Национальная честь и Голощекин, Терещенко, Машкевич …

 

 

 

ОБЩЕСТВО

Национальная честь и Голощекин, Терещенко, Машкевич …

23.05.2020

Терещенкоға салсаң XIX ғасырда қазақты үндіс құсатып, резервацияға қуып тастамақ

Почему этот Терещенко сиял? Вчера на онлайн-конференции он раскритиковал правительство за выделение 2 миллиардов долларов на захоронение гниющей капусты в Туркестанском регионе, заявив, что у него нет фантазии. Сегодня он извинился за путаницу доллара и тенге. Где доллар, где тенге? Разве это не между Казахстаном и Израилем, даже если расстояние между ними не такое большое, как небо? Голощекин может не знать, где находится доллар, когда он достигает дна трех миллионов казахов, но он и его младший брат Машкевич знают доллар и тенге, как если бы они были казахами и евреями.

Вообще, в эту эпоху коррупции, которая длилась тридцать лет, есть много вещей, которые казахстанцы облагают налогом у друзей и врагов. Однако самый церковный признак отсутствия у нас национальной совести, нечестности и грусти — тот факт, что племянник Голощекина Машкевич в течение тридцати лет грабил богатство казахов, держал ключи от стратегических объектов и все еще улыбался. Это напоминает мне старую казахскую поговорку: «Фонд парня — друг, даже если он убивает своего отца». В этом смысле вы можете видеть, что казахи — самая богатая нация на земле, которая играла с племянником жандарма, который убил три миллиона казахов, кормил их национальным богатством. Какие еще доказательства нужны!

Скажите, простят ли нас призраки 3 миллионов казахов, погибших во время голода 32-х, и что мы скажем будущим поколениям? Неужели наши соседи, не говоря уже о народах таких прибалтийских стран, как Капские горы: узбеки на холмах, киргизы на хребтах, туркмены на склонах, смотрят на племянника парализованного человека, который их разграбил?

Когда я думаю об этих ужасах, я поражен. Сожалею, что честь старого казаха ушла. Насколько нечестным, грубым и неблагодарным вы должны быть, чтобы отдать богатство людей племяннику убийцы, который голодал половину вашего народа, не прося, ничего не стоящего, свободного. Когда мы будем искать этот вопрос? Когда мы спросим стоимость трех миллионов голодающих казахов? Или мы умрем без выздоровления от болезни колониализма?

Жә, Терещенкоға келейік. Терещенко Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тұңғыш Премьер министрі болған адам. Премьер Министр боп тұрған шағында ағасы Голощекиннің ісін қайталағасы келіп жаныққанын ұмытқан жоқпыз. Оның 1990-шы жылдары «Колхоз, совхоздар тарасын,, бізге ауылдардың керегі жоқ, етті Еуропадан сатып аламыз» деген Голощекиндік ұрандар көтергені әлі күнге дейін құлағымыздан кеткен жоқ.

Осылайша, ол ауылдардың шаңырағын ортасына түсіруді Қарағанды облысынан, Әлихан Бөкейханов пен Әлімхан Ермековтердей Алашорда ардақтыларының алтын бесігі болған Қарқаралы ауданынан бастады. Куәміз: ол уақта телевидение маңайында, ақпараттың қазанына жақын жүрген кезіміз, бәрін көзімізбен көрдік. Терещенко өзінің қазақтың ауылын қаусатуға бағыттаған зиянкес жорығының алғашқысында-ақ Қарқаралының милионер совхозы «Востоққа» келді. Бұл тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтың ауылы. Қазір Тоқтар ағамыздың атында.

«Востокты» Терещенко қалың нөкерімен ес жидырмай, қапыда басты. Ол кезде «Восток» совзозы асыл тұқымды мал мен «жұмсақ валюта» — бағалы аң терілерін өсіретін Қазақстандағы іргелі шаруашылықтардың бірі еді. Директоры Хәкім Зәкішов деген талай ауылды гүл жайнатқан өз заманының азулы директоры болатын. Сол кезде «Востоктың» жолдары жалтыраған асфальт, көшесі жарқыраған «свет» еді. Тіпті Зәкішов ағамыздың Қарқаралының шипалы ауасы, қарағай орманы бензин түтінімен ластанбасын деп көшелерге трамвай жүрізуді жоспарлағаны да бар еді.

