл-Фарабидің шәкірті әл-Туфил деген ғалым ғұмыр кешкенді. Ол ғалым ғана емес, Халифаттың ақыны санатында белгілі еді. Сол кісі «Яхия» делінген фантастикалық романын да жазыпты. Бұл кейін «Мәңгі жасаған Яхия» деген атпен Батыс Еуропа елдернде белгілі болды. Ол кісі «Мың бір түн» атты кемеден бір белгісіз аралда калып қойған кейпкердің бастан өткен хикаятын жазады. Бұл идеия кейін Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» кітабына негіз болды. Бірақ Дефо оны әл-Туфилден алдым демеседе, басты кейпкерін Жұма атымен беріп, оқиғаның араб-мұсылмандық ишаратын сақтай білген. . .
Әл-Туфилдің Яхиясының идеиясы әл-Фарабро берді деген-ді Ақжан абыз. Бұл оның Еуропа елінде «Мәңгі жасаған Яхия» деп аталып кітабында айтылады ма, оны енді анықтау бірінші кезекте фантастика жанрының классигі Ә-Х.Марқабайдың ғалымдық парызы демекпіз.
Құрметті қалайық құлақтарыңа алтын сырға: Әбекеңді әдебиетіміздегі фантастика жанрының классигі деп атап жүрген әзірге мен шығармын. Бұғанда үш он жыл толған екен. Жақсы сөз жарым ырыс, арамызда жүрген азаматтың ісіне ара кідік болса да Мархабайдың классиктік деңгейін де танып атап жүрсек құба-құп қой. Рахмет. 5
Шаханова Р.Ә.,
Абай атындағы ҚазҰПУ, Магистратура және PhD докторантура
институтының Филология мамандықтары кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д., профессор,
Мынбаева А.,
докторант
АБДУЛ-ХАМИД МАРХАБАЕВ –
ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКАСЫНЫҢ БИІК ШЫҢЫ
Ғылым мен техниканың дамыған кеңістігінде қай елдің әдебиетінде болмасын фантастика жанры кең орын алды. Ғылыми фантастика жанры қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап Ақжан Машани, Талап Сұлтанбеков, Төлеш Сүлейменов, Шоқан Әлімбаев, Абдул-Хамит Мархабаев, Медеу Сәрсеке, Жүніс Сахиев, Раушанбек Бектібаев, Шәмшиден Абдраман шығармалары арқылы қалыптасқанын білеміз.
Ғылыми фантастика – көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.
Ғылыми фантастиканың әдеби анасы – романтизмдік әдеби дәстүр. Қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілері болашақты болжай білген данышпан халық қиялының ұшқырлығы тудырған ертегілерде («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем» т.б.), аңыздарда («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) жатыр. Мысалы, «Ер төстіктегі» алты айлық алыстағы сыбырды ести алатын, тауды тауға соғатын, көз ілестірмей зыр жүгіретін, т.б. кейіпкерлер бүгінде реалдыққа айналған техниканы сонау ертенің өзінде-ақ армандау емес пе», – деген болатын.
Ғылыми фантастиканы әр жазушы өзінше тұжырымдайды: орыстың классик қиялгері Антон Ефремовтің: «Ғылыми фантастика ғылымның «көзі жетпеген» жолын өзінің ұшқыр қиялымен жарықтандырып, оған бағыт сілтеп отыруы тиіс», Борис Стругацкийдің: «Ғылыми фантастика – кез келген ел атаулының жоғары мәдениетін айқындаушы белгі», ағылшынның үлгілі қиялгерлері Айзек Азимовтың «Ғылыми фантастиканы ұнату – қалай десеңіз де түптеп келгенде, адамзат болашағының қамын жеу» және Рэй Брэдберидің «Ғылыми фантастика – біздің заманымыздың нағыз маңызды жанры. Одан да бетер: ол – бүгінгі көшбастар жанр», ағылшын Артур Кларктың: «Шындықпен берік байланыстағы жалғыз әдебиет-ғылыми фантастика!», поляк Ст.Лемнің: «Фантастика, меніңше, бәрінен бұрын бүгінгі күннің жыртысын жыртуға борыштар деп білемін». Қытай қаламгері Жин Тау айтқандай: «…фантастикалық туынды жазу өте қиын. Жазушыда тамаша әдеби таған болып қана қоймай, ғылымды білуі, ең жақсысы, оның алғы шебінде тұруы, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерінен хабардар болуы керек».
