Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңХалықаралық қатынастар факультетіне 25 жыл

 

 

 

 

Ф.ғ.к. дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Мухаметкалиева Г.О.

Ф.ғ.к. дипломатиялық аударма кафедрасы меңгерушісінің ғылыми- инновациялық технологиялар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Бақытов А.Т.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Халықаралық қатынастар факультетіне 25 жыл

 

Қазақстан аумағындағы өзіндік салт-дәстүрімен бай, білім және ғылым саласында тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны болып табылатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 16 факультетінің бірі – халықаралық қатынастар факультетінің құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Аталмыш факультет 1995 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің ұсынысы негізінде, университеттің ғылыми кеңесінің 28 сәуірдегі № 88 бұйрығымен құрылған. https://kaznu.kz/kz/2270/page/ сайтында жарияланған тарихи деректерге сүйенсек, «профессор Жарас Омарұлы Ибрашевтың  сол кездегі ҚазМУ ректоры К.Н.Нәрібаев пен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Т.Сүлейменовке жазған ұсынысы бойынша, өзі басқарып отырған жалпы тарих кафедрасында бірқатар қайта құрулар жасалды. Біріншіден, жаңа және қазіргі заман тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы құрылды. Бұл тарих факультетінің құрамында халықаралық қатынастар бөлімін ашу туралы мәселені көтеруге мүмкіндік тудырды. Бұл бөлім 1992-1995 жж. аралығында жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында бұл мамандық бойынша мамандарды даярлауда тәжірибе жинақталып, қолайлы жағдайлар жасалды. Республиканың халықаралық қатынастар мамандарына деген сұранысы күшейді. Халықаралық қатынастар факультетін ашу – күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі болды.

1995 жылдың жазында Ж. Ибрашев Халықаралық қатынастар және дипломатия бойынша кадрлар даярлайтын Халықаралық қатынастар факультетінің беделді факультетінің тәжірибесімен танысу үшін ММХҚИ-ға Мәскеуге іс-сапарға жіберілді. Мәскеуден оралғаннан кейін ол әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетінің деканы Жамбатыровамен бірге «Халықаралық қатынастар» факультетінің ашылуына дайындалды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің алқасы және ҚазМУ Ғылыми кеңесі мақұлдаған оқу жоспары жасалды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы құрылды және мамандықтар ҚР Білім Министрлігінде бекітілді; жаңа пәндерді игерумен тікелей айналысатын жас мамандар таңдалды. Халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасы құрылды және осы мамандыққа талапкерлерді қабылдау ашылды. Осылайша жеке факультет ретінде халықаралық қатынастар факультеті өз тарихын 1995 жылдан бастады.

Факультеттің алғашқы деканы болып шет елдер тарихының жетекші оқытушысы, 1995 жылы ҚазМУ Ғылыми Кеңесінің шешімімен Әл-Фараби атындағы ҚазМУ профессоры атағына ие болған Гүлжаухар Шағатайқызы Жамбатырова тағайындалды.

2001-2005 жылдары халықаралық қатынастар факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жатқанбаев Ержан Байқожаұлы басшылық етсе, 2005-2009 жылдары, факультет деканы тарих ғылымдарының докторы, профессор Байзақова Құралай Ертісқызы болды. Қ.Е. Байзақованың бастамасы бойынша факультет Франция, Германия, Үндістан, Ресей және т.б. елдердің шетелдік университеттері мен орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты дамытты. Оның жемісті жұмысының арқасында кафедра ЕО, НАТО, ЕҚЫҰ конференцияларын өткізуде, ЕО-дан ғылыми зерттеулер жүргізуде, жаңа мектеп ашылу үшін АҚШ елшілігінен гранттар алды.  2006 жылы Қ.И. Байзақованың бастамасымен халықаралық қатынастар факультетінде Орталық Азиядағы НАТО ресурстық-ақпараттық орталығы бірінші болып ашылды.

2009-2017 жылдары факультет деканы заң ғылымдарының докторы, профессор, Еуропалық құқық академиясының мүшесі (Будапешт) Шәкіров Кәрімжан Нұрымұлы болды. К.Н. Шәкіров инновациялық технологияларды оқыту үдерісіне кеңінен тарту, халықаралық байланыстарды кеңейту, халықаралық мамандықты жетілдіру мақсатында факультетте қалыптасқан дәстүрлерді жалғастырды. Соның ішінде АҚШ, Германия, Франция, Испания, Италия, Ресей, Жапония, Қытай, Үндістан, Корея Республикасы, басқа да еуропалық елдер мен Азия елшіліктері, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, ЕО, НАТО, Қызыл Крест), шетелдік өкілдіктер мен компаниялар, ғылыми-зерттеу орталықтары, DAAD, Гёте институттары, Фридрих Эберт қоры, Конрад Аденауэр қоры және т.б. қорлармен тығыз ынтымақтастық өз жалғасын тапты.

К.Н. Шәкіров қолдауымен ғылыми және халықаралық қызметті нығайту мақсатында факультетте Ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселелері бойынша институт, Неміс зерттеулер орталығы, қоғамдық келісім бойынша БҰҰ департаментінің қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымының көмек орталығы, ҚазҰУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығы, ҚазҰУ халықаралық логистика және геосаясат орталығы, халықаралық гуманитарлық құқық орталығы, ҚазҰУ Еуропалық құқық орталығы, ҚазҰУ ДСҰ орталығы, ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің мәдениетаралық байланыс орталығы, «ҚазҰУ G-Global» орталығы сияқты жаңа орталықтар құрылды,  әл-Фараби Карнеги үш жылдық жоба жүзеге асырылған.