Осындай жағдайда Алматыдан Терещенконың Қарқаралыға арнайы келіп, ат басын «Востокқа».тірегені әлі күнге дейін есте. Шаруасына мығым Зәкішов Терещенконы төредей күтіп қарсы алады. Зыр қағып жүріп тегіс автоматтандырылған алдыңғы қатарлы шаруашылықты армансыз аралатып көрсетеді. Бірақ премьердің қабағы ашылмайды. Жауар бұлттай түнере береді. Ақыры, сауырларына бір түйір боқ жұқпаған жұнтай семіз етті сиырлардың жанына келгенде Терещенконың талағы тарс айырылады. «Убрать н…» ол кәрленіп. — несіне ұстап отырсың осыншама малды, құрт көзін ертеңнен бастап, біз етті де, сүтті де шетелден сатып аламыз, асыл малдың етін жейміз, сүтін ішеміз, мына сиырларың олардың ты..н боғына жарамайды, сондықтан тез арада савхозыңды тарат, малдарыңды сат», — деп зіркілдейді. Директор Зәкішов түкке де түсінбей жүрек тұсын уқалай беріпті. (Кейін инфарктен қайтыс болды)

Осылай әп сәтте бір миллионер ауылдың шаңырағын ортасына түсірген Терещенко Алматыға кете барды. Ертеңіне оның айтқан тарихи сөздері жұмсартылып облыстық теледидардан берілді, баспасөзде жарияланды.

Сол жолы 1932 жылғы қазақ пен 1992 жылғы қазақтың айырмасының жоқтығына көзім жетіп еді. 1932 жылы да Голошекин «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұран көтергенде қазақтың есі қалай шығып кеткен болса, бұл жолы да Терещенконың теледидар мен баспасөзден тепсіне сөйлегенінен қорыққан қалың қазақ өрттен үркіген отарлы қойдай есі шығып, бет бетімен дүркірей жөнелісті. Терещенконые сөзі ауыздан ауызға көшіп, сан-саққа құбылып жатты. Ел ішіне совхоздар тарайды екен, ауылдар жабылады екен, елдің бәрі қалада тұратын болыпты, Американың етін жеп, Бразилияның сүтін ішеді екенбіз деген қауесеттер ду-ду, гу-гу тарады. Сасқанынан ертерек қалаға жетіп алмақ болып есі шыққан қазақ қолдағы малын қынадай қырумен болды. Су тегінге, әсіресе арақ пен сабынға айырбастап соңғы тұяғына дейін сойысқа жіберіп, екі жылдың ішінде Арқаның қазағы бар малдан ада болып шыға келді. Сөйтіп, ел әп-сәтте малынан айырылды. Кешегі қотанынан 40 мың қой өргізген қойлы ауылдардың қой шарбағында қотыр ешкі де қалмады. Қотарыла көтерілген қалың ел қалаға қарай босқан қаратабан шұбырынды осылай басталып еді, қалай аяқталғанын білесіздер.

Егер білсеңіздер, Голощекиннің қазақты қыру геноциді негізінен Арқаға бағытталды Қазір мәлім болғандай, ашаршылықта ең көп қырылған Арқа қазағы. Мәселен Қарқаралы ауданында 50 мың халықтан ашаршылықтан соң 15 мың халық қалған. Ал әрқайсында 26- 25 мың тұрғыны бар Жаңаарқа мен Шет ауданында 1933 жылы 5-ақ мың халық қалғаны белгілі.

Терещенко да қазақ ауылын ойрандауды Арқа даласынан — Қарағанды облысынан бастады. Голощекин мен Терещенконың ісінің сабақтастығы, екеуінің бұл тұрғыда сыбайлас екені осы мысалдан көрініп тұрған жоқ па? Көрініп тұрса да, көрмейтініміз несі екен?

Енді кеше осы Терещенко 2 миллиард долларға капуста көмдіңдер деп Үкіметке жала жапты. Оның алдында апта бұрын екі миллион қазақты Бетпақ далаға көшіремін деп тепсінді. Көшірмекші боп отырғаны тағы да сол Арқа қазағы. Бетпақ деген құлан жортпас, құс ұшпас қу медиен шөл. Оның жанында үндістер тұратын Невада шөлі айналайын. Терещенкоға салсаң XIX ғасырда қазақты үндіс құсатып, резервацияға қуып тастамақ Сөйтіп арын баға алмай отырған қазаққа ара бақтырмақ. Өзі бал мен бағлан жеп, Алатаудың хан жайлауында жатпақ.

Вот, фантазёр…

Ерлан Төлеутай

Telegram- арнамызға жазылыңыз!

Басқалармен бөлісе отырыңыз