«Қазақтың Жюль Верні» атанған танымал жазушы-фантаст Жүніс Сахиев «Орал өңірі» газетінде берген сұхбатында: «…ертегі мен ғылыми фантастиканы ұқсастыруға болмайды. Әр жанрдың орны бөлек. Фантастиканың өзі де фантастика, ғылыми фантастика, фантастикалық юмор, фантастикалық скетч және басқалай болып бөлініп кетеді. Фантастиканың ертегіге ұқсас жерлері болар, ал ғылыми фантастиканың табиғаты ғылым мен шындыққа жуық келеді. Сондықтан да оның жүгі ауыр», – десе, жазушы, профессор, Шыңжаң университетінің проректоры, ҚР және ҚХР жазушылар одақтарының мүшесі С.Р.Жанболатов интернет арқылы берген сұхбатында: «ғылыми фантастиканың рухани тағаны – арғы замандарға тән мифтік аңыздарға, ежелгі әпсаналарға, ауыз әдебиетіне (мысалы, адамзат пен он сегіз мың ғалам ара байланысты түсіндіруге, қоғамның болашақ тағдырына үңілуге және оны болжауға, т.б.) еліктеу. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
Сонымен, әдебиетіміздегі ғылыми фантастика жанрында бүгінгі күні Медеу Сәрсекенің «Ғажайып сәуле», Талап Сұлтанбековтің «Көшпелі алтын», Шоқан Әлімбаевтың «Данышпандық альфасы», Төлеш Сүлейменовтің «Әл-Фараби көпірі», «Жұлдыз адамы», Т. 6
Шахановтың «Көгілдір мұнаралар», Ә.Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз», Н.Кенжеғұлованың «Қиын шешім», М.Гумеровтің «Жұмбақ сәуле», С.Ғаббасовтың «Кәусар», Р.Бектібаевтың «Ионосферадағы алаң» атты повестері мен романдары сынды шығармаларын атауымызға болады.
Ал бүгінгі қазақ әдебиетінде проза, соның ішінде ғылыми фантастика жанрында ерекше орын алып келе жатқан фантаст-жазушы, осы жанрда алғаш ғылыми тұрғыдан қарастырған филология ғылымдарының докторы Абдул-Хамид Мархабаев. Осы жерде академик Зәки Ахметовтың докторлық диссертациясында берген пікіріне назар аударғымыз келеді: «…Соншама еңбектің нәтижесінде Мархабаевтың мынандай жаңалықтарға қол жеткізгені байқалады: а) қазақ әдебиеттану әлемінде автор бірінші боп қазақ ғылыми-фантастикалық жанрын құптарлықтай, дәлелді түрде орынды дәуір-дәуірге бөлген; ә) адамзат санасының елең-алаңындағы тұңғыш творчестволық әдіс-ауызекі әдебиет бүгінгі таңдағы кемелденген ғылыми әлеуметтік фантастика жанрының бастау бұлағы болғаны нанымды дәлелдеген…». Ғалым Серік Қирабаевша айтқанда «тұмса жанрымызға тұңғыштардың сапында енгенімен-ақ, өзінің даралық творчестволық мінезін көрсетіп үлгерген-ді». [1,8] Алмагүл Әлиқызының Абдул-хамид Мархабаевтың 60 жасқа келгенде жазған «Қисыннан қиылған» атты эссесінде фантаст-жазушының «…бүгінде қазақ фантастикасының төрінен табылуы да қисындылық болса керек», қисынсыздыққа тап болған өткен өмірін паш еткен-ді. [2,12]. Қаламгердің өзі айтқандай өткен ғасырдың екінші жартысында гуманитарлық емес мамандарынан болып келген жүгі кереметтей ауыр арбаға – фантастикаға жегілгендердің қатарына қосылды. [3].
Қазақ прозасында сирек қалам тартылатын жанр – фантастикадан өзінің орнын тапқан жазушы кітаптары оқырмандардан оңды бағасын алды. Тәуелсіз қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Жазушылық қадамын фантастикалық повесінен бастаған А.Мархабаев қазақтың алғашқы фантаст-жазушысы атанды. Міне осындай деректі проза жанрына қалам тартып, дамуына үлес қосып, ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр қалыптастырған жазушы ретінде танылды.
Фантастикалық әдебиеттің басқа көркем әдебиеттен ерекшелігін А.Мархабаев төмендегідей белгілерімен көрсетеді:
- фантастикалық шығармада орталық бейне – ғаламшардағы түрлі құбылыстар;
-
фантастикалық шығарманың басты міндеті – ғылымды насихаттау;
-
фантастикалық әдебиет ғылымды туғызса, ғылым фантастиканы туғызады;
-
фантастикалық әдебиетте автор басты кейіпкер ретінде ғылыми-фантастикалық идеяны өрбітуші.
Бұл жанрдың тек болашақтағы адам бейнесін ғана емес, оқырман ғылыми фантастиканы оқуы үшін ғылыми жаңалықтардан хабардар қиял әдебиетінің қарапайым оқырманмен қатар, ғалымдар үшін де қажеттілігін байқатты. Автор қазақ фантастикасының жай-күйіне, қалыптасуы мен бүгінгі фантаст жазушылардың шығармаларына зерттеу жүргізді. Сөз өнерiнiң 1991-2001 жылдардағы тәуелсiз даму жолын зерттеуге арналған «Қазақ әдебиеті тарихының» 10-ыншы томында [4] фантастикатанушы А.Мархабаевтың қазақ әдебиетіндегі осы жанрдың кезең-кезеңдерімен қарастырып, әр дәуірде туындаған шығармаларға талдау жасай келе «ғарышқа ұшырады, планетамызда тiршiлiк атаулының пайда болу себептерiн, қазiргi ғылым құлақ қақпай мойындап отырған, космоспен байланысты деген идеяның кiлтiн табуға кейiпкерлерiн итермелейдi, осындай ғылыми-фантастикалық идея робот-қаһармандардың пiкiр таластары мен iзденiстерi, шытырман детективтi оқиғалар арқылы айшықталып» отыратындығын айтады. Фантастика жанрының екiншi дәуiрiнде байқалған бiр тенденция – осы жанрда қалам тартушылардың iшiнде iргелi (М.Әуезов айтқандай – “дәлшiл”) ғылым мамандарының жиi көрiнуiнде екендігін қарастырады. Фантастикатанушының шығармаларын белгілі ғалымдар Е.В.Лизунова, А.Машанов өте жоғары бағалаған. «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті» (1998), «Қызық қиял», «Қазақ фантастикасының поэтикасы» атты монографияларын жеке дара зерттеуге тұрарлық дүниелер екені қазіргі уақытта дау тудырмайтын пікір. 7
КСРО Жазушылар одағына Қазақстан бойынша алғашқы болып фантаст-жазушы ретінде мүшелікке қабылданды. Осы жанрға қалам тартқаны да физикадан «4» алғанның арқасы сияқты еді. Ал қиялгердің шығармаларына келер болсақ, «Ғарыштағы қымыз», «Арал әуендері», «Сен кінәлісің, Шолпан планетасы», «Жұлдыздар жарығы жерге жетеді» «Жерұйыққа саяхат», «Қиялар қисындары» және т.б. шығармаларының өзі бір бөлек зерттеу болары сөзсіз. Ғалым-фантаст туындыларында жақсылықты, кемел келешекті, жарқын жобалықты ғылыми негізде көрсетуге тырысады. Яғни оптимистік бағытты ұстанатынын байқаймыз. Әлем құбылысының әлі де таралмаған өрісі кең. Сонымен қатар, ғарыш серіктерін өмір шындығына жақындатып, шынайы бейнелеуге ізгі талпыныстарды байқауға болады. Сыншы Зейнолла Серікқалиұлы айтқандай: «…Фантаст жазушылардың шығармаларындағы ізденіс өрісі де қазақ фантастикасының болашағынан зор үміт күттіреді…» Бейнелеу сөздерінің қолданысы, бояу айшықтары, адам баласының арман-үмітін, әлем мен адам арасындағы байланысты, жерден тыс обьектілердің берілуі – жазушының шеберлік сипатын көрсетеді. Табиғаттың небір тылсым құбылыстарын бағалап, жаратылыстану ғылымының зерттеушілері сияқты математика, физика, ботаниканы шығармасына арқау еткен іспетті.
Фантастика жанрының тарихы мен теориясын салалап, cараптаушы, көшін бастаушы А. Мархабаев туралы «Қазақ әдебиеттану шаруашылығы хақында әңгіме қозғалса, әдетте, жанрдың әлі де жастығы ауызға алынады. Бұл аса дәл дәйектеу емес, оның туу және жасаң дәуірлері баяғыда артта қалған. Қазірде ол жан-жақты дамып, өрістеу және шарықтау процесін бaстан кешіруде. Бұл жағдайды А.Мархабаев фантастика жанрын зерттеуде де растап берді”-деген өз уақытында академик З. Қабдолов. [5]
Автордың айтпағы да оқырмандарға түсінікті еді. Адам баласының санасы жете қоймас дүниелерге қалам тартқан фантаст-жазушы ғылыми тілмен де, әдеби тілмен де көпшілік қауымға жеткізіп отырды.
Академик Серік Қирабаев: «…мұның өзін де көркем әдебиет әлемінде шығармашылық үдеріс заңдылығының сапалық жаңа бағыт-векторы деп қабылдаған дұрыс болар…»-дейді. Жүгі ауыр жанр – ғылыми фантастикаға қалам тартқан Абдул-Хамид Мархабаев шығар-малары қазақ әдебиетінің дамуына өз үлкен үлесін қосқан деп білеміз. Ғылыми фантастикаға қалам тартуымен қатар, қазақ әдебиеттану тарихында тұңғыш ғалым-фантастикатанытушы деп танимыз және де Абдул-Хамит Мархабаев ағамыз, отбасы, сүйікті жары, қолдаушысы, аялы досым Магрифа Сазанбайқызы қашанда өмірдің биік шыңында жүрсін деп тілейміз, әлі де болса заманауи қиялгерден тұңғиық терең шығармаларын күтеріміз хақ.
…………………………..
- Серік Қирабаев. //Қазақ әдебиеті, 2010, №42, 8б
- Алмагүл Әлиқызы.// Қазақстан мұғалімі 24 маусым, 1998ж, 12б
- Абдул-Хамид Мархабаев.// Қазақ әдебиеті, 2010, №18/19
- «Қазақ әдебиеті тарихы», 2010ж, 10-том.
- З.Қабдолов. //Қазақ университеті, 2013ж, №13
013ж, №13
23
Тіршілік деген әлемнің діттеген межесіне тістей қатып, тағдыр Ағыбаев Қ.,
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы
БІЗДІҢ КУРАТОР
талабымызға біткен жолмен тырмыса жылжып, мақсат-мұратқа ұмтылған сол бір жетпісінші жылдардың басын ойлағанда мың сан жолдардың ішіндегі жол анасы болған – Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне келіп, студент боп қабылданған күндерімізді қашанда қимастықпен еске аламыз. Бұл – балғын, балауса шақтың көкейіндегі жылт еткен күшікей үміті емес, қайта болашақ асқар биік шыңдарды бағындыруға бет алған өршіл жастардың білім нәрімен, ізгілікпен қауышқанкезі еді. Өзге курстардан ерекшелігіміз сайдың тасындай өңшең бір-екі, алды он жыл өндірісте жұмыс істеп, не әскер қатарынан оралған жігіттер едік. Оқуға түскен елу баланың кеудесінде елу түрлі арман алға жетелеп, оларды бір арнаға тоғыстырған.Кешегі абитуриент бір-ақ сәтте студент атанып, университеттің білім аудиториясында ұстаздарымызбен танысу-кездесу өткізгеніміз күні бүгінгідей көз алдымызда. Бір көрген адамға қабағында сұс пен ерекше жылылық қатар жүретін Тауман аға Амандосов – ересектер тобына, ал,қай кезде де шәкіртімен тіл табысып, әзілдесе алатын, бауырына тартып, керек кезінде сеніміне кіруге әзір тұратын Абдулхамит аға Мархабаев – біздің, екінші топтың кураторы болды. Сол күні қырық бір ұл мен тоғыз қыздың назары ұстаздарымызға ауып, профессорлар: Қайыржан Бекхожиннің, Тауман Амандосовтың, аға оқытушы (қазіргі профессор) Әбілфайыз Ыдырысов ағайларымыздың аузынан шыққан әрбір сөзді қалт жіберместен тыңдаған едік.
- Оқу – инемен құдық қазғандай, – деген, Абдулхамит аға біздерді жанарымен барлай қарап. –Сендер, ерте заманда Жүсіп деген пайғамбардың Мысырдың уәзірі болып, атағы дүрілдегенге дейін ауыр еңбек пен құлдықтың қамытынан қабырғасы қайысып, қаншама азап шеккенін білесіңдер ме? Міне, журналист шеберлігі де осындай азапты еңбекпен, талмай ізденіспен, оқумен келетінін естеріңде сақтаңдар!..
Бәріміз демімізді ішімізге тартып, ең үлкеніміз әрі жаңа ғана сайланып үлгерген старостамыз Би-апаның (Бибігүл Мәтенова) аузына қарағанбыз. Жиын соңына таман ұстаздарымыз: «Тағы да кімде сауал бар?» дегенде, кейінгі қатарда отырған, біздің көзімізге елеусіздеу болып көрінген,сол кезде арамыздағы жас жағынан ең кішіміз Ербол Шаймерденов орнынан көтеріліп, сұрақ қойған еді.
- Университетті бітірген соң аспирантураға қалай түсуге болады?- деген оның сауалына әлі оқуға іліккен қуанышымыздың аптығын басып үлгермеген біздер таңырқай қарасақ та, кураторымыз Абдулхамит Мархабаевтың қатты риза болғаны бар. Бұны айтып отырғаным, расында да, қазіргі білім қуған жастарға бұл да өнеге боларлық тәлім еді. Сол Ербол досымыз ұстаз сенімін ақтап,кейін бұқаралық ақпарат саласының қаншама лауазымды қызметтерін атқарды. Елбасымыз Н. Назарбаевтың алғашқы баспасөз хатшысы болды.
Биыл бір кездері қазақтың маңдайына жаратылған жалғыз университетпен тағдырларымыздың байланысқанына қырық жыл толыпты. Өзіміз ұшып шыққан білім ордасында торқалы тойда тағы да бас қостық. Осы арнайы датаға арнап, біздің курс «Өмірдастан» естеліктер жинағын шығарды. Осы кітаптағы өзінің куратор-ұстазынан интервью алған, бүгінде белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Қуаныш Жиенбаевтың мына сөзі барлық шәкірттерінің де Хамаң ұстазымызға деген жүректен айтылар тілегін, ықыласпен көрсетілер құрметін білдірсе керек. «Хама! Неге екенін кім білсін, сізге әлі күнге дейін еркелегіміз келіп тұрады, әлі күнге дейін сізбен сыр бөліскіміз келіп тұрады. Сіз қат-қабат шаруаны алға тартып, уақытыңыздың тапшылығын талай мәрте еске салсаңыз да, біз бәрібір оны табанда ұмытып кетеміз де, арсалаңдап алдыңызға барғанша асығамыз» – деп, ағынан жарылған ол.
«Жазған кітабының тиражынан шәкірттерінің саны көп (қаламдас досының сөзінен)»Хамаң аға Мархабаев туралы оның бір әріптесі: «Каз ГУ – оның Құраны» деп 24
мерейтойлық мақаласына тақырып та қойыпты. Сырт көзге тым айғайлап тұрғандай көрінетін осы тақырып ұстазымыздың өмірлік ұстанымы мен еңбек жолына сай дәл тауып қойылғандай. Расында да, өзінің саналы өмірінде университетті бітірген бойда-ақ еліміздегі жалғыз республикалық ғылыми-көпшілік журналда бөлім меңгерушісі, кейін ҚазМУ-ге оқытушы болып қайта оралып, фантастика жанрынан кандидаттық диссертация қорғап, доцент атағын алғасын, әлгі журналға Бас редакторға тағайындалған біршама жылдары болмаса, Хамаң қалғанын аталмыш шаңырақ астында өткізіп келеді екен. Ең бастысы – өз қолынан өрбіген «ұл-қыздары» – шәкірт қаламгерлерінің қолы жеткен кез-келген табысына қуана білді. Ф. Ницшенің: «Өмір бойы шәкірт болып қалу – ұстазға тартқан сый емес» деген даналық сөзі бар ғой. Сол айтқандай, Хамаң ағайымыз да біздің әрқайсымыздың қоғамда өз орнымыздың болғанын, жеке тұлға болып қалыптасқанымызды қалады.«Шындап келгенде, творчествода «шәкірт» ұғымы болмауы керек, шығармашы адам қашанда – өзіне-өзі ұстаз» деп үйретті.
