МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының

                                                                                                аға оқытушысы;               

                                                                                               Ерхан Кәрбозов,

             Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының доценті

 

 

   МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

 

ҚазҰУ басшылығы шетелдің көптеген университеттерімен жасалған қос дипломды білім беру шарттары бойынша магистранттарды әлемнің алдыңғы қатарлы университеттеріне жіберіп, сапалы білім алуына тиісті мүмкіндіктер жасап келеді.Университеттер арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында  Қазақ әдебиеті және әдебиеттану кафедрасы  да семестраралық демалыста біршама онлайн кездесулер мен семинарлар  өткізді. Сондай шаралардың бірі — Түркия университетінің профессорлары өткізген ғылыми-танымдық, әдістемелік семинар. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы  кафедрасы ұйыдастырған онлайн жүздесудің құрметті қонақтары қатарында  QS рейтингі бойынша әлемдегі жетекші университеттер тізіміне енген Стамбул университетінің магистранттары мен докторанттары және Ахмад Арсылан мен Жылдыз Осман сынды профессорлар да болды. Семинар қонақтары «Түркия еліндегі мультимәдениеттілік» тақырыбында дәріс оқыды және «Халықаралық тарихнамадағы жаңа беталыстар: оқиғалар, тұжырымдамалар, жарияланымдар» атты ғылыми-әдістемелік бағытта халықаралық дөңгелек стөл өткізіп, түркия мектебінің  айрықша зерттеу әдістерімен таныстырды. Түйіп айтқанда, Еуропаның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен тікелей байланыс орнатып, танымал ғалымдармен тәжірибе алмасу шаралары ізденушілеріміздің білім деңгейін көтеруге септігін тигізіп келеді.

 

Пазылбек Бисенбаев,

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының

                                                                                                аға оқытушысы;               

Ерхан Кәрбозов,

             Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті