ӘУЕЛБЕКОВ — АҢЫЗ АДАМ!

Kenzhebek Shaisultan

18 июня  ·

ӘУЕЛБЕКОВ — АҢЫЗ АДАМ!

ЕРКІН НҰРЖАНҰЛЫ — КЕЗІНДЕ КӨКШЕТАУ, ТОРҒАЙ және ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТАРЫН БАСҚАРҒАН, БҮКІЛ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ БЕЛГІЛІ БОЛҒАН АБЫЗ АТАМЫЗ 90-ға КЕЛЕР ЕДІ…

ОЛ АДАЛ және ТАЗА ІСКЕРЛІГІМЕН — АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҒАЖАП АДАМ БОЛҒАН.

ЕРКІН АҒАМЫЗДЫҢ ЖАРЫҚ БЕЙНЕСІ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ МӘҢГІ САҚТАЛЫП, КЕЙІНГІ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ-ӨНЕГЕ БОЛАРЛЫҚТАЙ!

[КӨКШЕ — өңіріндегі ұрпақтары, СЫР — елінің зиялы азаматтарына, ЕРКІН — ағамыздың еңбегін бағалағандарына зор ризашылығын білдіреді! ]

Еркін Нұржанұлы Еркін Нұржанұлы Әуелбеков (22.06.1930, қазіргі Ғабит Мүсірепов ауданыЖаңасу ауылы — 29.01.1999Алматы) — мемлекеттік және қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1973).

Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953). Солтүстік Қазақстан облысының Коноваловский МТС-нда бас агроном, директор; Марьевский кеңшарында директор болып қызмет атқарды. 1961 — 65 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық партия комитетінің 2-хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы; 1965 жылы ауыл шаруашылығы министрінің 1-орынбасары; 1968 жылы Қазақстан Астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі; 1968 — 85 жылдары Көкшетау, кейіннен Торғай облысы партия к-ттерінің 1-хатшысы; 1985 — 88 ж. Қызылорда облыстық партия комитетінің 1-хатшысы; 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің ұлттық саясат және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары; 1991 — 92 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Әуелбеков Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жұмыстарының жүруіне үлкен үлесін қосты. Үш мәрте Ленин, Октябрь революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері, медальдармен марапатталған. Ғ. Мүсірепов атындағы аудан орталығында ескерткіш орнатылған.[1]