Қарадан шығып, хан болған.

Қарадан шығып, хан болған.

 

Нұрата тауларын жайлап, көшіп -қонып жүрген 40 мың үйлі алшынға хан болды деп келетін аңыз -әңгімеледегі Сейітқұл-  Жалаңтөстің әкесі. Ұрпақтарының аузында қалған аңыздарға қарағанда, Сейітқұл сегіз жүйелі қарадан шығып, хан болған әрі батыр , әрі от ауыз, орақ тілді шешен адам екен. Бірде жастау кезінде көрші ауылдағы тойда Жахау хан Сейітқұлдың әкесінің қарақасқа тұлпарын зорлықпен тартып алып, өз атынан бәйгеге қосса керек. Тұлпар бәйгеден бірінші келгенде, бала Сейітқұл дау шығарып, ханның астындағы аттың басын қамшымен тартып жіберіпті. Сонда хан баланың батылдығына қайран қалып: ,,Апыр- ай, қарадан шықса да хан тағына аяқ салып тұрған бала ғой мынау,,- деп атты да, бәйгені де иесіне қайтарған деген сөз бар.


Жалаңтөс 1576 жылы қазіргі Науаи облысының Нұрата жерінде дүниеге келген. Ол Кіші жүздің биі — Әйтекенің аталас туысы, Сейітқұл қажының бір баласы.
15 — ші ғасырдың екінші жартысында Сейітқұл би өзіне қарасты Кіші жүз әлім руларымен Бұхара хандығына қарасты Нұрата тауын мекендейді. Жалаңтөс осы кезде Қызылқұм аймағындағы қазақтардың ханы Дінмұхамедке 12 жасынан қызмет етіп, кейіннен алғырлығы мен батырлығы жағынан көзге түседі.
Ержүрек Жалаңтөс батыр түрлі жорықтарға, жаугершіліктерге қатысып, тәжірибелі сарбаз, әскербасы болып жетіледі.
Жалаңтөс Баһадүр 1643жылы Жетісуға басып кірген жоңғар қолына қарсы шайқасып жатқан Жәңгір ханның әскеріне самарқаннан 20 мың әскерімее көмекке жетіп, баақыншыларды қазақ жерінен шегінуге мәжбүр етті. Бұхар ханы Абдулазиз бен Иран шаһы арасында Хорасан мен Балх үшін болған соғыста Бұхар әскеріне қолбасшылық етіп, жауды жеңіп шығады. Бұл соғыста Бұхар мен Қазақ хандығы ортақ жауға қарсы одақ құрған еді. Жалаңтөс Баһадүрдің қазына байлығы мол болған. Әскер ұстау үшін қаражат көп бөлген. Сонымен қатар Самарқандта зор құрылыс жұмыстарын жүргізген. Салтанатты сарайлап, медреселер, мешіттер салдырады.
Оны аштархандықтар Имамқұли хан Самарқан қаласына әкім етіп тағайындайды. Одан кейін Имамқұли ханның інісі Надырмұхаммед хан дәуірінде Жалаңтөс Баһадүрдің мәртебесі тағы да көтеріліп, сол кездегі ,,аталық ,, деген ең үлкен атаққа ие болады.
Қазақтың алпыс батыры кітабынан.

 

 

 

Отправлено с устройства Galaxy

 

Ответить

Переслать

Предложить звонок