«Өлгеннің артынан өлмек жоқ». Қазақтың әлімсақтан келе жатқан бұл сөзінің астарында біз біле бермейтін қандай құпия бар. Сірә, өлімге бетпе-бет шығып текетірескен, өзінің оптимистік көзғарасымен тағдырға қарсы қасқайып тұра білген,азат ойлы, көшпенді еркін өмір сүргената-бабаларымыздың аузынан ғана айтылған сөз ғой бұл. Өзінің ең сүйікті шәкірттерінің бірі Ербол Шаймерденов қаза болған кезде А. Мархабаев ағамыз қатты қайғырды, содан осы мақалға «өлімді мұқалтудың бірден-бір жолы…» деп анықтама беріпті. Сөйтеді де,өзі айтқандай, «бұ жалғанда құр босқа өмір сүрмеген» ұстазжүрегі марқұм болып кеткен шәкірт рухымен тілдеседі.Оңаша сәтте өзінің ағалық-ұстаздық ойын бөлісіп, оған жан сырын шертеді.«Әлгі, айтпаса да, сені мен мен үшін, жалпы «қырық жылдықтардың» бәрі үшін де «тарихи бас қосу» саналуы тиіс датаға туралап шығарған «Өмірдастан», – деп жазады ол. – Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде 1971-1976 жылдары оқыған курс түлектерінің өмір жолдары хақында өздері шерткен жүрекжарды сырлары классикалық естеліктерін қайта қайыра түгелдей оқып шыққанда көзім жеткен ақиқатым: барлығың да талай, таландарыңа сай тағдырларыңды таба біліпсіңдер! Оған менің де, мысқалдай болғанмен, әсерім тигені бар секілді. Демек, куратор Мархабаев та бұ жалғанда құр босқа өмір сүрмеген-ау!..Менің педагог ретінде түйіндеуім: өз қолынан өрген шәкіртінің кейінгі тағдыры да (әсіресе творчестволық тағдыры) белгілі дәрежеде ұстазының мойнында болуы керек. Ол міндеттен мен бас тартпаймын».
Белгілі публицист-журналист Нұртөре Жүсіп те 1971-1976 жылдары КазМУ-дің журналистика факультетін бітірген ағалары туралы бір мақаласында «шетінен «сен тұр мен атайын» дейтін мықтылар еді» деп лебіз білдіріпті. Ержұман Сымайыл, Серік Байхонов, Мағауия Сембай, Қуаныш Жиенбай, Ербол Шаймерденов, Маңдайлы Қосымбаева, Сүлеймен Мәмет, Сағидолла Көшімбаев… Қарап отырсақ, елу қыз бен жігіттің барлығы да өздерінің саналы өмірін сүйіп қалаған мамандықтарымен байланыстырып, қазақ журналистикасына бір кісідей лайықты еңбек сіңірді. Ал олардың ең алдымен, адам деген ардақты атты биік ұстауында ардақты ұстаз, ұлағатты ғалым, қарымды қаламгер Абдулхамит аға Мархабаевтың – біздің кураторымыздың қосқан еңбегі зор екенін айқайлап айтқымыз келеді.