2017 ж. қыркүйек айынан бастап факультет деканы болып з.ғ.д., Синьцзянь педагогикалық университетінің құрметті профессоры (ҚХР, 2011 ж. бастап) және Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының құрметті профессоры (Мәскеу, Ресей, 2012 ж. бастап), профессор Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы тағайындалды.

Бүгінгі таңда халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Әлемдік экономика» және «Аймақтану» мамандықтары бойынша білікті мамандарды даярлайды.

Факультет құрамында үш кафедра, атап айтқанда халықаралық құқық кафедрасы, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы, сонымен қатар дипломатиялық аударма кафедрасы бар.

Әрине, халықаралық деңгейдегі ынтымaқтaстық қaрым-қaтынaстың жоғaры деңгейде дaмып, жемісті болуы көп жaғдaйдa әр ұлт өкілдерінің бір-бірімен тіл тaбысa білулеріне бaйлaнысты. Ғaлaмдық мәдениетaрaлық кеңістікке ену бaрысындa, көптеген тілші ғaлымдaр aтaп көрсеткендей, мәдениетaрaлық қaрым-қaтынaс, тілдердің, ұлттaрдың және қоғaмдaрдың өзaрa бaйлaнысы мен өзaрa әсері қaрқынды зерттелуде, өйткені, әр түрлі ұлт өкілдерінің қaрым-қaтынaс жaсaу бaрысындa сөйлесушілердің әлеуметтік рухaни және ұлттық спецификaлық болмысы турaлы білім мен сол тілде сөйлеушілердің тілде көрініс тaбaтын қaйтaлaнбaс мәдени ерекшеліктерін білу – тілді мәдениетaрaлық қaрым-қaтынaс құрaлы ретінде толық қолдaнуды қaмтaмaсыз етеді және мәдени субъектілердің өзaрa түсінісуінің aлғышaрты болып тaбылaды.

Тәжірибе көрсеткендей, мәдениетaрaлық қaрым-қaтынaстa тaбысқa жету үшін ұлттaрдың тілі мен мәдениетін білумен қaтaр, осы білімді қaрым-қaтынaс үдерісінде дұрыс қолдaнa білу қaжет. Біздің плaнетaмыздa әр түрлі ұлт өкілдері тұрaды, сонымен қaтaр әр aлуaн мәдениет, сaлт-дәстүр, әдет-ғұрып бaр, бaсқaшa aйтқaндa жер бетінде қaншa ұлт болсa, соншa мәдениет бaр. Сол мәдениет, әдет-ғұрыпты білмеу, әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерін білмеу хaлықтaр aрaсындaғы қaрым-қaтынaс бaрысындa түсінбеушілік тудыруы мүмкін. Сондықтан да халықаралық  құқық, халықаралық қатынастар салаларында болашақ мамандарды даярлау барысында шетел тілдерін үйренудің маңызы зор. Факультетте шетел тілдерін оқыту міндетін  2011 жылы бұрынырақ болған екі кафедраны – 1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен құрылған шет тілдер кафедрасы мен қазіргі шығыс тілдері кафедрасын біріктіру негізінде құрылған дипломатиялық аударма кафедрасы атқарып кереді. Кафедра мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, негізгі және екінші шет тілі ретінде ағылшын, араб, испан, итальян, қытай, неміс, түрік және француз тілдерін кәсіби деңгейде меңгеруді қамтамасыз етеді.

Факультет қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлау мақсатында жаңартылған білім бағдарламаларымен, таяу және алыс шетелдік жоғары оқу орындарымен екіжақты келісімшарт шеңберінде білім және ғылым саласында табысты еңбек етіп келеді. Факультеттің кафедраларында жетекші алыс және таяу шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары да дәріс береді.

Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор С. Ж. Айдарбаев университет сайтында жарияланған сөзінде атап көрсеткендей: «1995 жылы факультетте 252 студент оқыса, қазір 1000 астам студент білім алуда. Халықаралық қатынастар факультеті заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, халықаралық қатынастар және сыртқы істер саясаты, халықаралық құқық және әлемдік экономика саласының кадрларын дайындайтын жетекші ұстахана деп айтуға толық хақымыз бар». Бүгінгі таңда факультет түлектері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінде, тағы да басқа мемлекеттік органдарда табысты қызмет етіп, еліміздің дамуына ерінбей еңбек етіп, өз үлестерін қосуда.

Халықаралық қатынастар факультетінің ұжымы 25 жылдық мерейтойды атап өтуге іс-шаралар ұйымдастыруға қызу дайындық үстінде. 25 жылдық мерейтой шеңберінде «Үздік докторант», «Үздік магистрант», «Үздік студент», «Үздік оқытушы», «Үздік оқулық» және тағы да басқа сайыстар өткізу, факультет түлектерімен мерейтойлық онлайн кездесу, сонымен қатар үстіміздегі жылдың 06 қарашасында шетелдік серіктестердің қатысуымен онлайн форматта халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізу жоспарланып отыр.

 

Факультет туралы мәліметтер https://kaznu.kz/kz/326/page/ сайтынан алынды.

 

Ф.ғ.к. дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Мухаметкалиева Г.О.

Ф.ғ.к. дипломатиялық аударма кафедрасы меңгерушісінің ғылыми- инновациялық технологиялар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Бақытов А.Т.

м