Молдабеков Ә.,
ф.ғ. к, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері
КОМОНДОР АБДУЛ-ХАМИТТІҢ ОРАЛУЫ
Жер планетасынан ұшып шыққалы бері қанша ғасыр өтті десеңші. Бес ғасыр бағытымыз құс жолы бойындағы Арыстан шоқжұлдызы болатын еді, бірақ астероиттар көшіне тап болып, бағыт өзгеріп шыға келмесі бар ма… Міне, туған жерге, өзіміздін күн жүйесіне қайта оралу қандай қуаныш. Табло-экранда ғарыш кемесінің бағыт-бағдарын көрсетіп, компьютерлік темір дауыспен комондор Абдул-Хамид мырзаға ескертеміз, сөйлепте экранда жазуда шығып тұр:
- Ғарыш кемесі күн жүйесіндегі жер планетасына 384400 шақырым қалды. Бағдарламаға байланысты осы қашықтықта тоқтауға тиістіміз, жер планетасы рұқсат бергенше…
-
Бұлар бәрін дұрыстаса да бюрократтықтан айырыла алмайды ғой, – деп, комондорым Абдул-Хамид мырс етті де, жұлдыздар картасына қарады. – Анар, әлгі, Айгүл қайда? Тағы қандай жаңалықтары бар екен?
-
Абдул-Хамид аға, алдағы голограмалық экранға көз салсаңыз. Сізбен біреулер сөйлеспекші.
-
Ой тәйірі!.. Олар айды мекендейтін «сәулелі» халқы ғой!
-
Ол қай халық?..
-
Олар адамзат молекулаларының атомдарынан құралған физикалық тұрғындар. Сендер, оған үрке қарамаңдар. Олай қара, бұлай қара, бірақ, олар да өзіміз сияқтылар ғой.
-
Комондор, яғни, қалай айтасыз, олар, жансыз ғой…
-
Бұл дүниеде бәріміз де жансыз-жанды дүниеміз ғой, басқаша қарауымыз керек!
-
Жер планетасына 384400 шақырым қашықтықтамыз, – деген Алпамыстың «темір текті» дауысы естіледі ғарыш кемесі ішінде.
-
Ой, тәйірі. Ол жер мен ай арасындағы қашықтық қой. Оны не үшін қайталайды анау, робот Алпамыс? 30
- Комондор ағай, робот мырзаның қызметі сол ғой. Қай планетаға, қай жұлдыздар әлеміне қанша шақырым қалды немесе келесі планетаға қашан жетеміз, осының бәрін біліп отыру оның міндеті ғой, – деп, Анар Алпамысты қорғаштай сөйледі.
-
Ал, анау Қобыланды робот не бітіріп жүр?
-
Ол бүкіл бөлмелерді, блогтарды тексеріп жүр, басқа планеталардың микроэлементтері жерге бармасын деген сақтықпен корабльдің бүкіл бітімін тексеру үстінде, – деді Анар.
Сөйтті де:
- Робот Қобыланды өлең шығарыпты, соны қайталап айта береді, айта береді, аға! – деді.
-
Ал, ол қандай өлең екен?..
-
Өзінен сұраймыз ба, әлде, мен айтып берейін бе?..
-
Өзі жұмыс істей берсін, сен айта сал. Қырымның қырық батыры эпосы сияқты ұзақ емес шығар.
-
Мен оқып беремін, жазып алған едім.
Анар электронды кітапшасын алды да, оқи жөнелді:
- Марста махаббат – басқадай,
Муж ПИ-дің алдында толған қыз.
Жігітке гүл сыйлап, жанынан тастамай,
Бір-бірден қолтықтап алған қыз!..
- Қалай, аға, ұнай ма, өлең?
-
Тұра тұр, тұра тұр. Бұл бір ақынның өлеңі болуға тиісті. Есіме түспей тұр,әлгі Құдиарбектін өлеңі емеспе екен – деп, комондор ойланып қалды.
Тағы да голограммалық экранда «сәуле» халқы пайда болды. Сырылып, дыбыссыз ашылған есіктен ішке кіре бере Айгүл сөзге араластып:
- Бұлар, баяғының депутаттары сияқты жақсылықты үйіп-төгіп жатыр, жерге қондырмау үшін, – деді.
-
Е, бұлардың ортасы сиреп қалған ғой, неге ашық мәтінмен кетті десем, – деді, комондор.
-
Ол не, сиреп қалғаны қалай?
-
Оған әлгі, Қосылған ағаларың кінәлі. Ол 70 жасында медициналық акедемияны бітіріп, жаңалық ашты, адам жасын бес ғасырға жылжытты.
-
Олай болса, жер адамдары жасарып кеткен ғой. Қосекең бес рет үйленген шығар, – деп, Айгүл күлімсіреп Анарға қарады. Бұлардың әзілдерін комондор бөліп жіберді.
-
Әй, қыздар, жеңгелеріңнен таяқ жеп қалып жүрмеңдер. Ол да Қосылған сияқты. Жап-жас емес пе. Біз жерге қонғаннан кейін бізді бір-екі ай немесе жарты жылдай барокамераға жатқызып, жасымызды жермен сәйкестендіреді. Біздің жасымыз космостық өлшемен өлшенеді. Сендерге қазіргі сәтте, түсінікті болар.
-
Айгүл, жаңа ғана депутаттар жайлы не айтпақ едің? Әлгі, «сауле» халқы голограммалық экранда пайда болған кезде, – деп, комондор Айгүлге қарады.
-
Иә, депутаттар 100 мектепті саламыз, арзан үй салып береміз, ұшақ немесе тікұшақтар шығарамыз деп жүргенде өздері жайқалып, пісіп тұрған астықтың қар астында қалып, ысырап боп жатқанын көрмеді ғой. Ал аталармыз болса даладан масақ жинап, бір уыс бидай үшін кезінде жазықты болып, сотталып та кетті емес пе.
-
Иә, ондай депутаттарымыз болды ғой, президентімізді де алдаған, халықты да алдаған, мектептерді де жапқан. Шағын ауылдарды да жоқ қылды ғой. Алпамыс қайда жүр, метеориттер туралы жаңа ақпарат бар деп еді.
Алпамыс дыбыссыз жылжып келе қалды да, әскери адам құсап комондорға өзінің есеп картасын, экран арқылы метеориттер жайлы суретемені көрсете жөнелді.
- Міне, желтоқсан айы, осы айдың 7 мен 20-сына дейін Теменид деп аталатын метеориттер көші басталады. Леонид метеориттер көші 10 мен 20 қараша аралығында аяқталатын еді. Өткен айдың аяғы мен осы айдың басында жерге қонуымыз керек еді, программалық есеп бойынша.
-
Енді Квандрантид метеориттер көші қаңтардың ортасына дейін созылады, күтеміз… күтеміз.
31
Екі-үш рет қайталап сөзін аяқтады Алпамыс-робот.
Аудитория іші тып-тыныш. масаның ызыңы естілердей. Лектор Абдул-Хамид ағамыз аудиторияны бір шолып өтті де көзі Дәуірге түсті. Иә, ақын бала түні бойы өлең жазған ғой деп ойлады да, «Айжан, ана бәлекетті оятшы!» деді. Айжанның қолы тиер тиместен Дәуір атып тұрып, өлең оқи жөнелді:
Ай астында бір көл бар,
Ат шаптырса жеткісіз.
Ортасында алуа-шекер бар,
Татқан қулар жеткісіз.
Қараша үйде қара бар ,
Хан ұлы басып өткісіз,
Алланың бір күні бар,
Бір жарым айда жеткісіз.
Мұңдас ерлер болмаса,
Менің айтқан сөздерім,
Құлқына жаман жеткісіз.
- Әй қу, Махамбет шығармаларын әлі өткен жоқпыз, отыр!..
Аудитория іші қыран-топан күлкі. Дәуір сендерге не, күлкілі ме дегендей, өзі бір нәрсені бүдіргенін сезе қойды да орнына отыра кетті. Қош делік, мына баланың ойын жалғастырайық. Мысалы, шығармаға тақырып қып қойған «Ай астындағы бір көлі» несі? Асанқайғы – Жерұйықты, Томас Мор – Утопия аралын жер бетінен іздесе, Махамбет фантазиясы өз планетасынан да алысқа , аулаққа, Айға ұшып шыққаны ма? Солай болуы рас шығар. Себебі: «ат шаптырса жеткісіз» дейді ғой. Асанқайғының Желмаясы жетпейтін жер бетінде географиялық нүкте жоқ, барлығына да бара алады. Ал, Ай астындағы көлге ат тәріздес көлік жете алмайды. Мүмкін, космос кемелері қажет болар….осымен тоқтайық , бұл әнгімені кезі келген кезде жалғастырамыз.
Алдағы СРСП сабағына ақын Әсеттің «Ағаш ат» поэмасын оқып, өз беттеріңше талдап келесіздер, оқымысты мырзалар. Босыңдар, үзіліс! – деді де, ұстаз есікке бет алды.